Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Микротрахеостомия және ларинготомия



бет23/26
Дата15.12.2023
өлшемі68,04 Kb.
#138729
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Мойынны клиникалы анатомиясы Жалпы деректер

Микротрахеостомия және ларинготомия
Қалқанша –сақиналық жарғақ (конустық байлам) арқылы көмей мен кеңірдек қуыстарына пункция жасау көптеген жылдар көлемінде қақырық алу үшін, бронхоскопия немесе интубация алдында жергілікті анестетиктер енгізу мақсатында қолданылып келген. Ең алғаш Jacoby (1952ж) және көптеген басқалар тері арқылы транстрахеалды интубация кезінде оксигенациялау үшін, сондай-ақ бетінде, ауыз қуысында, жұтқыншақта жарақаттары бар, көмейде патологиясы бар науқастарға микроларингеалды операциялар кезінде кездесетін ұзаққа созылған ларингоспазм жағдайында өкпені ауамен желдету үшін қолдануды ұсынған. Пункциялық микротрахеостомия атравматикалық және тез әрі оңай орындалатын әрекет болып табылады, сондай-ақ интубация орнына әрі ауруханалардан тыс жағдайларда жасауға болады.
Әдістемесі. Арқасына жатқызылған және басы шалқайтылған науқастың мойнын саусақпен сипап, қалқанша және сақина тәрізді шеміршектердің орналасуын анықтайды. Канюлямен жабдықталған жуан ине көмегімен (№14 немесе 16) конус тәрізді байламды тесіп, кеңірдекке пункция жасайды, бұл сәтте иненің ұшы төмен қарай кеңірдектің бифуркациясына бағытталуын мұқият қадағалау қажет. Иненің кеңірдек ішінде дұрыс орналасқандығын шприцпен (ішінде физиологиялық ерітінді болса тіпті жақсы) ауа тарту арқылы тексеруге болады. Кеңірдек тіндерін инемен жарақаттап алмау мақсатында, инені кеңірдекке кіргізген бетте бір орнында (деңгейде) ұстап, әрі қарай тек канюляны жылжытады. Осыдан соң инені алып тастап, канюляны тігіс жасау немесе жалпақ жіп көмегімен бекітіп, жоғарғы қысыммен оттегі беретін қондырғыға жалғайды. Бұл өкпеге ауа беруді қамтамасыз етеді. Сонымен, жас дәрігер – анестезиолог үшін кеңірдекке интубация жасамас бұрын жергілікті анестезия әдістерінің ең ұтымды және қауіпсіз түрі конус тәрізді байлам анестетик ендіру болып табылады, одан соң микротрахеостомия жасап, сол арқылы кеңірдекке антибиотиктер және басқа дәрі-дәрмек түрлерін құюға болады.


Трахеостомия жасаудағы қателіктер, қиындықтар, асқынулар және олардың профилактикасы
Операция кезіндегі жиі кездесетін қателіктердің бірі теріге және оның астындағы тіндерге тілік жасап жатқан сәттерде пациенттің басының тіпті титтәй де болса бүйірге қарай ауытқуы болып табылады. Сондықтан, көмекші адам науқастың басын тура ұстап тұруы, ал дәрігер қалқанша шеміршектің табақшаларын саусақтарымен бекітіп ұстап, шеміршектің ойығын сезе отыра, тілікті қатаң түрде ортаңғы сызықтың бойымен жасауы қажет. Егер науқастың басы бүйірге ауып кетсе, хирург мойын фасцияларының бітісіп кететін жері – ақ сызықты көрмей қалып, қателік жіберіп, мойынның ұзын бұлшықеттерінің арасымен бірінші, екінші және үшінші фасцияларды тіліп жіберуі мүмкін. Ақ сызықты іздеймін деп, бұлшықеттердің жыртылуынан, қатты қан кету болуы мүмкін. Осындай кезде, тіпті жалпы ұйқы артериясының жарақаттанған жағдайлары кездескен. Тіндердің қабаттары құрылысының бұзылуы, бұлшықеттерде гематомалардың пайда болуы, операция уақытының созылып кетуі асфиксияның күшеюіне, тіпті науқастың өліп кетуіне де әкелуі мүмкін. Қантамырлардың жарақаттануынан асқынулардың туындауы сирек емес. Ұсақ тамырлардың зақымдануы өздігінен қауіпті емес, mcn a.thyroidea ima ғана ірілеу болады, сондықтан да оның зақымдануы қауіпті. Тым асығыс операциялар және оған асфиксияның қосылуы, тым қатерлі ыңғайсыз жағдайларға алып келіп, операцияның жаман нәтижелермен аяқталуына әкеп соғуы мүмкін. Зақымданған қалқанша без мойнағынан, немесе басқа тамырлардан (arcus venosus jugali, plexus venosus thyroideus impar, a.thyroidea ima) аққан қан операцияның барысын тежейді, тіндер қанға толып, анатомиялық бағдарды шатастырады. Қан кету мүмкінінше тез тоқталуы керек, алайда дәрігер қалай болса солай, аптығыс қимылдар жасауға болмайды, керісінше тамыр жарасын тампонмен, немесе саусақтармен басып, қанды сорғытып құрғатып, тамырға қантоқтатқыш қысқышты салу қажет. Кеңірдекке тілік жасалған болса, ішіне қан ағып кіріп, асфиксияны күшейтіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда қатты жөтел ұстамасы болып, кеңірдек жарақытынан қан мен шырышты кілегей шашырайды. Тыныс алуды жақсарту және аспирациялық пневмонияның профилактикасы үшін, кеңірдектен қанды трахеотомияның жара арқылы енгізілген катетердің көмегімен немесе канюля арқылы сорып алады.
Кеңірдекті тілу кезінде скальпелді ортаңғы сызықтың бойымен тереңдігі 1 см-ден аспайтын етіп кіргізу қажет. Тым терең тілік жасаған жағдайда, кеңірдектің алдыңғы қабырғасымен қоса, оның артқы қабырғасын да тесіп алуға, тіпті оның артында жатқан өңешті де тіліп жіберуге болады. Өңештің білінбей қалған зақымдануы кейін өте ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Канюляны кеңірдектің сілемайасты (кілегейасты) кеңістігіне кіргізу қателігі шеміршектер кесіліп, ал кілегейлі қабық тілінбей бүтін қалған жағдайда кездеседі, сондықтан канюляның ұшы мен сұйықтықтың итеруіне байланысты кілегейлі қабық сыдырылып, кеңірдек қуысына қарай томпайып, оның тесігін бітеп, тыныс алуды нашарлатып, немесе тіпті оның тоқтауына себеп болады. Мұндай кезде канюляны тез шығарып алып, кілегейлі қабықты тартып шығарып, тілу қажет, содан соң кеңірдектің тілік жарасын кеңейткіштермен ашып, канюляны қайтадан енгізеді.
Мойындағы ірі веналық тамырлардың жарақаттануы нәтижесінде болатын ауа эмболиясы операция барысын асқындырып, қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан операция кезінде барлық веналардың алдын-ала байлануы қажет, оның өзінде бірінші кезекте веналардың орталық ұштарын байлау керек.
Кеңірдекке жасалатын тіліктің ұзындығы оның ішіне енгізілетін канюляның диаметріне дәлме-дәл сәйкес келуі керек. Егер сәйкес келмейтін тым үлкен тілік болса, сыртқа қарай дем шығару кезінде ауа канюляның жанымен мойынның тіндерінің саңылауларына өтіп, теріасты шелмай мен көкірекаралықтың эмфиземасына алып келуі мүмкін. Мұндай эмфиземаның пайда болуы операциядан кейінгі алғашқы 10-15 сағат өткенде кездеседі және ол бетке, арқаға және ішке жайылып кетуі ықтимал. Әдетте эмфизема 5-10 күнде кетеді. Трахеостомия операциясынан кейінгі ең ауыр асқынуларға көбінесе алғашқы бірінші тәулік ішінде пневмоторакстың дамуы жатады. Пневмоторакс негізгі аурудың ағымын айтарлықтай ауырлатып жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет