Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет220/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.32-сурет
Позициялық эффекттің ген-
дер экспрессиясына әсерінің ашылуы. 
White гені Drosophila жеміс шіркейінде көз 
пигментінің өндірілуін реттейді және оны 
анықтаған тұңғыш мутациямен аталады. 
Қалыпты White гені (White
+
) бар жабайы 
шіркейлерде пигмент қалыпты түрде өн-
діріледі және олардың көздері қызыл түсті 
болады. Бірақ мутацияға ұшыраған және 
инактивті White гені бар мутантты шіркей-
лерде (White

) пигмент түзілмейді және 
олардың көздері ақ болады. Қалыпты White 
гені гетерохроматинге жақын ауданға жылжыған шіркейлердің көздері ала болады. Ақ дақтар White 
гені гетерохроматин әсерінен сайленсингке ұшыраған клеткалар линиясын көрсетеді. Керісінше, қы-
зыл дақтар White гені экспрессияланатын клеткалар линиясын анықтайды. Дамудың ерте кезеңінде 
қалыптасатын гетерохроматин әртүрлі эмбриондық клеткаларда көршілес эухроматин аудандарына 
әртүрлі қашықтыққа таралады. Үлкен ақ және қызыл дақтардың болуы ататек клеткаларда осы геннің 
хроматинге қапталуымен анықталатын тұқым қуалайтын қасиетін анықтайды.
Бірінші қадамда зерттеуші процеске қатысатын молекулаларды іздей алады. Осы 
зерттеу генетикалық скрининг арқылы іске асады. Зерттеуші мутанттардың көпте-
ген түрлерін алады да, мәселеге қатысты қайшылық тудыратын үлгіні таңдап алады. 
Drosophila
шіркейінің, саңырауқұлақтар мен тышқандардың генетикалық скринингі 
нәтижесінде өнімдері гетерохроматиннің таралуын немесе тұқым қуалау тұрақтылығын 
күшейтетін немесе тежейтін 100 шақты ген анықталды. Осы гендердің көпшілігі ги-
стондық емес хромосомалық белоктарды кодтайтыны анықталды.


242 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Гистондар ядролары әртүрлі сайттарда коваленттік модификацияларға 
ұшырайды
Нуклеосома ядросындағы төрт гистонның аминқышқылдық жанама тізбектері әртүр-
лі коваленттік модификацияларға ұшырайды. Соның ішінде лизиннің ацетилденуін, 
лизиннің моно-, ди-, триметилденуін және сериндердің фосфорильденуін атап кетуге 
болады (
4.33-сурет
). Осы жанама тізбектер модификацияларының көпшілігі нуклеосо-
маның N-ұшынан шығатын ұйымдаспаған сегіз «гистон құйрықтарында» орын алады 
(
4.34-сурет
). Дегенмен, нуклеосоманың глобулярлық ядросында 20-дан астам жанама 
тізбектік модификациялар болады.
Жоғарыда айтылған модификациялардың барлығы қайтымды. Бір фермент моди-
фикацияны іске асырса, екіншісі оның әсерін қайтарады. Мұндай ферменттер жоғары 
спецификалық болады. Мысалы, ацетил топтары спецификалық лизиндерге гистон-
дық ацетилтрансферазалар (ГАТ-тар) жиынтығының көмегімен жалғанады және 
гистондық деацетил кешендері (ГДАК-тар) жиынтығының көмегімен бөлінеді. Осы 
механизмге ұқсас, метил топтары метил трансферазалардың қатысуымен жалғанады 
да, гисондық деметилазалардың көмегімен бөлінеді. Әр фермент хроматиннің әртүрлі 
ауданына белгілі бір уақыт кезінде барады. Осы уақыт клетка тіршілігінің кезеңіне бай-
ланысты болады. Көпшілік жағдайда бастапқы рекрутинг транскрипциялық реттегіш 
белоктарға байланысты болады. Бұл белоктар хромосомадағы белгілі ДНҚ тізбектерін 
таниды және олармен байланысады. Олар организм тіршілігінің әртүрлі кезеңдерінде 
және әртүрлі аудандарында түзіледі және хроматинді модификациялайтын фермент-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет