Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет2/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330
ISBN
 978-601-217-578-3 (Т1)


© 2015 by Bruce Alberts, Alexander Johnson, Julian 
Lewis, David Morgan, Martin Raff, Keith Roberts, 
and Peter Walter.
Авторлар жайлы
Брюс Альбертс өзінің PhD дәрежесін Гарвард 
Университетінде алды және Сан Франциско 
қаласындағы 
Калифорния 
Университетінің 
биохимия мен биофизика бойынша ғылым мен 
білім беру кеңесінің басшысы ретінде қызмет 
етеді. Ол 2008-2013 жылдар аралығында Science 
журналының бас редакторы және 12 жыл бойы 
АҚШ-тың Ұлттық Ғылым Академиясының 
Президенті (1993-2005) болды. Александр 
Джонсон өзінің PhD дәрежесін Гарвард 
Университетінде алды және Сан Франциско 
қаласындағы 
Калифорния 
Университетінің 
микробиология мен иммунология профессоры 
болып қызмет етеді. Джулиан Льюис (1946-
2014) PhD дәрежесін Оксфорд Университетінде 
алды және Ұлыбританияның Лондонның Ісік 
Зерттеулері Институтының ғылымға еңбегі 
сіңген қайраткері болған. Дэйвид Морган 
PhD дәрежесін Сан Франциско қаласындағы 
Калифорния Университетінде алып, осы жерде 
Физиология департаментінің профессоры және 
биохимия, клеткалық биология, генетика мен 
даму биологиясы оқыту бағдарламаларының 
меңгерушісі болып қызмет етеді. Мартин Рафф 
өзінің MD дәрежесін McGill университетінде алды 
және Лондонның университеттік колледжінде 
молекулалық және клеткалық биология бойынша 
Медициналық зерттеулер кеңесі зертханасының 
биологияда құрметті профессоры болып қызмет 
етеді. Кейт Робертс PhD дәрежесін Кембридж 
Университетінде алды және Норвичтегі Джон 
Иннес орталығы директорының орынбасары 
болып қызмет етті. Қазіргі таңда ол шығыс Англия 
университетінің құрметті профессоры болып 
отыр. Питер Вальтер өзінің PhD дәрежесін 
Нью-Йорктегі Рокфеллер Университетінде алды 
және Сан Франциско қаласындағы Калифорния 
Университетінің биохимия мен биофизика 
департаментінің профессоры және Говард Хьюз 
атындағы медициналық институттында зерттеуші 
болып қызмет етеді. Джон Уилсон PhD дәрежесін 
Калифорнияның 
технология 
институтында 
алды және постдокторлық жұмысын Стэнфорд 
Университетінде істеді. Ол Хьюстондағы 
Бэйлордың медициналық колледжінің биохимия 
мен молекулалық биология мамандығының 
құрметті профессоры болыр отыр. Тим Хант 
PhD дәрежесін 20 жылдан астам биохимия мен 
клеткалық биологиядан сабақ берген Кембридж 
Университетінде алды. Ол Ұлыбританияның ісік 
институтында 2010 жылғы зейнетке шыққанға 
дейін қызмет етті. Ол 2001 жылы Ли Хартвелл 
және Пол Нерспен Нобель сыйлығын иеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет