Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет22/26
Дата15.12.2023
өлшемі68,04 Kb.
#138729
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Мойынны клиникалы анатомиясы Жалпы деректер

Төменгі трахеостомия
Операция, ересектерден гөрі, балаларға жиірек жасалады. Хирург науқастың мойын тұсында сол жағынан орналасады. Саусақпен сипап сақина тәрізді шеміршекті анықтап, ортаңғы сызықтан ауытқымай, аталған шеміршектен төссүйектің мойындырық ойығына дейін тілік жасайды. Тіліктің ұзындығы балаларда 4-5см, ал ересектерде 7-8см болуы қажет. Қабаттарына сәйкес, теріні, теріасты шелмайды, одан әрі мойынның беткейлік және меншікті фасцияларын тіледі. Төссүйектен жоғарғы шелмайлық кеңістіктегі arcus venosus juguli ептеп бүйірге қарай ығыстырылады, немесе екі жерден байланып, ортасынан кесіледі. Науашалы зонд көмегімен үшінші фасцияны тіліп, оны мойынның ұзын бұлшықеттерімен бірге бүйірге ығыстырады. Одан тереңірек ішкі висцералды (4-ші) фасцияның париеталды жапырақшасын тіліп, өте сақ түрде тұқыл аспаптармен ең қауіпті аймақ spatium praetracheale ашылады, мұнда веналық өрім (plexus venosus thyroideus impar) орналасқан, және сирек жағдайда (10-20%) a.thyroidea ima кезігуі мүмкін. Бұл артерияны абайсызда жарақаттап алу өте қауіпті, себебі ол қолқа доғасының немесе иық-бас бағананың тармағы болып табылады. Тағы бір есте сақтайтын жағдай-операцияның жараның ең төменгі бұрышындағы операцияның әрекеттер өте қауіпті, әсіресе балаларда, себебі басты тым шалқайтқан кезде төссүйектің мойындырық ойығынан жоғарылау деңгейге сол жақ иық-бас венасы томпайып шығып тұруы мүмкін.
Бұдан әрі, төменгі трахеостомия операциясының техникасы жоғарғы трахеостомии операциясынан еш өзгерісі жоқ.


Ортаңғы трахеостомия
Бұл операция көмейге жасалатын кейбір операциялардың (экстирпация, ісікті алып тастау) алғашқы немесе бастапқы сатысы ретінде қолданылады. Мұнда қалқанша бездің мойнағын кесуге тура келеді, мойнақ көбінесе балаларда және зоб ауруымен ауыратын ересектерде жалпақ, жуан болып келеді. Мұндай мойнақты кескенде қан кету күшті болады. Сондықтан бұл қолайсыздықтың алдын алу үшін мойнақтың астымен (оңнан және солдан) өте берік екі қантоқтатушы қысқыштарды салады да, олардың арасымен без тінін кеседі. Бездің кесілген жерлерін жібек жіптермен тігеді. Кесер алдында – кеңірдектің мойнақтан төменірек деңгейде ашады да, без мойнағына төменнен келетін барлық қантамырларды байлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет