Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет87/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

бенек 
сөзі мен түрік тіліндегі 
бенек
сөзінің семантикалық байланысы 
барлығы аңғартады. Көлемнің кішкенелігі, әрі қатты, түйір болуы 
– 
екі сөздің 
ортақ семантикасы. Сөздің лексикалық дамуы нәтижесінде ең алғашында 
кішкене түйір дән, одан кейін ұсақ монета, ал одан кейін 
дақ, ұсақ нүкте
мағынасына ауысқан болса керек.
Түркі халықтары арасында кеңінен тарап, сауда-саттықта құн өлшемі 
ретінде жұмсалатын ақшаның тағы бір түрі – 
бақыр
. Бұл да ақша ұғымын беретін 
түркі сөзі ретінде сөздікте кездеседі. Сөздікте мынадай түсіндірме берілген: 
Бақыр – Шыныда құйылған ақшаның бір түрі. Алыс-беріс сол арқылы жасалады
(МҚ, Т
1
-418). Бақыр – мыс. Ақша мыстан құйылғандықтан, бақыр деп аталған. 
Сөздікте бұл туралы тағы былай деп беріледі: 
Бақыр // мыс. Мақалда былай деп 
келген: бар бақыр иоқ алтұн // бар – мыс, жоқ – алтын ( барда – бақыр, жоқта 
– алтын), қолда бар болса, мыстай қадірсіз, жоқ болса, алтындай қадірлі. Бұл 
мақал жақын-жұрағаттар арасында қорланып жүрген кісі арадан кеткеннен 
кейін, оның қадірі білінеді деген мағынада қолданылған 
(МҚ, Т
1
-417). 
Бақыр
металл ақша болғанымен, алтыннан құны төмен екенін мақалдан аңғаруға 
болады. Бақырдың Қытайда құйылғанына қарағанда, сол кезеңде Қытай елі 
қолданатын ақша түрі болса керек. Түркілер мен қытайлар арасындағы сауда-
саттық нәтижесінде түркі халықтарына тараған болуға тиіс.
Этнографиялық энциклопедияда 
бақыр
туралы былай беріледі: 
«Бақыр
1
– 
ұсақ сауда жасауға пайдаланылатын мыстан, күмістен соғылған тиынның жалпы 
атауы. Тиынның мыстан жасалған түрін қарабақыр деп атайды.
 Бақырдың 
сауда-
саттықтың негізгі объектісі сан алуан тауарлардың эквиваленті ретіндегі рөлі 
қазақ жеріне Ресейдің ықпалымен тауарлық-ақша қатынастарының орныға 
бастаған кезінде күшейді. Қазақ ауылдарында орыс 
Бақырлары 
ғана қолданыста 
болды» [193, 373-374 б.]. Энциклопедияда дұрыс берілгендей, 
бақыр ақшаның
құны алтыннан төмен болғандықтан, көбіне ұсақ саудада қолданыс тапқан. Ал 
оның күмістен де жасалуы ақша ретінде орнығып, мыс ақшаның атауы ғана емес, 
жалпы ақша семантикасын берген кезеңде болған. Яғни семантикалық дамудың 
нәтижесінде металдың атауынан, құн өлшемі ретінде ақша атауына ауысқан. 
Сондай-ақ 
бақыр ақша 
қолданысының күшеюі Ресей ықпалындағы жылдарда 
ғана емес, X

XII ғасырларда да орын алған. Бұл бақыр ақшаның семантикалық 
дамуынан да көрінеді.
Бақыр
сөзінің ДТС-те төрт түрлі мағынасы берілген. Соның біріншісі, 
үшінші мағынасы жоғарыда айтылғандай, 
мыс, металл
және мыстан 
жасалған 
ақша 
мағынасы. Ал екінші мағынасы 
ауырлық өлшемі
болса, төртінші мағынасы 
– 
ақша бірлігі
, яғни 
ақша өлшем бірлігі
. ДТС-те төмендегідей беріледі: «2. Бақыр 
(мера веса, вероятно, несколько менее четырех граммов): 
murč t[ört] baqїr pitpidi 
beš baqїr bїsїγ siŋir altї baqїr čur [nї] qїlїp // красного перца четыре бакыра,
черного перца пять бакыров
[и] разваренных сухожилий шесть бакыров [язять 
и], 
сделав порошок
(Rach I
7
);» [188, с. 82]. Біздіңше, бақыр ақша мен салмақ 


106 
өлшемінің арасында семантикалық байланыс жоқ, сондықтан үзіндідегі бұрышқа 
қатысты қолданыста бақыр салмақ өлшемі емес, 
көлем, сыйымдылық
өлшемін 
білдірсе керек. Яғни бақыр (мыс) ыдыстан (шөміш тектес) жасалған өлшем 
құралының сыйымдылығымен өлшенетін шамаларды білдіреді. Ал құн өлшемі 
бірлігі семантикасы былайша түсіндіріледі: «4. Бакыр (денежная единица): bol 
mїsnїŋ üč satїr üč jarїm baqїr bertim // три сатыра [и] три с половиной бакыра
[принадлежащих] Болмышу, я отдал (USp 50)» [188, с. 82]. Мұнда да ақша 
ұғымында қолданылған. Яғни құн өлшемі түрліше болғанда мөлшерлік 
конструкция арқылы сандық және заттық компоненттер өзгеріп, түрліше 
шамалар мен ақша мөлшерін білдіреді. Бақырдың біз баяндаған әр тарихи 
кезеңдердегі әлденеше мағынасы оның құн өлшемі кеңістігінде кеңінен 
қолданылғанын, тілдің ең белсенді қабатындағы сөз болғанын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет