Сабақтың өткізілу форматы: On-line тестілеу, ситуациялық есептерді шешу, кариотиптерді
талдау нәтижелерін талқылау.
Бақылау: бағалау – суммативті, тестілеу, ситуациялық есептерді орындау және талдау негізінде
қойылады. Module dis.kaznmu және Zoom платформаларында қашықтықтан оқыту кезінде.
БОӨЖ тапсырмасы: Ситуациялық есептерді шығару: 1. Полипептид тізбегі мына аминқылдардан тұрады: валин - аланин – глицин – лизин – триптофан
– валин – серин – глутамин қышқылы – генетикалық кодты пайдалана
отырып, аминқышқылдар ретін анықтаңыз.
2. Трансляция процесінде т- РНҚ 30 молекуласы қатысты. Ақуызды синтездейтін амин
қышқылының санын анықтаңыз, сондай- ақ осы ақуызды кодтайтын гендегі триплеттер мен
нуклеотидтер санын анықтаңыз.
3.Полипептидтік тізбектің биосинтезіне т- РНҚ УУА, ГГЦ, ЦГЦ, ААГ, ЦГУ антикодондарымен
қатысты. Осы полипептидтік тізбектегі ақпаратты тасымалдайтын ДНҚ молекуласы тізбегінің
әрбір нуклеотидтік қатарын анықтаңыз. ДНҚ молекуласы қос тізбегінің А, Г, Т, Ц нуклеотидтер
санын анықтаңыз.
4. Егер ДНҚ нуклеотидтерінің осындай тізбегімен кодталатыны белгілі болса, ақуыз
молекуласының бір аймағында аминқышқылдарының орналасу ретін көрсетіңіз
...ГГТ АЦА ЦТЦ ААГ ГТА...
Егер алтыншы нуклеотид ДНҚ молекуласынан химиялық жолмен алынып тасталса, жауап қалай
өзгереді?
5. Инсулиннің бастапқы бөлігі фенилаланин – валин – аспарагин қышқылы– глутамин-гистидин –
лейцин – цистеин – глицин – серин – гистидин аминқышқылдарынан тұрады. Инсулинді
кодтайтын ДНҚ тізбегіндегі А+Т және Г+Ц сандық көрсеткішін анықтаңыз
6.Кесе толтыру: «Тұқым қуалайтын ақпаратты іске асыру: транскрипция, трансляция»
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ