Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет.  Ұрықтанған жұмыртқа клеткасындағы тұқым қуалау ақпараты толық мультиклеткалық



Pdf көрінісі
бет14/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.1-сурет
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасындағы тұқым қуалау ақпараты толық мультиклеткалық 
организмді анықтайды. Олардың бастапқы клеткалары ұқсас болғанымен: теңіз кірпісінің жұмыртқа-
сы теңіз кірпісіне (A және Ә) бастама береді. Тышқан жұмыртқасы тышқанға (Б және В), ал Fucus теңіз 
балдырының жұмыртқасы Fucus балдырына бастама береді (Г және F). (A, David McClay рұқсатымен; 
Ә, M. Gibbs, Oxford Scientific Films рұқсатымен; Б, Patricia Calarco рұқсатымен, G. Martin, Science 209: 
768-776, 1980 көзінен AAAS рұқсатымен алынған; В, O. Newman, Oxford Scientific Films рұқсатымен; Г 
және F Colin Brownlee рұқсатымен қолданылған).
Барлық клеткалар өзінің тұқым қуалау ақпаратын матрицалық полимеризация 
көмегімен репликациялайды
Тіршілік иелерінің дамуындағы механизмдер қос тізбекті ДНҚ молекуласының құрылы-
мына тәуелді. Бір тізбектегі әр мономер, яғни нуклеотид, екі бөліктен құралады: фос-
фат тобы жалғанған қанттан (дезоксирибоза) және аденин (А), гуанин (Г), цитозин (Ц) 
немесе тиминнен (Т) тұратын негіз. (
1.2-сурет
). Әр қант келесісімен фосфат тобының 
көмегімен жалғанады да, негіздері шығып тұратын қайталмалы қант-фосфатты қаңқа-
дан тұратын полимер тізбегін түзеді. ДНҚ полимері ұшына мономерлердің қосылуымен 


4
1-тарау. Клеткалар мен геномдар
ұзарады. Әрбір тізбекке мономерлердің кез келгені кез келген ретпен қосыла алады, се-
бебі олардың әрқайсысы бір-бірімен бірдей жолмен жалғанады. Дегенмен, тірі клеткада 
ДНҚ дара тізбек түрінде синтезделмейді, бірақ, матрица алғызатты ДНҚ тізбегімен қа-
лыптасады. Бір тізбектің шығып тұратын негіздері синтезделетін тізбектің негіздерімен 
негіздердің комплементарлы құрылымымен анықталатын ереже бойынша байланыса-
ды: аденин тиминмен, ал гуанин цитозинмен. Осы жұп негіздері жаңа мономерлерді өз 
орнында сақтайды және келесі орынға қай мономердің жалғануын қадағалайды. Осы 
жолмен комплементарлы екі тізбектен тұратын қос тізбекті құрылым түзіледі. Екі тізбек 
бір-бірімен оралады да, ДНҚ-ның қос тізбекті спиралін түзеді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет