Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет51/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

қасқырдай жауыз, қойдай жуас
деген 
сындық мағынаны білдіріп, сын есім тудырушы жұрнақ дей салуға болмайды. 
Мұнда заттың қасиеті, қасиетінің жүзеге асу мөлшері семантикасы бар. Яғни 
үзіндідегі 
бөрі тег // бөрідей 
сөзі Қаным қаған әскерінің соншалықты күштілігі, 
соғыс өнеріне төселгендігі, қайтпас қайсарлығы, ұйымшылдығы, тағы басқа да 
қасиеттері бөрінің (қасқырдың) қасиетімен теңестіріліп отыр. Сонымен қатар 
бөріге 
(қасқыр) байланысты халық танымында ғасырлар бойы қалыптасқан 
рухани құндылықтарды да жарыққа шығарып, бейнелеп тұр. Аталған қосымша 
сөйлемде 
қой тег // қойдай 
сөзіне жалғанып, жау әскерінің әлжуаздығын, 
қорқақтығын, аңғалдығын қойдың қасиетімен ұқсастырып отыр. Соғыс 
майданында айла мен күш сынға түссе, сол әлсіз айла мен әлжуаз күш қойға, 
күштілік мен айлакерлік қасқырға салыстырылып тұр. Физикалық қуат мөлшері 
салыстырмалы 
күшті/әлсіз
тіресімдік ұғымы
аясында беріліп отыр. Аталған 
жұрнақтың сөйлемдегі грамматикалық қызметі туралы О.Бекжан: «Қатыстық 
сын есімнің қазақ тіліндегі
-дай, -дей, -тай, -тей 
тәзірді жұрнағының көне 
түркідегі
 -тағ, -тег 
жұрнағы арқылы да сын сапаланымды сөйлем жасалатынын 
көруге болады», – дей келіп, жоғарыда біз келтірген мысалды береді [181, 90 б.]. 
Автор мұнда 
-тег
тұлғалы сапалаушы сөздің 
(бөрітег, қойтег),
сапаланушы 
сөзді 
(Қаңым қаған, иағысы)
сапалық белгісіне қарай анықтап, сын сапаланымды 
сөйлем жасайтынын айтады.
Заттардың мөлшері 
көлем, аудан, салмақ, қашықтық
сынды деректі 
заттарда болатын ұғымдар шегінде ғана анықталмайды, дерексіз заттық ұғымдар 
шегінде де анықталады. Яғни деректі заттармен қатар, дерексіз заттық 
ұғымдардың да белгілі деңгейі, сапалық дәрежесі, мөлшері болады. Міне, кей 
тілдік қолданыстарда осы «дерексіз мөлшер» ұғымдары 
-дай, -дей
аффиксі 
арқылы өзара салыстырылады. Екінші сөзбен айтқанда, 
-дай, -дей
аффиксі 
деректі шамалар мен пішіндерді ғана салыстырмайды, дерексіз ұғымдар мен ішкі 
қасиеттерді де теңестіру, ұқсастыру қызметі бар. Бір заттың қасиетін екінші затқа 
телуі, бұл – «логикалық мөлшер» ұғымы саналады.
Бұл қосымша туралы ұжымдық монографияда былай делінген: «
-Тег 
зат 
есімге жалғанып, салыстырмалы мәнді сын есімдер тудырады:
теңрітег 
(тәңрдей), бөрітег (бөрідей). 
Бұл жұрнақтың қызметі қазіргі қазақ тіліндегі 
қатыстық сын есімдер жасайтын
-дай, -дей 
аффикстерінің қызметіне сәйкес 
келеді»
 
[179, 103 б.]
.
Мұнда 
-дай, -дей 
тұлғалы, салыстыру мәнді сөздердің 
таптық статусы 
сын есім
деп көрсетілген. Біздің ойымызша, 
-дай, -дей 
салыстыру 


65 
мәнді аффиксінің функциясы өте көп. Сондықтан оның қатысымен жасалған 
сөздердің таптық статусын анықтау оңайға соқпайды. Көне түркі тілі 
материалдарында үңіле зер салғанда, аталмыш қосымшаның бұдан да басқа 
сипаттағы мөлшерлік мағыналарды білдіретіні байқалады. Бұның өзі 
-тег
// 
дай, 
-дей 
қосымшасы көне түркі тілі кезеңінде де көпфункциялы қосымша ретінде 
қалыптасқанын білдіреді.
Аталған қосымшаны А.Жаңабекова «Қазақ тіліндегі функционалды 
қосымшалар» атты еңбегінде жан-жақты зерделей келіп, 
функционалды 
жұрнақтардың
қатарына жатқызады. Ғалым бұл қосымшаны қазақ тіл білімі 
және түркологиялық зерттеулерде айтылған тұжырымдармен ұштастыра отырып, 
оның бір ғана сындық мағына тудырушы емес, көптеген лексика-семантикалық, 
грамматикалық қызметі барын ұтымды дәйектейді. А.Жаңабекова бұл жұрнаққа 
қатысты көптеген тұжырымдарды қорытындылай келіп, былай дейді: 
«Сондықтан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет