Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК


Типтік және ситуациялық есептер шығару және анықтау



бет130/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   258
8.2. Типтік және ситуациялық есептер шығару және анықтау:
- генотиптерді жіктеп жазу және гаметалар түзе білу;
- генетикалық карта фрагменттерін құра білу;
- аллельді және аллельді емесгендер әсеріне есептер шығара білу және олардың әрекеттесу формаларын анықтай алу;
- дамудың туа біткен ақаулықтарына;
- популяцияда гетерозиготтардың кездесу жиілігіне;
- жасушалық механизмдердің бұзылуына

Құрастырушы: Қ.А.Тарақова


9 сабақ


1. Тақырыбы: Адамның хромосомалық аурулары


2. Мақсаты: студенттерде хромосомдық аурулардың пайда болу себептерін, олардың даму механизмі мен клиникалық белгілерін және хромосомдық ауруларды диагностикалаудың әдістерін, олардың жаңа туған жас сәбилер мен балалардың жалпы паталогиясының ішінен тани алу қабілетін қалыптастыру.


3. Оқыту міндеттері:

  • хромосомдық аурулардың пайда болу себептерін түсіндіру және оқыту;

  • хромосомдық және геномдық мутациялардың пайда болу механизмін түсіндіру және оқыту;

  • кариотиптеудің, Денвер және Париж номенклаторлы хромосомның мәні мен мағынасын түсіндіру және оқыту;

  • студенттерді әр түрлі типті хромосомдық аурулардың кариотиптерінің жазбаларын шешуге үйрету;

  • студенттерді ауру және сау адамдардың кариотиптерін ажыратуға үйрету;

  • студенттерді хромосомдық аурулардың негізгі клиникалық белгілерімен таныстыру;

  • студенттерді әр түрлі паталогиялы аурулардың ішінен хромосомдық аурулары бар науқастарды тануға үйрету;

  • студенттерді тұқым қуалайтын паталогияны анықтау барысында практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға үйрету.



4. Өткізілу түрі: топпен жұмыс, әңгіме


5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Хромосомдық аурулардың пайда болу себептері.

  2. Хромосомдық ауруларды тудыратын мутация типтері және олардың пайда болу механизмдері.

  3. Хромосомдық аурулардың клиникалық көріністері (белгілері).

  4. Аутосомдық синдромның сипаттамасы.

  5. Гоносомдық синдромның сипаттамасы.

  6. Хромосомдық аурулардың медицина мен денсаулық сақтаудағы маңызы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет