ХРОМАТИННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
241
4.31-сурет.
Drosophila
-дағы позицияның мозаикалық эффектісі. (A) Қалыпты жағдайда гетерохро-
матин (
жасыл) эухроматиннің (
қызыл) көршілес аудандарына таралуын
бөгеттік ДНҚ тізбектерінің
көмегімен шектейді. Дегенмен, ата-анадан осындай хромосомалық ауысуларды қабылдайтын шір-
кейде осы бөгет болмайды. (Ә) Осындай шіркей дамуының ерте кезеңдерінде гетерохроматин көр-
шілес хромосомаларға әртүрлі клеткаларда әртүрлі қашықтыққа тарала алады. Кейін таралу тоқтай-
ды, бірақ гетерохроматиннің тұрақтанған паттерні тұқым қуалайды және клеткалардың клондарында
дәл сол гендер конценсацияланады және инактивтеледі (осыдан кейбір шіркейлердің «мозаикалы»
көрінісі орын алады). «Таралу» сөзі жаңа гетерохроматин орналасқан ауданға жақын аймақта жаңа
гетерохроматиннің түзілуін сипаттау үшін қолданылады, бірақ термин толықтай сәйкес келмейді.
Кеңею барысында ДНҚ-ның гетерохроматинге конденсациялануы хроматиннің кейбір аудандарынан
«секіріп өткізе» алатыны туралы дәлел бар. Осы аудандардағы гендер репрессиялық әсерге тап бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: