Байланысты: Та ырып Синтаксис туралы жалпы т сінік, синтаксисті зерттелуі..
Тақырып 1. Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі. . Негізгі ұғымдар: синтаксис, ғылым, грамматика, құрмалас сөйлемнің синтаксисі, тілдің синтаксистік құрылысы, синтаксистік категориялар, синтаксистік заңдылықтар.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis — қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөз бен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі — тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі — тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксисті «ғылым» деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, грамматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
Синтаксис ғылымының зерттейтін объектілері — тілдің синтаксистік құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өзара тіркесіп барып сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдарының жиынтығы болып табылады.
Тілдің ең басты, бір тұтас ұйысқан бөлшегі — сөйлем. Сөйлем — тілдің қоғамдық қызметі пікір алысудың ойды білдірудің негізгі тұлғасы. Ол қашаннан бері синтаксистік зерттеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз, сөз тіркестері ойдың бөлшекті элементтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.
Сөйтіп, синтаксис — сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр-сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді,олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде, оларды өзара және морфологиямен байланыста қарастырады.
Қорытып айтқанда, синтаксистің басты, арнаулы объектісі екеу: бірі — сөз тіркесі, екіншісі — сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единицалар: сөйлем қарым-қатынас жасауды, пікір алысуды қамтамасыз етудің, ал, сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы болу. Сол үшін сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп сөйлем құрамында жұмсалады. Олай болса, бұлар бірісіз бірі, әрқайсысы өз бетімен «өмір сүрмек» емес. Кейде, тіпті, сөйлем мен сөз тіркесінің тұрқы бірдей болып та шығады. Мысалы: Терезеге қарадым. қараңғы түн. Аттан түс! деген үш сөйлем бір-бір сөз тіркесінен құралған. Ал, Бәкен атының жалын одан, арқасын сипап, көзінің қиығымен Раушанға қарайды (Майлин) деген сөйлем бірнеше сөз тіркестерінен құралған: Бәкен қарайды, атының жалы, жалын одан, арқасын сипап, көзінің қиығы, қиығымен қарайды, Раушанға қарайды. Бұл сөз тіркестері іштей өзара байланысқа еніп, біріне - бірі ұласып, бірнеше сөз бір сөзге ортақтасып бағынып, ақыры аяғында, жіптіктей, әрі түсінікті сөйлем құралған.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің зерттелуі туралы айтқанда, оны зерттеушілердің қатарында Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев,
С. Жиенбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, С. Исаев, К. Аханов, Т. Сайрамбаев, Ә. Аблақов, Е. Ағманов, Р. Әміров, М. Серғалиев, А. Айғабылов,
О. Күлкенова т.б. атаған болар едік.
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің маңызы бұл еңбектен қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі арқылы байланысының көптүрлілігін мына бір мысалдан да байқаймыз.
Сөз тіркестері жөнінде алғашқылардың бірі болып келелі пікір айтқан ғалым С. Аманжолов болатын. Ол «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінде сөз тіркестері, олардың арасындағы байланыс туралы келесі тұжырымдарды білдіреді.