Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет38/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

низмдердің әртүрлі аспектілерін зерттеуге бағытталып отырады.
Молекулалық биологияның ерте кезеңдерінде ғалымдардың назарына тек Escherichia 
coli немесе E.coli бактериясы ғана ілікті (1.13- және 1.14-суреттерді қара). Осы кіші 
таяқша тәрізді бактерия клеткасы, әдетте, адам мен басқа омыртқалылар ішегінде 
мекен етеді, бірақ ол оңай түрде зертханалық жағдайларда да өсе береді. Ол ортаның 
өзгеріп отыратын химиялық жағдайларына бейімделгіш келеді және жылдам көбей-
еді, сонымен қатар ол, мутациялар мен селекция нәтижесінде, айтарлықтай аз уақыт 
аралығында өсіп, дами алады. Басқа бактериялар сияқты бір түрге жататын E.coli-дің 
әртүрлі штаммдары генетикалық тұрғыдан, жынысты жолмен көбейетін өсімдіктер мен 
жануарлардан гөрі, бір-бірінен алшақтау болады. E.coli-дің бір штамында басқа штамда 
кездеспейтін жүздеген гені болуы мүмкін және осы екі штамм гендерінің тек, шамамен, 
50%-ы ғана ортақ бола алады. E.coli-дің қалыпты зертханалық К-12 штамының геномы 
шамамен 4,6 миллион жұп нуклеотидтерінен тұратын және белоктардың әртүрлі 4300 
түрін кодтайтын гендерден құралған сақиналы ДНҚ-дан тұрады (
1.24-сурет
). 
Молекулалық тұрғыдан, басқа организмдермен салыстырғанда, бізге белгілі E.coli 
туралы мәліметтер әлдеқайда көп. Біздің тіршіліктің фундаментальды механизмдері 
туралы біліміміз – мысалы, ДНҚ қалай репликацияланады немесе ДНҚ-ның белок син-
тезіне қажетті ақпараттары қалай декодталады – E.coli-ге жасалған зерттеулер негізінде 


28 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
алынған. Негізгі генетикалық механизмдер эволюция барысында жоғары консервативті 
болып қалды: біздің денеміздің әрбір клеткасындағы осы механизмдер E.coli-дегі меха-
низмге ұқсас келеді.
1.24-сурет. 
E. coli 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет