Мойынты жалпы білім беретін мектебінің қысқаша сипаттамасы.
Мектептің салынған жылы :1937 жылы, 1993 жылы (қосымша ғимарат ) . Мектептің жалпы ауданы шаршы 2844,8 м, сыйымдылығы 500 орындық. Мектеп құрлысы екі қабатты кірпіш және шлакаблоктан тұрғызылды. Мектепте 21 бөлме бар. Бастауыш сынып- 5 , пән кәбинеті - 11, медпункт -1, мұғалімдер бөлмесі- 1, спорт зал- 1, 2 кабинет модефикациялы үлгіде, 10 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған, мұражай-1.Химия кәбинетінде зертханалық жұмысқа арналған құралдар сақталып қосымша бөлмесі бар. Әр бөлме – 30 балаға арналған. 2022-2023 оқу жылында мектепте 392 оқушы білім алуда, оның ішінде 1-4 -сыныптарда – 160 оқушы, 5-9 -сыныптарда –164 оқушы, 10-11- сыныптарда – 38 оқушы. Оқушылар қазақ тілінде 2 ауысыммен оқиды. 19 сынып комплектісі, 2 мектепалды даярлық тобы бар. Мектепте педагогикалық қызметкерлер саны -48. П
П едагог-зерттеуші-3, педагог-сарапшы -10, педагог- модератор – 19.
Мектеп әкімшілігі:
Мектеп директоры- Байгаскинова Жарқын Зделеуовна.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Жақсибекова Роза Минзакировна.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Джүніс Маржанкул Қанибатқызы.
Директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Мажманова Балжан Дарқанқызы.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101723, Қарағанды облысы,Шет ауданы,Мойынты кенті,Таныбай батыр көшесі,5 ғим.
Мектептің байланыс телефон нөмері:87103361280
Мектептің электрондық почтасы: moyinty_mektep@mail.ru.
БИН:971240001286
Мектеп тарихы
Мойынты орта мектебінің ғимараты алғаш рет 1937 жылы салынып, іске қосылды.Ұзақ жылдар бойы темір жол мектебі болып келген бұл оқу орны 1997 жылы Ұлттық компанияда қайта құрылымдау жүргізілгенде Шет ауданының білім бөлімінің балансына өтті. Мектептің қәзіргі кездегі қос ғимаратты спортзалымен бірге 1993 жыл пайдалануға берілді.Бүгінгі таңға дейін мектеп қабырғасынан орта білім алып 64 мәрте түлектер шықты.
Мойынты орта мектебінің директоры қызметің атқарған азаматтар:
1. Көккөзов М.К- 1973-1982 жж.
2. Ермекбаев Ы.Е- 1982-1984 жж.
3. Есжанова Б.Қ- 1984-1988 жж.
4. Жүнісов А.Д- 1988-1993 жж.
5. Ашенова Б.Г-1993-1997 жж.
6. Қауымбев Ә.Ж- 1997-2004 жж.
7. Батпанова Б.А- 2004-2006 жж.
8. Шынкеев Т.К- 2006-2011 жж.
9. Баянова Г.Ж-2011 -2022 жж.
10. Байгаскинова Ж.З-2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
1937 жылы туған Көккөзов Мұрат Көккөзұлы Мойынты орта мектебін 9 жыл басқарды.Оған дейін Киікті орта мектебінде 10 жылдай директор болған, 1955 жылы Қарағанды пединституттын бітірген терең сауатты, ел тарихының білгірі , көзі, қарақты адам болды. Кейінен Ағадыр аудандық оқу бөлімінде, Қайрақты және Көктіңкөлі кеніштерінде әртүрлі қызметтер атқарды.Абай аудандық газетінің редакторы болып еңбек етті.Шет ауданының «Құрметті азаматы» атағын иемденді. 2007 жылы дүниеден өтті.
Мектептің директоры Баянова Гулмира Жалғасқызы 1969 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Мойынты орта мектебін күміс медальмен аяқтап, Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне түсті.Университетті тәмәмдағаннан кейін 1993-1996 жылдары Тоқырауын аудандық әкімдігінде әкімшілік комиссиясының хатшысы, ұйымдастыру бақылау бөлімінің басшысы болды.1986 жылы туған мектебіне оралып, әуелі тарих пәні мұғалімі, ал 2011 жылдан бері директор қызмет атқарып келді.
Мектеп ұжымы тәжібиелі ұстаздардан құралған . Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Н.Мәкенов, математика пәнінің мұғалімі М.К.Көккөзов, тарих пәні мұғалімі Н.С. Сәрсенбаев , математика пәні мұғалімі М.Д.Дүйсенов, физика пәнінің мұғалімі Ж.Б . Баянов, неміс тілінің мұғалімі Н.Г.Баланова сияқты ұстаздар мақтан тұтарлықтай үлгілі шәкірттер тәрбиелі,олардың мектеп қабырғасына, білімдар азамат болып шығуларына елеулі үлестерің қосты.
Ұлағатты ұстаздар әулеті деп Баяновтардың отбасын айтуға болады.Мектеп директоры Гулмираның әкесі Баянов Жалғас Баянұлы физика пәнінің мұғалімі және директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып, ал анасы Баянова Қатира Абыланқызы осы мектепте орыс тілі және әдебитеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
Жалғас Баянұлы (1943-1993 жж.) өз мамандығынан өзге спорт пен өнер саласының жанкүйері болды.Спорттың шахмат,теннис түрлерінен кент, мектеп біріншіліктерінің жеңімпазы болып жүрді.Сонымен қатар, Шәмші әнерін домбырада орындап,күмбірлетіп күй шерткен шебер домбырашы еді.Бірнеше өлендердің авторы ретінде де ел есінде қалды.
1948 жылы туған Қатира Абланқызы жоғары санатты орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып , Мойынты орта мектебінде 1967- 2006 жылдары жұмыс істеді.Өз жұмысына жоғары жауапкеркілікпен қараған Қатира Абланқызы талай білімді түлектерді тәрбиелеп шығарды. Жамиев Д ,Жамиев А, Баткеева Д, Баланов Ю, Гейл М, Ахметов Е. сияқты көптеген оқушылары грант иегерлері болды.Қазіргі таңда олар үлкен лауазымды қызметтер атқарады.Жамиев Данияр Күнжолұлы –ҰКАҚ «КТЖ»- тасмалдау процосессі дирекциясы» акционерлік қоғамның орындаушы директоры (филиалдың бас инженеры ) .Жамиев Алмат Күнжолұлы – «Ұлттық әл –ауқаттылық қоры (Самұрық -Қазына )» АҚ ұлттық басқарушы холдингі бас директорының заңамалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Мойынты мектебінің тағы да Х.Қ Нүсіпов, М.А Көбдіков, Д.Қ Қияшов, А.Д Жамиева, А.Ж Сериков сияқты есімдері елге белгілі ,танымал тұлғалар шықты.
Нүсіпов Қайыр Хамзаұлы –жартылай өткізгіштер дәне радиациялық физиканың маманы ,әлемдік деңгейдегі ірі ғалым.Инженер –физик, ғылым докторы.1997 жылдан бастап АҚШ –та келісім –шарт негізінде ядролық физика саласында еңбек етті.Бүгіндері өз қаражатына Мойынтыда зәулім мешіт салдыруда.
Көпдіков Мәдениет Арымбетұлы –техника ғылымарының докторы, профессор ,МАНЭБ академигі, «Тасмалдауды ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі.
Даулеткелді Қияшов – фармоцевтика ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары акедемиясының акедемигі.
Достарыңызбен бөлісу: |