Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


Қай тұжырым шындық? Не шындық немесе шындық еместігін түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет261/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   330
Қай тұжырым шындық? Не шындық немесе шындық еместігін түсіндіріңіз.
4.1
Әйелдерде 23, ал еркектерде 24 әртүрлі хромосома болады.
4.2
Төрт ядролы гистондардың көп бөлігі оң зарядталған амин қышқылдарынан 
тұратын, салыстырмалы түрде, кіші белоктар болып табылады; оң заряд гистондардың 
ДНҚ-мен, оның нуклеотидтік тізбегіне қарамастан, тығыз байланысуына көмектеседі.
4.3
Нуклеосома ДНҚ-мен өте берік байланысады және нәтижесінде бірінші байла-
нысқан орнынан жылжи алмайды.
4.4
Адам мен тышқан сияқты туыстас организмдер геномдарының салыстырылуы 
кезінде ДНҚ-ның консервативті аудандарын анықтау функцияналдық тұрғыдан маңыз-
ды аудандарды іздеуді ыңғайлатады.
4.5
Гендердің дупликациясы мен ажырауы биологиялық аса күрделіліктің эволюция- 
сында маңызды рөл атқарды деп болжалуда.
Келесі мәселелерді талқылаңыз.
4.6 
М13 бактериялық вирусынан бөлініп алынған ДНҚ-да А-25%, Т-33%, Ц-22% 
және Г-20%. Осы нәтижелер сізді таңғалдыра ма? Неге иә немесе неге жоқ? Осы көр-
сеткіштерді сіз қалай түсіндірер едіңіз?
4.7 М4.1-суреттегі
ДНҚ сегментіне қараңыз. Осы сегменттің жоғарыдан төменге 
қарай полярлығы қандай?
М4.1-сурет. 
Ұзын біртізбекті ДНҚ тізбегінің үш нуклеотиді (4.7-мәселе). ДНҚ тіз-
бегінің ұшындағы нұсқаулар құрылымның екі бағытта да жалғасатынын белгілей-
ді.
4.8
Адам ДНҚ-сында молярлық негізде 20% Ц бар. А, Т және Г 
нуклеотидтерінің молярлық пайыздары қандай болады?
4.9
Орангутангтардың 3-хромосомасы адамның 3-хромосомасынан 
екі инверсиялық жағдаймен (адам хромосомасында орын алған) ерек-
шеленеді (
М4.2-сурет
). Бірінші инверсиядан пайда болған аралық 
хромосоманы бейнелеңіз және әр инверсияға қатысқан сегменттерді 
көрсетіңіз.
М4.2-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет