-тіміз //
-дық аффиксі іс-әрекетті істеуші субъектілердің бір емес, әлденеше мың
екенін білдіріп тұр. Бірақ нақты қанша екені белгісіз. Дегенмен көпше форманың
білдіретін сандық мәні алғашқы ондық пен жүздіктегі сандар еместігі айқын.
Өйткені ұлы жорықтарға мыңдаған, он мыңдаған адам қатысатыны тарихи
тәжірибеден белгілі. Мұнда көптік форманың сандық мәнінің шегін жадыда
сақталған «соғыс» ұғымындағы көптік семантикасы айқындап тұр. Ал үшінші
мысалда «сандық мөлшер» ұғымы
ечүміз, апамыз // атамыз, бабамыз көпше
формадағы зат есімдердің (адам)
-мыз, -міз // -мыз, -міз тәуелдік жалғаулары
арқылы берілген. Мысалда тәуелдік жалғаулары бір заттың бірнеше адамға ортақ
екенін де, әлденеше заттың әлденеше адамға ортақ екенін де білдіреді. Бірақ
нақты сандық мәні белгісіз. Жоғарыдағы мысалдар, біріншісі іс-әрекетті істетуші
субъектілердің сандық шамасын, екіншісі іс-әрекет субъектісінің санын,
үшіншісі меншік пен меншік иесінің санын білдіріп, үшеуі де белгісіз сандық
шаманы, яғни «сандық мөлшер» ұғымын білдіріп тұр. Тәуелдеудің көпше
формасы болсын, жіктік формасы болсын, бәрі де «з» дыбысымен аяқталады.
Мұның өзі аталған фонема көне түркі тілінде «көптік» ұғым беретінін аңғартады.
Бұл көптік мағынаны беретін аффикстердің түп-төркіні туралы ғалым
М.Томанов былай дейді: «Көптік мағына беретін көне қосымшалардың бірі
бі-з, сі-з есімдіктерінің құрамында келетін –
з. Н.К.Дмитриев «...
-ыз, -із является
архаичным показателем множественности» деп жазады.
Бегіміз – бегіміз, марымыз – оқытушымыз, қаныңыз – қаныңыз, ачыңыз – апаңыз дегендегі
-ыз, - із тәуелді жалғау қосымшалары бір кездерде тіпті Орхон
– Енисей түркі
ескерткіштері тілі қалыптасқанға дейінгі көптік жалғаудың ескі түрі болар деген
ойдан да біз аулақ емеспіз», – дейді [26]. «З» фонемасының тілдің тарихи
кезеңдерінде «көптік» ұғымын білдіргені дау тудырмаса керек. Алайда оның
көптік жалғауы болғаны әлі де нақты дәлелдерді қажет етеді.
-Тег (
-дай, -дей, -тай, -тей) қосымшасы салыстыру мәнді мөлшерлік
семантиканы білдіреді. Бұл қосымша бір зат пен екінші заттың шамасын,
мөлшерін, қандай да бір іс-қимылдың өлшемін, өзара ұқсас, шамаластық
деңгейін салыстыру мәнінде қолданылады. Ескерткіштерде аталған аффикстер
64
арқылы жасалған мынадай сөздер кездеседі:
ечісін тег // ағасындай (КТү., 5),
бөрі тег // бөрідей (КТү., 12),
қой тег // қойдай (КТү., 12),
қанын тег // хандай (КТү., 5) т.б.
Мұнда
-тег аффиксі зат есім сөздерінің көпшілігіне жалғанады. Жай
жалғанбайды, бір зат пен екінші заттың сынын, санын, мөлшерін салыстырады,
теңейді. Заттарды мөлшерлік тұрғыдан сипаттау сәтінде өзі жалғанған сөздерден
айрықша образды мөлшерлік мағына тудырады. Мысалы:
Қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміс, йағысы қой тег ерміс. Ілгерү-қурығару сүлеп тірміш қобартмыш (КТү., 12);
Қамуғы йеті йүз ер болмыш (КТү., 13)
// Қаңым қаған әскері бөрідей еді, жаулары қойдай еді. Ілгері-кейін аттанып, жинапты, көтеріпті; Бәрі жеті жүз ер болыпты ,
– деген үзіндідегі
бөрі тег // бөрідей, қой тег // қойдай сөзформалар -
тег // -дей қосымшалары арқылы жасалған. Осы тұста бұл
қосымшаны зат есім сөздерге жалғанып,