Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК



бет119/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   258
Клиникалық жағдай – 2
Ақпарат № 1: Құрбанова Аяулым 1,5 жаста. Күрделі жүректің туа біткен ақаулығымен туылған: Оң жақ жүрекшеден тамырлардың екі есе ағуы, магистральді тамырлардың транспозициясы, жүрекше аралығының ақаулығы (Двойное отхождение сосудов от правого желудочка, транспозиция магистральных сосудов, дефект межжелудочковой перегородки)
Қосымша ақпарат: Қыздың анасы – 34 жаста. Кітапханада қызмет жасайды. Жүктіліктің 8 айында УДЗ балада жүрек ақаулығы бар екенін көрсеткен. Зиянды әдеттерден аулақ: ішпейді, темекі тартпайды. Жүктілік қалыпты өткен. Дәрілік препарат қолданбаған. Жүктіліктің алғашқы айларында, қызамықпен ауырған 5 жасар баласына күтім жасаған.
Әкесі 35 жаста. Алматы қаласының 6 подстанциясында фельдшер болып қызмет атқарады. Зиянды әдеті жоқ.
Отбасында тұқым қуалайтын аурулар кездеспейді.


Клиникалық жағдай – 3.
Ақпарат № 1: Дорощенко Арина 3 жаста. Жүректің туа біткен ақаулығымен туылған: Жүрекалды аралықтарының ақаулығы, ашық артериялды ағыс (дефект межпредсердной перегородки, открытый артериальный проток).
Қосымша ақпарат: Қыздың анасы 37 жаста. Қалалық әкімшілікте қызмет жасайды. Жүктілік қалыпты өткен. Жүктілік кезінде дәрілік препараттарды қолданбаған. Зиянды әдеті жоқ.
Әкесі 40 жаста.Шет елдік уран өндіретін компанияда инженер болып қызмет жасайды. Зиянды әдеті жоқ.
Отбасында 7 сыныпта оқитын үлкен ұлы бар.


Клиникалық жағдай – 4.
Ақпарат № 1: Жармаханов Эльдениз 6 жаста. Жүректің туа біткен ақаулығымен туылған: Магистральді тамырлардың транспозициясы, өкпе артериясының ақаулығы (транспозиция магистральных сосудов, стеноз легочной артерии)
Қосымша ақпарат: Анасы 45 жаста. Жүктілік ауыр өткен: 1 триместрде токсикоз, жүктілікті тоқтату қауіптілігі болған. Әйелдің анамнезінде өлі туылу, түсік тастау кездескен. Жүктілікті сақтау үшін дәрілік препараттарды пайдаланған.
Анасының әкпесі және отбасындағы бір бала жүректің туа біткен ақаулығымен туылған.
Әкесі 49 жаста. Қант диабетімен ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет