Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10948
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

52

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

Сосын  мұғалім  балаларға  кемпірқосақтағы  түстерді 

реттілігімен  есте  сақтап  алуларына  уақыт  береді  де,  су-

ретті тақтадан алып тастайды.

Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін

мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен 

салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан 

кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып 

сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.

«Кесек қар» дидактикалық ойыны. Оқушылар 

шеңберге тұрады. Бірінші оқушы отбасының бір мүшесін 

атап, допты екінші оқушыға лақтырады. Ол допты ұстап 

алып, алдыңғы екі сөзді қайталап, өз сөзін айтып, допты 

келесі оқушыға лақтырады. Алдыңғы оқушының артынан 

барлық сөздерді қайталап, өз сөзін айта алған оқушы 

жеңімпаз атанады.

«Доппен ойын» — балалар допты бір-біріне лақтырып, 

тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастырып айту керек. 

«Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар 

жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек. «Затты 

тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, 

сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу 

керек, «Сөз құрау» — суретке қарап атын атау және 

осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» 

ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе санды дұрыс 

оқымайды, мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым 

білмес It's twelve десе, сынып түзетеді No, it's twenty деп 

жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл 

түсті карточкыны көрсетіп «What colour is it?» балалар 

It's red деп жауап береді.

«Bingo» ойыны. Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, 

сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздерді 

бейнеленген флэш-карталарды мөлдір емес дорбаға 

салады. Балалар кезек-кезек 1 карточкадан шығарып, осы 

сөзді айтады. Бірақ сыныпқа көрсетпейді. Қолында осы 

сөзді бейнелейтін суреті бар оқушылар өздерінің жолынан 

оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып 

тастаған бала «Bingo!» — деп айқайлайды. Мұғалім 

жаттығудың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер сөздердің 

барлығы аталған болса, бұл бала жеңімпаз атанады

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі 

лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және 

ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген 

ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде 

қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу 

үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының 

сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына 

байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын 

арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды 

қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің 

жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл 

меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы 

дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, 

ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ 

мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.

Әдебиет:

1.  Мектептегі шетел тілі. Республикалық әдістемелік журнал. № 6.2011

2.  Мектептегі шетел тілі. Республикалық әдістемелік журнал. № 6.2012

3.  Қазақстан мектебі. № 1.2004. Ғылыми-педагогикалық журнал.



Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қалыптастыру

Оспанова Гульнар Утепбергеновна, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы; 

Бекқадам Гүлфариза Әлиасқарқызы, аға оқытушы

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде 



халық педагогикасын пайдалану бойынша мол 

тәжірибе қалыптасқан. Негізгі мақсат — жас ұрпаққа 

қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық 

өнерін, дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушы-

лардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық, қадір-қа-

сиетін қалыптастыру. Өйткені еліміз үшін жас ұрпақтың 

өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды 

болып табылады.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы 

идеялары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қа-

зақстан — 2030» халыққа жолдауында: «…біздің ұр-

пақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік 

жүгін арқалайтыны…» туралы баса атап арқалайтыны…» 

туралы баса атап көрсетілген болатын [1].

Ұлттық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар 

сан қырлы. Оған ұлт тарихы, ұлттық материалдық және ру-

хани мәдениет, халық фольклоры, дәстүрлер мен салт-жо-

ралғылар, ұлттық психологияның элементтері, саясат пен 

қоғам идеологиясы әсер етеді. Осы тұрғыдан ұлттық тәр-

биені қалыптастыратын мәселелердің өрісі жайлы ай-

тылып жүр. Мұның арасынан тек мектеп оқушылары ғана 

емес, жоғары білімді мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге 

дайындаудың теориясы мен практикасының қолға алынуы 

құптарлык нәрсе. Дегенмен, осы кешенді құбылыстардың 

арасынан ұлттық тәрбие үдерісінде ұлттық психология 


53

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

үлесінің қомақты екендігі дау тудырмаса керек. Мұның 

өзі — қазіргі егеменді тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-саяси 

және экономикалық жағдайында ерекшеленіп отыр. Оған 

нарықтық қатынастар дәуірінің өмір салтының психо-

логиялык, дәстүрлік өзіндік қасиеттері қосылады. Соған 

орай көптеген тарихи-дәстүрлік белгілер жаңа рухымызға, 

ұлттық тәрбиеге үйлесімді жүзеге асуы қажет [2].

Тарихи мәдениет, оның өрістері ұлттық рухтың көзі 

болғандықтан тәрбие үдерісіне әсері жүйелі әрбір әлеу-

меттік топтың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгені 

дұрыс. Сондықтан бала бақшалардағы, мектептің әрбір 

сыныптарындағы ұлттық тәрбиенің барысы ерекшеленіп 

тұруы қажет. Мұндағы ескерілетін жағдай-еліміздің көп 

ұлттылығында. Әсіресе, мектептердегі қазақ және орыс 

сыныптарына арналған міндетті оқу құралдарының ұлттық 

тәрбиеге байланысы мен мазмұны негізі жатса пайдалы 

болар еді. Осы мәселенің ара жігін дәл анықтап тәрбиенің 

құралына айналдыра білу де әдіснамалық міндеттердің 

бірінен саналады. Басты бағдар-барлық ұлт балаларының 

елімізге деген ортақ сүйіспеншілік сезімін, мүдделерін қа-

лыптастыру. Тек оқу үдерісі емес, мәдени-көпшілік ша-

ралары да оқушыларға ұлттык тәрбие беруде түрлі тәсіл-

дердің шебер әрі ұтымды пайдаланылуын іздестіруді талап 

етеді.

Бастауыш сынып тұлғасының ұлттық психологиялық 



ерекшелігі ұлттық психикалық құрылымға байланысты. 

Ұлттық психикалық құрылым үш компоненттен тұрады: 

ол ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық  мі-

нез-құлық. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің 

шартты белгілері болып табылады.

Ұлттық тәрбиені тар мағынасында, белгілі бір ұлттың 

халықтық педагогикасы арқылы оқушыны тәрбиелеуді 

көздейтін салыстырмалы түрде мақсатқа бағытталған 

үдеріс ретінде қарастырамыз. Кең мағынасында, ұлттық 

тәрбиені — халықтық педагогиканың іс-тәжірибедегі 

шынайы тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану арқылы 

бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігін қа-

лыптастырудың тұтас үдерісі.

Ұлттық тәрбиелілік — бұл адамды белгілі бір ұлттың 

өкілі, ұлттық дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан-ұр-

паққа жеткізуші ретінде сипаттайтын адами қасиет болып 

табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-білімімен, са-

на-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра 

алу дәрежесімен мінез-құлқымен өлшенеді. Демек, бұдан 

шығатын қорытынды: бастауыш сынып оқушыларының 

ұлттық тәрбиелілігі өз кезегінде кіріктірілген біртұтас 

тұлғалық құрылым болып табылатын когнитивті, эмоци-

ялық және мінез-құлықтық компоненттерін қамтиды.

Тұтас педагогикалық үдерістің өзіне тән компоненттері 

бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны фор-

малары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл ком-

поненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асы-

рылады, демек, педагогикалық үдеріс сонда ғана татымды 

нәтиже береді [3].

Біз үлгі құру барысында тәрбие үдерісінің ерекшелік-

теріне де сүйендік. Тәрбие үдерісі — күрделі динамикалық 

жүйе. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие үдерісі жүй-

есінің төмендегідей өлшемдер бойынша құрылған мо-

делі белгілі: тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері, 

мазмұны, үдерістің жүру шарттары, тәрбиеші мен тәр-

биеленушілердің өзара іс-әрекеті, қолданылатын әдістер, 

формалардың, үдерістің даму сатыларының, т. б. өзара 

байланысы.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде негізінен 

белгілі бір тұлғалық сапаларды анықтауға қатысты диа-

гностикалық мағлұматтар болады. Осы мағлұматтарды 

есепке ала отырып, ұлттық тәрбие жұмысын жоспарлау 

жолдары талданды. Бірақ педагогтар оқушы жеке тұлға-

сының дербес ерекшеліктерінің сан қырларын оқып-үй-

ренуде әртүрлі қиыншылықтарды бастан кешіріп отыр, 

мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен ұлттық тәрбие 

беру жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға кедер-

гілер келтіруде.

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын оқып-үйрену 

жұмысы дербес құрылуы керек. Оның өзіндік ерекшелігі, 

тума қасиеттері, қабілеттері, қызығушылығы мен бей-

імділігі, білім дәрежесі, қарым-қатынасы, өзіндік танымы 

тек нақты өмір жағдайында ғана айқын көрінеді.

Оқу іс-әрекеті бастауыш сынып оқушысы ең алғаш 

нақты кіріскен қалыпты әлеуметтік іс-әрекет болып табы-

лады. Әрине, өйткені оның ары қарай дамуы «бала мектеп 

оқуына қандай дайындықпен келгендігіне және екіншіден, 

оған әсер етіп отырған педагогикалық ықпалдардың жүй-

есіне» байланысты, оқуға, жаңа әлеуметтік рольді орын-

дауға деген қарым-қатынастың өзі осы кездегі баланың 

жеке тұлғасы дамуының басты және аса маңызды көрсет-

кіші болып табылады.

Тұлға дамуының тағы бір көрсеткіші бастауыш сынып 

оқушысының ұлттық сана-сезімінің дамуы, оның мо-

ральдық нормаларға сәйкес ұлттық мінез-құлқын оқу 

іс-әрекетінде және одан тыс уақытта, айналасындағы 

адамдармен қарым-қатынас жүйесінде жүзеге асыру қа-

білеті болып табылады.

Бастауыш мектеп жасында жеке тұлғаның қалыптасуы 

тәрбиенің басты факторы болып табылатын құрбы-құр-

дастарының арасында өтеді. Сондықтан бастауыш сынып 

оқушысының жеке тұлғасының дамуының маңызды 

үшінші көрсеткіші балалармен қарым-қатынасының си-

паты болып табылады [4].

Қорыта айтқанда, біздің ұлттық өнеріміздің, мәдени-

етіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін 

жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы 

әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу — бү-

гінгі күн талаптарының маңыздысы.

Әдебиет:


1.  Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан — 2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы — Алматы, 1997.

54

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

2.  Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие — ұлағатты іс. — Алматы, 1992.

3.  Бөлеев Қ., Ибраимова Л. Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие // Оқу құралы. — Алматы: 

Нұрлы әлем, 2008.

4.  Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика // Алматы, 1994.

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін 

арттыру ерекшеліктері

Смайлова Гулзира Сарсембайқызы, мұғалім

Шиелі ауданы, Н. Бекежанов атындағы № 156 орта мектеп (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қазақстан)

О

йлауды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде — оның ло-



гикалық формаларында — ақыл-ой әрекеттері іштей 

сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар 

жүйелері пайдаланылады. Алайда, мектеп жасына дейінгі 

баланың ойлауы таңбадан гөрі, бір жағдайларда нақтылы 

заттарды бейнелеп, басқа жағдайларды біршама жалпы-

лама және схемалы боатын бейнелерді көбірек пайдала-

нады. Мұның өзінде бала мәселе шешуді зат немесе оның 

баламаларымен жүргізілетін бірсыпыра өрісті әрекетті де 

түсінеді.

Физика сабағында оқушылардың логикалық ойлау 

қабілетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, 

оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен 

тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Мектеп практика-

сында физикалық есептермен жұмыс істеу процесінде не-

гізінен оны шешу жолдары көзделеді, шешуді іздестіру 

оқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыпта-

стыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлінеді [1].

Есептің шығарылу жолдарын жан — жақты талдау, 

оны басқа есептер шығаруға қолдану жақтары да аз қа-

растырылады. Оқушы белгілі бір есепті шығару нәтиже-

сінде алынған жаңа белгілі бір есепті қарастыру мақсаты 

аяғына дейін жеткізілмейді. Яғни фактілер пайдалануда 

шығарылған есеп оқушылардың білімдері мен іскерлік-

терінің арасындағы байланысты жеткілікті мөлшерде 

анықтай алмайды. Мұндай жағдайда есеп шығару про-

цессінде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту 

жөнінде айту қиынырақ болады.

Бұл мақсатты мазмұнды есептер шығару кезінде жүзеге 

асыру мүмкіндіктері бар.

1–4 сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін 

дамытуда мазмұнды есептермен жұмыс істеудің жалпы 

тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.

Мектеп практикасында мазмұнды есептерді прак-

тикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық 

тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданы-

латын — арифметекалық және алгебралық тәсілдерге 

көп назар аударылады. Баланың ойлау қабілеті оның қи-

ялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақтау мүмікіндігін 

арттырады. Оқушыларда мағыналы ойлауын тудыру әре-

кеті контексте жаңа элемент ендіру және өзгерту әдісі қол-

данылады. Мәтіннің мазмұнын жаңғырту әрекеті: оқушы 

позициясында, ситуативті элементерін тауып, оларды 

контексте мағаналы сөз формаларын немесе сөз қосын-

дыларын ендіру арқылы жою. Мұғалім ертегіні бастайды, 

оқушы оны жалғастырады. Мағыналы мазмұнды ойлау 

арқылы тудыру әрекеті, мәтіннің мазмұнын түсініп, кері 

байланыста қайта қабылдауы арқылы сөз арқылы қайта-

лайды [2].

Ойлау мен ауызекі және жазбаша тілдің арасын-

дағы айырмашылық келесі төрт параметрлерде көрініп 

тұрады — ситуативтілік, лексикалық жан-жақтылық, 

ақиқаттың сапалы белгілерін бейнелеуі, ақиқаттың бел-

сенді жағын бейнелеуі. Сондықтан, оқушылардың ауызекі 

және жазбаша тілдерін салыстыру осы параметрлермен 

жүріп жатады. Берілген параметрлердің мазмұндарын 

қысқаша түсінік берейік.

Мазмұнды есептерді шығарудың арифметикалық 

және алгебралық тәсілдері өзара байланысты, өйткені 

мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару ариф-

метикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен 

жұмыс істелудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру есепті 

шығарудың арифметикалық тәсілінен алгебралық тәсіліне 

көшу арқылы жүргізіледі деген сөз.

Физикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушы-

лардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында 

есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұ-

мыстарын жұргізу орынды. Ол үшін есепті талдаудың мы-

надай кезеңдерімен таныстырған жөн:

1.  Есептің мәнін оқып талдау.

Бұл кезеңнің мақсаты — есепте баяндалған жағдаймен 

танысу және оны терең ұғыну, оның нысанды жақтары мен 

объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.

2.  Есептің мәтінін физикалық тілге көшіру. Бұл ке-

зеңде есептің объектілері үшін шартты белгілер алынып, 

олардың арасындағы байланыстарға математикалық, гра-

фикалық нтерпретация беру — шешу моделін құру.

3.  Модельмен жұмыс істеу [3].

Физиканың есептерін шығару кезінде оқушылардың 

есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушы-

лардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал 

етеді. Ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру міндеттерді 


55

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

шешу барысында (онтогенез бен өзекті генездің өзек-

тілігіне қатысты) ойлау әрекеттерін қалыптастыруды 

П. Я. Гальперин зерттеген. Ойлау әрекеттері материалдық 

әрекеттердің түрлі деңгейдегі тақырыптық психологиялық 

құрылымдармен (қабылдау, елестету, ұғыну) әрекет жа-

сауға ауысуы арқылы қалыптасады. Мұндай әрекет жасау, 

алдымен, дыбысталатын сыртқы тілдің, кейін ішкі тілдің 

құралдары арқылы жүзеге асырылады. Соңғы деңгей — 

«таза ойлаудың», «мінсіз» әрекеттің ең жоғары нысаны 

көрініс табады.

Баланың ақыл — ойының жоғары жұмыс істеу қа-

білеті — ағзаның функциялық жағдайының қолайлы 

болуы мен денсаулығының жақсы болуына қызмет етеді. 

Осы орайда барлық жағдайына қарай балаларды салы-

стырғанда денсаулығы нашар оқушылардың ақыл — ой 

еңбегі денсаулығы жақсы оқушылардыкінен төмен си-

патта болады. Оқушылардың ой еңбегінің төмендеуі — 

олардың шаршағандығын байқатады. Шаршау — оқушы 

қызметінің нашарлап, еңбек ету қабілетінің төмендегенін 

сипаттайды. Шаршағандық орталық жүйке жүйесінде өз-

герістердің болуына байланысты. Шаршаған заңдылық 

бола тұрумен қатар, ол физиологиялық қолайлы процес-

стер. Ол бір жағынан ағзаны өте шаршап кетуден сақтаса, 

ал екінші жағынан жұмысқа кірісерден бұрын ой қа-

білетінің жұмыс деңгейін белгілі бір мөлшерде реттеп 

отырады. Мұндай жағдайлар үнемі жұмыс істеу жүй-

есінде ағзаның функциялық кеңею мұмкіндігін үнемі то-

лықтырып отыратын көрініс. Олар спорттық жаттықтыру 

негізінде оқушылардың оқудағы жұмыс істеу қабілетін ын-

таландырады. Сондықтан оқушыларды мектептен шарша-

татын жұмыспен айналыстырмай, оқу еңбегінің шаршат-

пайтын тиімді жолдарын құрастыру қажет. Бұл мәселеде 

тек қана оқу қызметінің мазмұны Ұйымдастыру формала-

рымен ғана шектеліп қалмай, олардың белсенділігін арт-

тыруда, демалуына да қатты көңіл бөлген дұрыс.

Егер оқушылардың оқу жүктемесі баланың функцио-

налдық жүктемесіне сәйкес келмесе, әсіресе, ауру немесе 

денсаулығы нашар болса, оқу еңбегі лайықты ұйымдас-

паса тұрақты күн тәртібі бойынша дем алмаса, мұндай 

жағдайларда қорыта айтқанда ағзаның өте шаршағандығы 

байқалады. Ұйқының бұзылуынан, қабылдауы, сезінуі, 

еске ұстауы, тез ашулану, себепсіз дау, себепсіз алаңдау 

т. б. осындай жағдайларда көңіл күйі шарасыздыққа тіре-

леді. Ой қабілетінің жұмыс істеуі және танымдық белсен-

ділігі тез төмендеп, оқу үлгеріміне әсер етеді.

Демек, оқушының оқу қызметі кезінде ағзаның жұмыс 

істеу қабілеті заңды түрде өзгереді. Алғашқы кездерде 

біраз уақыт бойында еңбектің сандық және сапалық көр-

сеткішінің жақсарғандығы байқалады. Бұл жұмыс істей 

алу қабілетінің бірінші фазасы-жұмысқа кірісудің қалып-

тасуы, яғни ағза жұмыс істеуге кіріседі, күйіне келеді. Ор-

талық жүйке жүйесінің белсенділігі артады, алмасу про-

цестер деңгейі өседі. Мұндай жағдай сабақ бойындағы 

алғашқы 5–7 минут көлемінде байқалады. Яғни жұмыс 

істей алу қабілеті қалыптасқаннан кейін дамудың екінші 

фазасы жұмыс істей білу қабілетіне оңтайланады [4].

Ағзаның барлық жүйесі бір-бірімен байланысып 

келісімді, жоғарғы тиімділікті қамти отыра, психо-физио-

логиялық шығындарды азайта жұмыс істейді. Оқушы оқу 

ақпаратының белгілі көлеміндегі сапасын көбірек мең-

гереді. Сабақта осы фазаға, еңбекке ынта қою, күш салу, 

оқушылардың жағдайына, сыныптағы тазалық сақтау 

жағдайларына да байланысты болады. Кіші жастағы 

оқушыларға 15–20 минут жеткілікті. Осыдан кейін жұмыс 

істей алу қабілетінің үшінші фазасы-шаршаудың (жеңе 

алу) орның толтыру. Оқушылардың жұмыс істей алу қа-

білеті жоғары деңгейде болуы — психикалық жүйкесінің 

еркін эмоциялық мүмкіндіктеріне байланысты болады. 

Белгілі бір жағдайға байланысты шаршағаны байқалады, 

бірақ жұмыс істеуі керек және ол қажет. Демек алдын ала 

дене шынықтыру минутын өткізіп және де олардың іс-әре-

кетін өзгертіп отыру шарт [4]. Жұмыс істей алу қабілетінің 

төртінші фазасы-шаршағанның орнын толтыра алмайтын 

фаза. Тіпті мұнда ерік күші де жұмыс істей алудың күрт 

төмендегенін жеңе алмайды. Ойлану мен оны ой елегінен 

өткізу ақпараты және жаңа білім алуға деген қабілеті 

төмендейді. Мұндай жағдай шаршаудың шегіне жеткен-

дігін байқатады. Фазалардың сыртқы белгілері-енжарлық, 

ұйқышылдық, жұмысқа деген қызығушылығының 

жоғалуы, оны істеуге бой ұрмауы. Балалар бұл кезде өзі-

өзіне көмек жасайтын тірек іздейді. Қолын партаға салып, 

басын қояды, жағын таянып қисайып жатады.

Мұның барлығы баланың ми қабының дүңгіршек-

терінің дамуына байланысты болатындығын көрсетеді. 

Оқу процесінің барысында баланың нақты функциялық 

процестерінің үнемі өзгерістерге түсіп отыруы — сабақ 

құрылысын ұтымды ұйымдастыруды мезгейді. Сабақ про-

цесінде тәрбиелеу мен оқытудың түрлі амал тәсілдері, же-

келік, топтық, ұжымдық, тәжірибелік түрлері пайдаланы-

лады. Оқушының мектептегі, сыныптағы ортасы-сабақ 

процесінде оған үлкен әсер етеді. Оқушы меқтептегі, сы-

ныптағы өмірінде әлеуметтік рөл атқарады. Оқушылардың 

оқу тәрбие процесін дұрыс жолға қоюда мұғалімдерден 

көптеген әдістердің жетістіктерін зерттеуді қажет етеді. 

Қазіргі оқытудың жаңа үлгісі жағдайында мұғалім не істеу 

керек, оқушыларға калай әсер етуі тиіс? Оқу тәрбие про-

цесін қалай ұйымдастыру керек? Сабақ жолдарын ұй-

ымдастырудың тиімділігі неде? Оның нәтижесі қандай бо-

лады? Деген сияқты сан қырлы сауалдарға жауап іздеу. 

Егер мұғалім өзінің айтқанын бұйрықпен орындатса, онда 

ол түсінікті. Яғни мұнда мұғалім оқушыларды тек өзін 

тындату туралы ойлайды. Бұл жағдайда көрсету бұйыру, 

бақылау баға әдістерімен жұмыс істету. Демек, осылар 

арқылы оқушыларға әсер ету. Екінші бір жолы: білім талап, 

бақылау баға. Мұның барлығы да оқушыларды оқыту мен 

тәрбиелеу процесінде мұғалімдердің қолданатын әдістері.

Білім мазмұнының басты ұстанымдарына сүйенсек, 

оқушы мен мұғалім рөлі, олардың әрқайсысының орны 

қандай болмақ? Баланы жеке тұлғаға бағдарлап оқыту 

және тәрбиелеу ұстанымы тұрғысынан қарасақ, «оқушы-

субъект», яғни ол-өзіндік орны, өз көзқарасы, пікірі бар 



56

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

тұлға. Олай болса, ол тұлғаның басқа да қасиеттері мен 

қабілеттерін, болмысын ашып, тани білу керек.

Баланың танымдық, ақыл-ой қабілеттерін оқу-тәрбие 

процесін ұйымдастыруды есепке ала отырып, олардың ин-

телллектуалды үздіксіз дамуын қамтамасыз ету, олардың 

пікірі мен көзқарасын бағалау, оларға ізгілік, адамгер-

шілік тұрғысынан құрмет көрсету, білімді өздігінен алуына 

жағдай, ықпал жасайды [5].

Әдебиет:


1.  Тәжібаев Т. Жалпы психология — Алматы, 1993.

2.  Тәжібаев С. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. — Алматы «Білім», 2008.

3.  Асама. И. Әдептен озбайық. — Алматы, 2004.

4.  Сүйеуова Г. Мінез-құлық ерекшеліктері анықтау // Қазақстан мектебі, — 2007.

5.  Жарықбаев. Қ. Жантануға кіріспе. — Алматы, 2000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет