Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК



бет3/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258
2.2 Пәннің мақсаты:
Молекулалық биология және генетиканы зерттеу үдерісінде құзыреттілікке бағытталған медициналық білімнің жаңа моделін қолдану, бұл:
- студенттерде ағза қызметтерінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы заманауи білімді (когнитивтік құзырлылықты) қалыптастыру
- молекулалық биология мен генетикадан алған білімді клиникалық практикада (практикалық дағдыларды) тиімді қолдану
- коммуникативтік құзыреттіліктің бастапқы деңгейдегі дағдыларына үйрету: басқа адамдармен қарым – қатынас құра білуді, топтастарымен қатынас құруды, сабақтың мақсатына жетуге жағымды атмосфераны қолдау
- ҚР-ының денсаулық сақтау мен фармациядағы нормативтік-құқықтық құжаттарды (құқықтық құзырлылықты) білу
- өзінің портфолиосын жасау арқылы өзін-өзі жетілдіру.


2.3 Пәннің міндеттері:

  • кеңінен таралған ауруларды нақты диагностикалау, алдын алу және емдеу үшін ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайдағы қызметтеріндегі молекулалық- генетикалық және жасушалық механизмдердің ролін түсіндіру;

  • теориялық және практикалық медицинада қазіргі молекулалық генетикалық әдістер мен технологиялардың негізгі принциптері жайлы пікір қалыптастыру;

  • тұқым қуалайтын ауруларды дер кезінде диагностикалау және алдын алу үшін олардың негізгі белгілерін тани білуге үйрету.

  • молекулалық–генетикалық зерттеулердің жетістіктерін медицинада қолданудың этикалық және құқықтық нормалары жайлы түсінік беру.

  • ғылыми әдебиеттер мен электрондық базалардың тұқым қуалайтын аурулар бойынша мәліметтерімен жұмыс істеу дағдыландырын үйрету.



2.4 Оқытудың түпкі нәтижелері:
Студент өзінің нақты жетістіктерін көрсетуі қажет– бұл білімдер, ұғымдар, дағдылар, шеберліктер жиынтықтары:
- когнитивтік құзырлылықты қалыптастыру - білімдер мен ұстанымдар, басқа да құзырлылықтар:

  • ағза қызметтеріндегі негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;

  • тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың тірі ағзалардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі ролі мен маңыздары туралы;

  • тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері туралы;

  • тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;

  • тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың ролі туралы;

  • гендермен бақыланатын тұқым қуалаушылықты, белгілердің (аурулардың) тұқым қуалау типтерінің, және практикалық дәрігерлер қызметінде аурулардың тұқым қуалау сипатын анықтаудағы олардың қолданылуы туралы;

  • организмнің дәрілік препараттарға реакцияларының тұқым қуалаушылықпен анықталатын полиморфизмінің жасушалық механизмдері туралы;

  • дәрілік препараттардың синтезделуі мен қолданылуының молекулалық негіздері туралы;

  • халықаралық тілдегі молекулалық-биологиялық және генетикалық терминалогиялар туралы;

  • тұқым қуалайтын патологиялардың, дамудың туа біткен ақауларының алдын алудың құқықтық аспектеріндегі проблемалар туралы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет