Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі қағидалары


Субтропиктік климаттық белдеу



бет13/18
Дата03.06.2022
өлшемі0,66 Mb.
#36309
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
физ мат

Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де, климат әр түлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

  • Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қыс батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады. Мұнда аптапты ыстық пен құрғақшылыққа төзімді мәңгі жасыл, қаттыжапырақты өсімдіктер кең тарлған. Бұл климат басқа материктердегі субтропиктік белдеудің де батыс бөліктеріне тән. құрлықтың ішкі бөліктерінде субтропиктік белдеудегі климаттық жағдайда қоңыржай белдеудегі сияқты континенттік сипат алады. Жазда аңызақ, ыстық желдер, құмды дауылдар жиі болады, қыс біршама салқын.

  • Белдеудік орталық бөлігіндегі таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

  • Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.

  • Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды қамтиды. Гималай тау климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық белдеу бір-бірімен шектеседі. Жазда Үнді мұхитынан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынныі жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, максимальдісі 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет