Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі қағидалары



бет12/18
Дата03.06.2022
өлшемі0,66 Mb.
#36309
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
физ мат

Климаттық белдеу. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.

  • Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суымен шайылып жатқан шығыс бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста – 400 С, — 500 С-қа дейінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді.

  • Сондықтан құрлық пен мұхит беті аздап қана жылынады, температура 00С, +40С-қа дейін ғана көтеріледі.

  • Материкке қарай тұрақты соғатын суық солтүстік-шығыс желдері әсерінен жыл бойы тұманды ауа райы басым. Мардымсыз жауын-шашын тек қана қар күйінде жауады. Шығысқа қарай климаттың қатаңдығы арта түседі, мұндағы аралдар мұз құрсауында жатыр.

  • Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Климаттық арктикалыққа қарағанда салыстырмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

  • Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеулер қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

  • Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 00С-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынныңмөлшеріжылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.

  • Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жаз жылы, қыс суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

  • Белдеудің Оралдан шығысқа қарай орналасқан орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа массалары басым болады. Сондықтан температура -500С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пайда болады. Қар жамылғысы жұқа. Бұған Монғолияда қалыптасатын жоғары қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ континенттік ауа массалары себепші болады. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл компаненттік деп аталады. Қазақстан жеріне де осы аталған климат тән.

  • Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды. Оған үлкен материк пен алып мұхит арасындағы қысым айырмашылығы себепші болады. Қысқы муссон өте қатты салқындаған құрлықтың ішкі бөлігінен соғатын суық, құрғақ ауа түрінде Тынық мұхитқа қарай бағытталады. Ал жылдың жылы мерзімінде тез қызып, қысымы төмендеген құрлыққа Тынық мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелетін жазғы муссонсоғады. Қыс суық әрі құрғақ, жаз қоңырсалқын, жаңбырлы болды. Муссондық климат Еуразияның Тынық мұхит жағалауын түгел қамтиды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет