«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» Молекуалық биология және медициналық генетика
кафедрасы
Тест тапсырмалары
Редакция: 1
64 беттің 43 беті
қандай?
566. Қандай жасуша өлімі үшін осы келтірілген сипаттамалар тән: хроматиннің
тығыздалуы және жасушаның жиырылуы (цитоплазманың тығыздалуына
байланысты) жүреді, хроматин ядрода гомогенді масса түрінде орналасады,
цитопалазма көлемі кішірейеді, жасуша өзінің пішінін өзгертеді?
567. Липидтердің пероксидті тотығуының салдарынан митохондрия құрылымында
қандай қызметтің жоғарылауы байқалады?
568. Жедел лейкозбен ауыратын науқаста сүйек кемігін биопсиясын
иммуноцитохимиялық зерттеуде ДНҚ фрагментациясы апоптозға тән белгілері бар
жасушалардың саны көп мөлшерде кездесті. Апоптозда ДНҚ фрагментациясы
қандай ферменттің көмегімен жүреді?
569. Емізулі баланы зерттелгенде, қолдың үшінші және төртінші саусақтарының
қосылып қалғандығы анықталады. Апоптоздың типін анықтаңыз
570. Алғаш рет бакуловируста апоптоз ақуыздарының ингибиторлары анықталды.
Апоптоз ақуыздарының ингибиторларының негізгі рөлі 3, 7, 9 каспазларының
белсенділігін басып тастау. Апоптоз сигналдарының берілуін тоқтататын
ингибиторды анықтаңыз?
571. 10-12 аптасында түсік тастау қаупі болған жүктіліктен, 2600,0 г. салмақпен
бала туылды. Туылғаннан кейін 12 сағаттан соң баланы тексергенде жағдайы ауыр
болып, құсулар байқалды. Балаға өңештің туа біткен ақаулығы диагнозы қойылды.
Бұйрықтық апоптоздың бұзылуынан болатын өңештің даму ақаулығы қайсы?
572. Ауру Д., 62 жаста, бұрын от жағушы болып жұмыс істеген. Ларингоскопия
жасағанда жұтқыншақтан ісік анықталды Апоптоздың қандай типі бұзылғанда
ісіктің осы түрінің дамуына алып келеді?
573. Екінші күні тексеру кезіндегі орташа ауырлықтағы баланы іш қуысының
радиографиясын қарау кезінде, ащы ішектің атрезиясы, ішектің бітеулігі анықталды.
Қандай жасушалық механизм қызметінің бұзылуы балада қуысты мүшенің дұрыс
түзілмеуіне алып келді?
574. Иммундық жауап беру соңында және жедел қабыну кезінде лимфоциттерде
нейтрофилдердің жойылуы жүреді. Апоптоздың қандай түрі туралы сөз болды?
575. Бұл ақуызыдың көп бөлігі өзінің гидрофобты негіздерімен митохондрияның
ішкі
және
сыртқы
мембраналарына
жабысып,
проапоптотикалық
макромолекулалардың шығуына жол бермейді. Қандай ақуыз туралы сөз болды?
576. Цитохром С цитоплазматикалық адаптор Apaf-1ақуызымен байланысады
(apoptotic protease activating factor-1). Осы ақуыз кешенімен қай каспаза белсенді
болады?
577. Апоптоздың басталуына жауап беретін, каспазалар:
578. Жиі скринингті адамның қатерлі ісік ауруына тұқым қуалауға бейім гендеріне
қатысты жағдайларда ұсынуға болады. Қандай гендер сүт безі қатерлі ісігіннің
тұқым қуалау қаупінің жоғары болуын ақтайды?
579. Әрбір адамның жасушаларында жасушалық циклдің ақуыздарын кодтайтын,
жасушалық цикл гендер жиынтығы болады. Жасушалардың бөліну үрдісін
бақылауға қайсы гендер тобы қатысады?