Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет221/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.33-сурет
Аминқышқылдық жанама тізбектердің коваленттік 
модификацияларының кейбір белгілі түрлері нуклеосомалық 
гистондарда кездеседі. (A) Лизин метилденуінің үш әртүрлі дең-
гейі көрсетілген; әрқайсысы әртүрлі байланысушы белок арқылы 
ажыратыла алады және әрқайсысының клетка үшін маңыздылығы 
әртүрлі болады. Ацетилденудің лизиннен теріс зарядты жоюына 
және ең маңыздысы, ацетилденген лизиннің метилдене немесе 
метилденген лизиннің ацетилдене алмайтындығына назар ауда-
рыңыз. (Ә) Сериннің фосфорильденуі гистонға теріс заряд береді. 
Гистондардың осы жерде көрсетілмеген модфикацияларына ар-
гининнің моно- және диметилденуі, треониннің фосфорильденуі, 
глутамин қышқылына АДФ-рибозаның қосылуы және лизинге 
убиквитин, SUMO және биотин топтарының қосылуы жатады. 


ХРОМАТИННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
243
тердің әрекетін реттейді. Осындай жолмен ДНҚ тізбегі гистондардың қалай модифика-
цияланатындығын анықтайды. Бірақ, кейбір жағдайларда нуклеосоманың коваленттік 
модификациялары транскрипциялық факторлар ажырағаннан кейін ұзақ уақытқа сақта-
ла алады және клеткаға оның даму тарихының сақталуын қамтамасыз етеді. 
4.34-сурет. 
Ядролық гистондар құйрықтарының модификациялары. (A) Сегіз гистондық N-ұшының 
құйырықтарының (жасыл) алғашқы 30 амин қышқылын көрсететін нуклеосоманың құрылымы. Осы 
құйрықтар ұйымдаспаған, жоғары деңгейде мобильді және өзінің құрылымын байланысқан белокқа 
орай өзгерте алады. (Ә) Гистондық ядролық төрт белогының жақсы зерттелген модификациялары 
көрсетілген. Метилденуді (М) көрсету үшін тек бір әріп қолданғанымен, әр лизин (К) немесе аргинин 
(R) бірнеше әртүрлі жолмен метильдене алады. Кейбір аудандар (мыс, Н3 белогының Лиз9) метил-
дене немесе ацетилдене (бірақ бір мезгілде емес) алатынына назар аударыңыз. Көрсетілген әр мо-
дификация гистон құйрығына салыстырмалы түрде кіші молекула қосады; ерекшелікке тек 76-амин 
қышқылынан тұратын убиквитин белогы жатады. Гистондардың глобулярлық ядросында орын ала 
алатын 20-дан астам мүмкін болатын модификациялар көрсетілмеген (A, PDB: 1 KX5; Ә, H. Santos-Rosa 
and C. Caldas, Eur. J. Cancer 41: 2381-2402, 2005 көзінен Elsevier рұқсатымен қолданылды).
Коваленттік модификациялардың әртүрлі паттерндері нуклеосоманың әртүрлі 
топтарында анықталды. Осы паттерндер олардың геномдағы нақты орны мен клетка 
тарихына тәуелді болады. Гистондардың модификациялары өте қатаң бақыланады 
және олардың салдары өте маңызды орын алады. N-ұшындағы лизиннің ацетильде-
нуінен хроматин босайды, себебі ацетил тобының қосылуы оның теріс зарядын бей-
тараптайды. Дегенмен, гистондар модификациясының ең маңызды қасиетіне олардың 
хроматинге басқа белоктардың тартылуын арттыратындығы жатады. Н3 гистонның 
құйрығындағы лизиннің триметильденуі гетерохроматинге спецификалық болатын 
НР1 белогын тартады және ол гетерохроматиннің тұрақтануына және таралуына үлес 
қосады. Жалпылай атқанда, тартылатын белоктар модификацияланған гистонмен әре-
кеттеседі де, гендердің қайда және қашан экспрессияланатынын анықтайды. Осындай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет