Клеткалар мен геномдар 1-
тарау
ОСЫ ТАРАУДА ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ
ГЕНОМДАР ТҮРЛІГІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Біздің планетамызды көптеген тірі “тіршілік иелері” мекендейді – олар қызықты да,
таңғаларлық түрде ұйымдасқан химиялық зауыттар сияқты қоршаған ортаның затта-
рын пайдаланып, осы шикізаттарды өздерінің көшірмелерін өндіру үшін пайдаланады.
Табиғатта тірі организмдердің алуан түрлері кездеседі. Арыстан мен теңіз балдыры
немесе бактерия мен ағаш бір-біріне қаншама ұқсамайтындығын елестетіп көріңізші?
Дегенмен, біздің ата-бабаларымызда клетка және ДНҚ туралы еш мәліметтері болмаса
да, олар осы тіршілік иелерінің арасында ортақ ұқсастық бар екенін сезе білді. Олар
осы ұқсастықты «тіршілік» деп атап, таңданып, бірақ оны анықтауға қиналып, оның не
екенін немесе қалай жұмыс істейтінін түсіне алмады.
Соңғы ғасырдағы ашылған жаңалықтар таңғаларлық жағдайларды азайта қойған
жоқ. Бірақ осы жаңалықтардың арқасында тіршілік табиғатына байланысты көптеген
құпиялардың сыры ашылды. Қазіргі таңда біз барлық тірі «заттардың» клеткалардан
– кіші, химиялық заттардың концентрлі сұйық ерітіндісімен толған және өсу мен екіге
бөліну көмегімен өзінің «көшірмесін» жасау сияқты таңғажайып қасиеті бар мембрана-
мен қапталған бірліктерден тұратынын білеміз.
Клеткалар тіршіліктің фундаменталды бірліктері болғандықтан, біз тіршіліктің не
екенін және оның қалай ұйымдасқаны туралы сұрақтардың жауабын клеткалардың
құрылымы, функциясы және әрекетін зерттейтін клетка биологиясынан іздеуіміз керек.
Клеткаларды және олардың эволюциясын тереңірек түсіне отырып, біз Жер бетіндегі
тіршіліктің қайдан және қалай пайда болғанын, оның таңғажайып түрлілігі мен олар-
дың кез келген тіршілік иесінің құрамындағы рөлі сияқты кең ауқымды мәселелеріне
1
I
бөлім