Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Осы  ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ 11



Pdf көрінісі
бет21/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.9-сурет
). Осы 


ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ
11
таңғажайып көріністі пробиркада фосфолипид-
терді сумен араластыру көмегімен көруге болады. 
Белгілі бір жағдайларда фосфолипидтер сулы 
ортада бірігеді де, пробиркада сыртқы ортадан 
оқшауланған көпіршіктерге жиналады. 
Химиялық қасиеттері әртүрлі болғанымен 
барлық клеткалардың мембранасының көпшілік 
бөлігін құрайтын молекулалардың гидрофобты 
құйрығы (ұшы) көмірсутекті полимерлерден 
(-СН
2
-СН
2
-СН
2
-) құрылады және олардың өзді-
гінен қосқабат түзуі клеткадағы көптеген негізгі 
принциптердің бірі болып табылады: әрбір клет-
ка өзінің құрамындағы құрылымдарды түзу үшін 
бірімен-бірі қосыла отырып, өздігінен жиналуға 
қабілетті молекулаларды синтездейді.
Мембранасы ешбір қосылыстарды өткізбейтін 
клетка болмайды. Егер клетка өсіп, көбейе ала-
тын болса, онда ол плазматикалық мембранасы 
арқылы қажетті шикізат материалдарын өзінің 
қоршаған ортасынан қабылдап, қалдықтарды 
сыртқа шығарып отыруы тиіс. Дегенмен, барлық 
клеткалардың плазматикалық мембраналарында 
екі жаққа да заттарды тасымалдайтын арнайы 
маманданған белок молекулалары болады. Клет-
када қарапайым молекулалардың реакцияларын 
катализдейтін белоктар тәрізді осы мембраналық 
тасымалдаушы белоктар эволюция барысында 
өте жақсы формада сақталып, өзгерістерге ұшы-
рамаған және олар эволюциялық тұрғыдан өте 
алшақ тірі организмдерде ұқсас келеді. 
Мембранадағы тасымалдаушы белоктар кең ауқымда қандай молекуланың өтуін, ал 
клетка ішіндегі каталитикалық белоктар оның қай реакцияға түсуін нақты түрде қадаға-
лайды. Клеткадағы өндірілетін белоктарды бағыттау көмегімен ДНҚ-дағы генетикалық 
ақпарат клетка химиясын, сонымен қатар, клетка химиясымен қатар клетканың белок-
тарымен қалыптастырылып және реттеліп отыратын клетканың пішіні мен әрекетін 
анықтайды.
Тірі клетка 500-ден кем гендермен де тіршілік ете алады
Биологиялық ақпарат тасымалының негізгі принциптері қарапайым болғанымен, тірі 
клеткалар қаншалықты күрделі келеді? Соның ішіндегі ең минималды қажеттіліктерге 
нені жатқызуға болады?
Геномы ең кіші болатын Mycoplasma genitalium бактериясын 
зерттеу көмегімен біз маңызды құбылыстарды байқай аламыз (
1.10-сурет
). Бұл орга-
низм сүтқоректілерде паразиттік жолмен тіршілік етеді және оның қоршаған ортасы 
бактерияны қажетті қолдануға дайын кіші молекулалармен қамтамасыз етеді. Деген-
мен, ол тұқым қуалау процесіне қажетті ДНҚ, РНҚ мен белоктар сияқты үлкен молеку-
лаларды синтездеуі қажет. Бұл бактерияның шамамен 530-дай гені бар және олардың 
шамамен 400 гені маңызды болып табылады. Оның 580070 жұп нуклеотидтерінен 
тұратын геномы 145018 байт ақпаратты құрайды. Ақпарат көлемінің бай, әрі үлкен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет