142
эпитет емес, анықтауышты тіркес сияқтанып та көрінеді. Бірақ олай емес, бұлар
– құрылымы тұрақты сипатқа ие болып бара жатқан эпитеттер.
Жыраулар поэтикасында қатыстық сын есімдерден түзілген
мөлшер
эпитеттердің
қайталаулы түрі кездеспейді. Бұл жыраулар поэтикасының өрлік
рухтағы төкпе өлең ағыны туынды сөзформалардың қайталануын «сүймеуінен»
болса керек. Ал
еселеуіш мөлшер эпитеттер
біршама мол кездеседі. Олар үш,
тіпті төрт құрамды болып та келеді. Мысалы,
толғамалы ала балта, тегеурінді
болат темір, жабағылы жас тайлақ, қу таяқты кедей; алпыс басты ақ орда,
жез қарғылы құба арлан, еңсегей бойлы Ер Есім
т.б.
Бұл эпитеттердің бәрінде де анықтауыш компоненттер күрделі құрамды,
бірнеше анықтауыштар үсті-үстіне қабаттаса берілген. Сол арқылы заттың
сапалық, мөлшерлік белгісін арттырғанның үстіне арттырып көрсеткен,
мөлшерлік семантиканың экспрессиясын одан сайын күшейткен. Мұндай
эпитеттерді Р.Сыздық «тұрақты эпитеттер» деп атайды [211, 27 б.].
Жыраулар поэзиясында кездесетін мөлшер эпитеттердің ендігі бір тобы кері
синтаксистік қатынаста болады. Тұтас тіркестің синтаксистік құрылысы
қарапайым сөйлеу тілінің синтаксисінен өзгеше, өлең тілінің синтаксисіне
жақын келеді. Яғни мұнда анықтауыштардың құрамы күрделеніп, күрделі
баяндауыш сияқтанып келеді. Мысалы,
жотасы биік Дендерім, қатынасы биік
көл(дер), тобыршығы биік жай, құрсағы құшақ бай(лар), құрсағы жуан боз бие,
Достарыңызбен бөлісу: