Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет297/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   330
5.37-сурет
ДНҚ репарациясын қажет ететін кездейсоқ өзгерістердің сипаттамасы. Кездейсоқ тотығу 
зақымынан (қызыл нұсқаулар), гидролитикалық шабуылдан (көк нұсқаулар) мен метильденуден (жа-
сыл нұсқаулар) модификацияланған әр нуклеотидтегі сайт көрсетілген. Әр нұсқаудың ені әр оқиғаның 
жиілігін анықтайды (5.3-кесте) (T. Lindahl, Nature 362:709-715, 1993 көзінен Macmillan Publishers Ltd. 
рұқсатымен қолданылды).


330 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.38-сурет. 
Депуриндену мен дезаминдену. Осы екі реакция клеткада қауіпті ДНҚ зақымын тудыра-
тын ең жиі кездесетін кездейсоқ химиялық реакцияларға жатады. Депуриндену кезінде ДНҚ-дан гуа-
нин (көрсетілген) немесе аденин босатыла алады. Дезаминдену реакциясының негізгі түрі цитозинді 
урацилге айналдырады, бірақ дезаминдену басқа негіздерде орын ала алады. Қалыпты жағдайда осы 
реакциялар қос спиральды ДНҚ-да орын алады; түсінікті болу үшін бір тізбек ғана көрсетілген.
5.39-сурет. 
Tимин димерінің кең кездесетін түрі. Зақым-
ның осындай түрі ультракүлгін сәулелерінің (күн сәулесі 
сияқты) әсерінен зақымданған ДНҚ-да орын алады. Ұқсас 
димер көршілес пиримидин (Ц немесе Т қалдықтары) негіз-
дерінің арасында қалыптаса алады.


ДНҚ РЕПАРАЦИЯСЫ
331
5.40-сурет. 
Hуклеотидтердің химиялық модификацияларының мутацияларды түзу жолы. (A) Егер 
цитозиннің дезаминденуі түзетілмесе, ДНҚ репликацияланған кезде бір негіздің алмасуы орын ала-
ды. Цитозиннің дезаминденуінене түзілетін урацил цитозиннен өзінің жұптасу қасиеттері бойынша 
ерекшеленеді және аденинмен жұп негіз құруға ұмтылады. ДНҚ-ны репликациялайтын машина 
матрицалық тізбектегі урацилге тап болған жағдайда, жаңа тізбекке аденинді енгізеді. (Ә) Депурин-
дену нуклеотидтік жұптың жоғалуына әкеле алады. Репликациялық машина матрицалық тізбекте 
жетіспейтін нуклеотидке келген кезде ол осы нуклеотидтен өтеді де, синтезді келесі нуклеотидтен 
жалғастырады. Нәтижесінде жаңа тізбекте нуклеотидтік делеция орын ала алады. ДНҚ зақымдары-
ның басқа түрлері түзетілмесе, мутацияларды тудырады.
ДНҚ-ның қос спиралі тез арада репарацияланады
ДНҚ-ның қостізбекті спиральдік құрылымы репарация үшін ең тиімді болып келеді, 
себебі оның құрамында генетикалық ақпараттың екі нақты көшірмесі болады. Бір тізбек 
зақымданған кезде, комплементарлық тізбекте алғашқы ақпарат сақталады және осы 
тізбек арқылы түзету әрекеттері іске асады.
ДНҚ-ның қос тізбекті құрылымының маңыздылығының белгісі ретінде клетка-
лардың барлығында осы құрылымның болатындығын жатқызуға болады. Тек кейбір 
вирустар, генетикалық ақпараттың қоры ретінде, бір тізбекті РНҚ немесе ДНҚ-ны қол-
данады. Жоғарыда сипатталған репарациялық жүйелер бір тізбекті нуклеин қышқылда-
рымен жұмыс істей алмайды және осындай бір тізбекті нуклеин қышқылдары түрінде 
өзгерістер жиілігі өте жоғары болады. 
ДНҚ-ның зақымдануы бірнеше жолмен түзетіле алады
Клеткаларда ДНҚ-ны репарациялаудың бірнеше жолы болады және әртүрлі зақымдар-
дың әрқайсысы әртүрлі ферменттер жиынтықтарымен репарацияланады. 
5.41-суретте
екі ең жиі кездесетін жол көрсетілген. Екі жолда да, зақымданған аудан эксцизияланады 
және ДНҚ-полимераза комплементарлы тізбек көмегімен қос тізбекті қалпына келтіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет