Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет.  Эукариоттық клеткалардың негізгі қасиеттері



Pdf көрінісі
бет41/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.25-сурет.
 Эукариоттық клеткалардың негізгі қасиеттері. Сурет қалыпты жануар клеткасын көрсе-
теді, бірақ дәл сол компоненттер өсімдіктер мен саңырауқұлақтар және ашытқы мен протозоалар 
сияқты жалғыз клеткалық эукариоттарда кездеседі. Өсімдіктер клеткаларында осы компоненттерге 
қоса хлоропласттар болады және олардың плазматикалық мембранасы целлюлозадан қалыптасатын 
қатты клетка қабығымен қоршалады.


ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
31
1-27-сурет. 
Басқа клетканы жұтып 
жатқан жалғыз клеткалы эукариот
(A) Didinium жыртыш протозоа, ин-
фузорияларға жатады. Оның денесі 
диаметрі 150 нм болатын шарға 
ұқсайды және оның бетінде үнемі 
қозғалыста болатын кірпікшелердің 
екі қатары болады; оның бір шеті 
жалпақ және шүмек тәрізді болады. 
(Ә) Өзінің олжасын жұтып жатқан 
Didinium
. Әдетте Didinium суда 
жоғары жылдамдықта кірпікшелер 
көмегімен жүзеді. Ол тиімді олжаға 
(
сары) тап болған кезде (әдетте басқа 
протозоа) өз шүмегінен көптеген сал 
тудыратын кірпікшелер жібереді. 
Кейін, Didinium олжа клеткасымен 
байланысады және оны фагоцитоз 
көмегімен жұтады (D. Barlow сыпай-
лылығымен қолданылды).
Заманауи эукариоттық клеткалар симбиоздан пайда болды
Тіршіліктің жыртқыштық түрі эукариоттық клеткалардың басқа да қасиетін сипаттауға 
мүмкіндік береді. Осындай барлық клеткаларда митохондрия болады (
1.28-сурет
). Қос 
мембранамен қапталған цитоплазмадағы осы кіші денешіктер оттегіні қабылдап, қант-
тар сияқты қорек молекулаларын тотықтыру көмегімен клетка белсенділігіне қажетті 
1.28-сурет. 
Митохондрия. (A) Электрондық микроскоп астындағы көлденең кесіндісі. (Ә) Ішкі 
құрылысының үш кеңістікті құрылымын айқындайтын бейне (
1.2-бейнефильм
). (Б) Митохондриялық 
ДНҚ және рибосомалары бар митохондрияның ішкі кеңістігі көрсетілген эукариоттық клетканың сы-
зба нұсқасы. Сыртқы жылтыр мембранасы және тағам молекулаларының тотығуынан АТФ-ті түзетін 
белоктардың орналасатын аймағы болатын ішкі мембранасына назар аударыңыз (A, Daniel S. Friend 
сыпайлылығымен қолданылды).


32 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
АТФ-ті өндіреді. Митохондрия көлемі жағынан кіші бактерияға ұқсайды және бөлек 
бактерия сияқты оның сақиналы түрде болатын өз геномы, эукариоттық клеткалардың 
еш жерінде кездеспейтін рибосомасы және өзіне тән тасымалдаушы РНҚ-сы бар. Қазір-
гі таңда митохондрияның оттегіні өндіре алмайтын (анаэробты) ата-текті бактерияның 
бөлек тіршілік ететін және оттегіні метаболиздейтін (аэробты) бактерияны жұтуы нәти-
жесінде пайда болғаны мойындалды. Жойылып кетуден аман қалған осындай бактерия- 
лар өзі жұтатын бактериялармен және оның ұрпақтарымен бірге мекен ете отырып әрі 
оларға қоректік заттардан өзіне қажетті энергия өндіре алатын қабілет беретін симбиоз 
құрды. Қарапайым анаэробты жыртқыш клеткасы мен аэробты бактерия арасындағы 
қарым-қатынас осыдан 1,5 миллиардтай жыл бұрын Жер бетіндегі атмосфера алғаш рет 
оттегіге байыған кезде пайда болды деп болжалуда. 
1.29-суретте
көрсетілгендей, жақында жүргізілген геномдық талдау нәтижелері 
тұңғыш эукариоттық клетка ата-тектік клетканың аэробты бактерияны жұтқанынан 
пайда болғанын болжамдауға мүмкіндік береді. Осы жағдай қазіргі таңдағы барлық 
эукариоттық клеткалардың, соның ішінде анаэробты өкілдерінде де митохондрияның 
іздері бар болғанын дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет