115
Поэмада көптік/аздық семантикасын білдіретін сөздер де көптеп кездеседі.
Атап айтқанда,
бәса // көп, көб // көп, көп // көп (2), аз // аз (2), өкуш // көп, өкүш
// көп, телім // көп, хайлі // көп, қалың // қалың, артуқ // артық,
т.б.
Бұл сөздер заттардың сандық,
шамалық көп-аздығы, сондай-ақ қимыл-
әрекет мөлшерінің көптігі мен аздығы және оған жұмсалатын уақыттың да көп-
аздығы семантикасын білдіреді. Десе де, әрқайсысының өзінің контекстік орны,
аздаған семантикалық айырым белгілері де жоқ емес. Мысалы,
бәса
сөзі сын есім
болса да, контексте заттанып, көпшілік, қауым мағыналарын білдіреді.
Телім
сөзі
көптік семантикамен қатар, жалпылау семантикасын да білдіреді. Ал
қалың
сөзі
қашықтық
ұғымымен қатар, заттық көптік, молдық семантикасын береді.
Э.Н.Наджип аталған сөзді қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін және
көне, орта түркі кезеңінде де
заттың сандық көптігі, етістік ретінде ұлғайту,
толтыру т.б. мағыналарын білдіретін көпмағыналы сөз ретінде көрсетеді [27, Т
3
/
с. 224-226]. Бір
қалың
сөзі
ғана емес, жоғарыда берілген сын есім сөздерінің
барлығы да ерте, орта ғасыр түркі тілінде көпмағыналы, кең қолданыс тапқан
сөздердің қатарында болған. Мысалы:
1)
Бәлі бәса көңлі бу
(ХШ, 116p-6)
// Және көп көңілі бұл;
2)
Қалың өврәккә кірміштег лачын
(ХШ, 19р-39)
// Қалың үйрекке кіргендей
лашын;
3)
Телім мал
(ХШ, 26в-28)
// Көп мал;
4)
Аның чәрігі хайлі
(ХШ, 9р-9)
// Оның әскері көп.
Поэма
мәтінінде көлем, сыйымдылық семантикасын білдіретін сөздер де
кездеседі. Атап айтқанда,
ушақ // ұсақ
сөзі қатты заттардың сыртқы көлемінің
кішілігін,
зәррә // зәррә
сөзі ең кіші көлемге ие заттық бөлшекті,
тар // тар
сөзі
белгілі кеңістік пен абстрактілі сыйымдылық ұғымдарын білдіреді. Мысалы:
1)
Ушақ таш ічрә мән һәм іздәсәм кән
(ХШ, 92в-39)
// ұсақ тас ішінде мен
де іздесем кен;
2)
Достарыңызбен бөлісу: