34 1-тарау.Клеткалар мен геномдар
Саңырауқұлақтар эукариоттық тіршіліктің өзгеше жолын көрсетеді. Саңырауқұлақ
клеткаларында, жануарлар клеткаларындағы сияқты, митохондриясы болғанымен
хлоропласттары болмайды; бірақ протозоалар және жануарлар клеткарымен салы-
стырғанда олардың жылдам жылжуын тежейтін немесе басқа клеткаларды жұтуды
болдыртпайтын қатты сыртқы клетка қабығы болады. Cаңырауқұлақтар жыртқыш
емес, керісінше жинаушы (тазартушы) түрге айналды: кейбір клеткалар қоректік мо-
лекулаларды секрециялайды немесе оларды өлген кезде босатады, ал саңырауқұлақтар
болса осы қалдықтармен қоректенеді – клетка сыртындағы ыдырату процесін сыртқа
ферменттерді бөлу көмегімен іске асырады.
Эукариоттарда гибридті геном болады
Эукариоттық клеткалардың генетикалық ақпараты гибридті жолмен, ата-текті анаэроб-
ты клетка және симбиоз құрған бактериядан пайда болды. Ақпараттың көпшілігі ядрода
сақталады, бірақ оның аздаған бөлігі митохондриялар мен хлоропласттарда қалады.
Митохондрия мен хлоропласттар геномдары бөлек талданған кезде олардың сәйкес бак-
териялардың қысқа, кішірейтілген геномына сай болатыны анықталды. Мысалы, адам
клеткасындағы митохондрия геномы тек 16569 жұп нуклеотидтен тұрады және олар 13
белок пен 2 рибосомалық РНҚ-ны және 22 тасымалдаушы РНҚ-ны кодтайды.
Митохондрия мен хлоропласттағы жетіспейтін гендер жоғалып кеткен жоқ; керісін-
ше, олар симбионт геномынан қожайын клетканың геномына көшті. Адамның ядролық
ДНҚ-сында митохондрия үшін маңызды болатын көптеген белоктарды кодтайтын ген-
дер болатындығы белгілі; өсімдіктердің ядролық ДНҚ-сында хлоропласттарға қажетті
көптеген гендер болады. Екі жағдайда да ядролық гендердің тізбектері олардың ататек-
тік бактериялардан дамығандығын айқын көрсетеді.
Эукариоттар геномы үлкен
Табиғи селекция митохондрияны кішігірім геноммен қамтамасыз етті. Керісінше,
көптеген эукариоттардың ядролық геномдары еркін түрде үлкейе алды. Мүмкін, тір-
шіліктің эукариоттық жолы үлкен көлемді артықшылыққа айналдырды: жыртқыштар
өз олжасынан әлдеқайда үлкенірек болуы тиіс және осыған байланысты клетка көлемі
де геноммен бірге ұлғайды. Паразиттік транспозондық элементтерден (5-тарауда сипат-
талған) ДНҚ сегменттерін жинаудың себебі қандай болса да, көптеген эукариоттардың
геномдары бактерия мен архейлерге қарағанда бірнеше есе үлкенірек болады (