Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет299/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   330
5.42-сурет
ДНҚ-дағы қалыпсыз нукле-
отидтердің негізді қайыру көмегімен 
танылуы. ДНҚ гликозилазалар фермент-
терінің туыстастығы көрсетілген конфор-
мацияда сәйкес емес негізді таниды. Осы 
ферменттердің әрқайсысы танылатын 
белгілі бір негізді (сары) қант қаңқа-
сымен байланыстыратын гликозидтік 
байланысты үзеді. (А) Таяқша модель; (Ә) 
Кеңістікті модель.
Репарацияның екінші негізгі 
жолына нуклеотидтердің экс-
цизиялық репарация жатады. 
Репарацияның мұндай жолы ДНҚ 
қос спираліндегі кез келген ауқымды өзгерісті түзей алады. Осындай жолмен ДНҚ-ның 
үлкен көмірсутектермен (темекі түтінінде, таскөмір қарамайы мен дизель түтінінде 
кездесетін карциногендік бензопирен) байланысуы мен күн сәулесінен түзіле алатын 
пиримидиндердің димерлері (Т-Т, Т-Ц және Ц-Ц) сияқты ауқымды зақымдары репара-
цияланады. Репарацияның осындай түрінде үлкен мультиферменттік кешен ДНҚ-ның 
қос спираліндегі спецификалық негіздер өзгерісінен гөрі ДНҚ-дағы бұрмалануды із-
дейді. Ол зақымды анықтаған жағдайда бұрмаланудың екі жағындағы фосфодиэфир-
лік байланысты үзеді де, ДНҚ-хеликаза зақымданған бөлікті алып тастағаннан кейін 
ДНҚ-полимераза жетіспейтін тізбекті толтырады.
Жұп негіздердің эксцизиялық репарациясы мен нуклеотидтердің эксцизиялық 
репарацияның алтернативтік жолына ДНҚ зақымының тікелей химиялық қалпына 
келтірілуін жатқызуға болады. Репарацияның осылай іске асуының нәтижесінде 
жоғары мутагендік және цитотоксикалық зақымдар жойылады. Мысалы, алкилденген 
зақымдағы О
6
-метилгуанидиннің метил тобы репарациялық ферменттің цистеин тобы-
на тікелей тасымалданылады және нәтижесінде фермент деградацияланады. 
Нуклеотидтің эксцизиялық репарациясының транскрипциямен жұптасуы 
клеткадағы ДНҚ-ның ең маңызды аудандарының эффективті түрде 
репарациялануын қамтамасыз етеді
Клетканың ДНҚ-сы үнемі зақымдардың нысанасы болып табылады және репарациялау 
механизмдері геномның барлық аудандарында үзіліссіз әрекет етіп отырады. Деген-
мен, клетка ДНҚ репарциясын ең қажетті ДНҚ тізбектеріне бағыттай алады. Бағыттау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет