«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» Молекуалық биология және медициналық генетика
кафедрасы
Силлабус
Редакция: 1
64 беттің 43 беті
5) Эукариоттар гендерінің белсенділігінің реттелу ерекшелігі, деңгейлері,
сипаттамалары:геномдық, транскрипциялық, посттранскрипциялық, трансляциялық,
посттрансляциялық.
6) Гендер белсенділігінің реттелуінің бұзылуы және оның патологиялық үдерістермен байланысы.
7) Тақырып бойынша 5 терминнен тұратын үш тілде глоссарий құрастыру. Сабақтың өткізілу форматы: On-line тестілеу, ситуациялық есептер шығару. Бақылау: Бағалау – суммативті тестілеу, ситуациялық есептерді шығару, нәтижелерін ауызша
талдау, нәтижелері бойынша бағаланады.
БОӨЖ арналған тапсырмалар: 1. Индуцебелді оперонның моделін және репрессибелді оперон моделдерінің сызбаларды сызу.
2. Ситуациялық есептерді шығару.
2.1.РНҚ полимеразаны танитын сайты- ТАТААТ, -35 жүйелік ТТ ГАЦ А,
репрессор – ақуызының оперондағы танитын сайты (оператор)-АТТТТАТ, құрылымдық гендер
ТАЦ кодондарымен басталып АТЦ кодондарымен аяқталады. Гендер аралығында спейсерлік
ТТТТ бөліктер орналасқан.
а) осы ақпаратты пайдалана отырып, 3 құрылымдық геннен тұратын Lac–оперонының моделін
құрастырыңыз: құрылымдық ген Z- 5 кодоннан тұрады, құрылымдық гендер Y және A - 4
кодоннан тұрады.
б) транскрипция жүргізіңіз, қанша а-РНҚ түзіледі?
в) трансляция жүргізіңіз, ДНҚ-ң осы бөлігінде қанша ақуыз кодталған? Олардың құрамын
анықтаңыз.
2.2.Ішек таяқшаларының бактериялары бар ортаға лактозаны қосты. Ф.Жакоб пен Ф.Мононың
оперон теориясы туралы білімдерінді қолдана отырып, бактериальді жасушаларда қандай реттеу
тетіктері жұмыс жасайтынын түсіндіріңдер. 1.
Лактоза оперонының құрылысы
2. Лактоза опероны индукция типі бойынша қалай жұмыс жасайды?
3. Терминатор зонасының маңызы
4. Неліктен оперон жұмысы барысында полицистронды а-РНҚ түзіледі?
5. Соңғы өнімнің артық түзілісі кезіндегі оперон репрессиясының механизмін түсіңдір.
3. E. coli бактерияларына жасалған зерттеу жұмыстары барысында бұл бактерияда ферменттердің
3 типі бар екендігі анықталды.Осы фермент типтерінің аттарын жаз.