Жер шарындағы климаттық белдеулер. Климат қалыптасырушы факторлар
06.07.2017
Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдардың оңтүстік оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулерін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүсттікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түстіндіріледі.
Материктің географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүсттікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.
Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстіктігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.
Материктің батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүсттікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді. Материктің шығысы мен оңтүстігінде биік таулы белдеулердің орналасуы Тынық және Үнді мұхиттарынан келетін муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі жасап, таулардың жел жақ беткейлеріне ылғалдың мөлшерден артық түсуіне себепші болады. Мұхиттардың материк климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне, қысым аймақтарының орналасуына, басым желдерінің бағытына және материк жағалауының қаншалықты тілімдену дәрежесіне де байланысты.
Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгередіә. Биіктік климаттықбелдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.