127
конструкциялар да, өзге тарихи кезеңдер бойынша да берілгендей, мынадай үш
компоненттен құралады: біріншісі – сандық компонент, екіншісі – мөлшерлік
компонент, үшіншісі – заттық немесе қимылдық компонент. Осы үштік
құрылымның тұтастығы арқылы шексіз мөлшерлік семантика жасалады.
Конструкцияда
ең негізгі компонент
мөлшерлік компонент
болып, ол тұтас
мөлшерлік семантиканың жасалуына ұйытқы болады. Олай болса, біз дереккөз
ретінде алған ескерткіштерде жеке-жеке
мынадай мөлшерлік компоненттер,
өлшем бірліктер кездеседі:
– «Хусрау уа Шірін» поэмасында:
бір авуч тобрақ // бір уыс топырақ, бір
пара қағад
// бір жапырақ қағаз, йеті қат иер // жеті қабат жер, бір лоқма йегү
// бір жапырақ ас, бір йығач йер // бір йығач жер, бір журʻа сүсүн // бір ұрттам
сусын, үч аршун дәстар // үш аршын сәлде, йүз түман гәнж // жүз түмен байлық,
нечә қатра сув // неше рет су
т.б. үш компонентті мөлшерлік конструкциялар
кездеседі.
– «Мұхаббатнаме» ескерткішінде:
бир қатра суны // бір тамшы суды (2),
бир тар (
сачы)
Достарыңызбен бөлісу: