1. Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы эпитеттер Тілдің шынайы құдіреті көркем тіл майданында танылады дедік. Ал оның
басты құралы – кез келген тілдің ішкі табиғатынан туатын көріктеу құралдары
мен айшықтау тәсілдері. Сол тәсілдердің бірі – эпитет. Аталмыш тәсілді
Р.Сыздық белгілі әдебиеттанушы ғалымдар З.Қабдолов пен Қ.Жұмалиевтің
анықтамасына сүйене отырып, былай тұжырымдайды: «
Эпитет (айқындау) дегенге «заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті
сөз»
(З.Қабдолов)
немесе «адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының
өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету,
ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын сөз»
(Қ.Жұмалиев)
жататын болса,
етістік заттың белгісін, сипатын, сапасын емес, қимыл, іс-әрекетті атайды. Демек,
жоғарғы анықтамаларда берілгеніндей,
эпитет дегеніміз заттың бір белгісін,
сынын, қасиетін, сын есімдердің немесе оның орнына жұмсалатын сөздердің
бейнелеп сипатталуы екен», – дейді [211, 34 б.]. «Бір сөз бір сөзге жарығын да,
көлеңкесін де түсіреді»
(Ғ.Мүсірепов) деген аксиоматикалық афоризмнің мәні
осы эпитеттерден де анық көрінеді. Поэтикалық тілдің аталған тәсілі заттар мен
құбылыстардың мөлшерлік қасиетін де анықтап көрсетуде кеңінен қолданылады.
Жыраулар поэзиясында көптеген мөлшерлік ұғымдар
эпитеттер арқылы
беріледі. Мөлшер семантикалы мұндай тіркестердің бәрін де жалпылама
мөлшер эпитет деп танығанымызбен, олар да өз ішінен түрлі тәсілдер мен
грамматикалық формаларға ажыратылады.
Мұнда бір ескерте кететіні, жыраулар поэзиясындағы (XV
– XVIII ғғ.)
мөлшер семантикасының эпитеттер арқылы берілу жолдарын түрлі тарихи
кезеңдерге, жеке авторлық ізденістерге бөліп талдамаймыз. Себебі, біріншіден,
нақты грамматикалық формаларды және сол формалар арқылы берілген
грамматикалық мағыналарды көбірек көрсету көзделді. Екіншіден, жыраулар
поэзиясы ауыз әдебиетінің авторлы үлгісі саналғанымен, белгілі кезеңге және
нақты авторға тән деген поэтикалық мәтіндер бірден-бірге көшіп, ауысып
отырады. Бұл сол поэтикалық мәтіндер мен оның туған тарихи кезеңінің
дұрыстығына күмән тудырады. Үшіншіден, эпитет деп танылған жүзге тарта
мөлшерлік тіркестердің әрбірін қажетті мәтінімен кеңейте талдауды ғылыми
жұмыстың мазмұны мен көлемі көтермейді. Сондықтан мөлшерлік эпитеттерді
ұқсас белгілері бойынша топтастырып, бәріне ортақ синтаксистік құрылымдар
мен грамматикалық формаларды айқындау көзделді.
Заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттің айрықша белгілерін, сапасын,
мөлшерін айқындау ерекшелігіне қарай жыраулар поэзиясындағы
мөлшерлік эпитеттер шоғырын екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның бірі
– есімді мөлшер эпитет , екіншісі
– етістікті мөлшер эпитет . Бұл екі топта анықталушы
мүшенің
есім не
етістік сөздері болып келуіне қарай анықталады. Көпшілік
ғалымдар эпитеттер тек есімдерден жасалады деген тұжырым жасайды. Бұл –
әрине, дұрыс. Алайда кейде тілдік қажетке қарай етістіктер де көркем мәтінде
анықтауыш компонент ретінде қатысып отыратындығы байқалады. Олай болса,
біз
мөлшер эпитеттердің мынадай жасалу жолдарын анықтаймыз. Мұны
төмендегі сызбадан анық көруге болады:
138
Кесте 6 : мөлшер эпитеттердің құрылымдық түрлері
Есімді мөлшер эпитеттер заттардың ішкі сапалық белгісін, деңгейін,
мөлшерін білдіреді. Бұл топтағы эпитеттердің жасалуына сын есімнен басқа да
есім сөздер (зат есім, сан есім), заттанған етістіктер