Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік



бет1/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20



Оқу пәнінің мазмұны


Шешендік өнер туралы түсінік. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы — шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. Шешендік дегеніміз белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.


Шешендік өнер тарихы, Риторика. Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V гасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада жане оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат май-данында маңызды факторға айналды.
Римдегі шешендік өнер. "Риториканың румдық теориясы" Марк Фабий Квинтилиан (шамамен 35 жылы туып, 100 жыл шамасывда қайтыс болған). Квинтилиан шешендік өнердің теориялық және тажірибелік мәселелерін бүге-шігесіне дейін талдаған. Ол болашақ шешенді қалай тәрбиелеу, риторика мектебіңде дәрістерді қалай өткізу, грамматика, философия, өнер, қүқ пәңдерін оқыту, көркем шығармаларды қалай мәнерлеп оқу және дарынды шешендер, жазушылар, ақындар хақында кесек-кесек ойлар өрбітеді.
Ресейдегі шешендік өнер. Орыс тілінде риторика оқулығын жазған әйгілі оқымысты Михаил Васильевич Ломоносов (1711—1765) еді. Оның "Шешендікке қысқаша басшылық" атты оқулығы 1748 жылы басылған (және 1759, 1765 жылдарда). Сондай-ақ ол "Шешендік дегеніміз ғылым" деген еңбегінде мұның рухани қабілетпен, ғылыммен, авторларға еліктеумен, шығармашылыққа бейімделумен, басқа ғылымдарды меңгерумен және айқын, күшті дауыс, мықты рух, кең кеуде тәрізді табиғи ерекшеліктермен біртұтас екеңдігін баяндаған.
Ұлттық шешендік өнердің жиналып, зерттелуі. Қазақтын шешендік — тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғалымдардың бірі Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің, «Хрестоматиясына», «Ізбасты», «Байұлы» «Жаныбек батыр», «Жиренше шешен» дейтін тапқырлық - шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынды. Тапқырлық даналығының балаларды тапқырлықка, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны кезінде қажетке жарата білген. Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін бағалаған адамдардың бірі — белгілі ғалым, В. В. Радлов.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет