Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет118/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Жолбарыс пенен аюдай. 
Өрлігімді сұрасаң

Жылқыдағы асау тайыңдай. 
Зорлығымды сұрасаң, 
Бекіре менен жайындай. 
Беріктігімді сұрасаң, 
Қарағай менен қайыңдай
(Жиембет жырау, Еңсегей бойлы Ер Есім, 54 б.). 
Толғауда адамның ішкі болмысы мен мінез-құлқындағы айрықша сапалар 
баяндалған. Жай баяндалмаған, екінші бір заттарға тән басты қасиеттерге 
салыстырыла, теңестіріле баяндалған. Нақтырақ айтқанда, адамның ішкі 
болмысына тән 
ерлік, өрлік, беріктік
сынды дерексіз ұғымдар, нақты көрген 
деректі ұғымдармен сипатталып отыр. Сапа болған жерде деңгей болады, ал 
деңгей, ол – мөлшер. Мұндай деңгейлік ұғымдар 
сатылы тіресім
құрайды. 
Адамның мінез-құлқын, ішкі болмысын білдіретін сапалық ұғымдар түрлі 
деңгейлерден тұрады да, ал оның мөлшері соған сәйкес заттық ұғымдармен 
салыстырмалы түрде беріледі. Толғауда Жиембет жыраудың ерлігінің деңгейі 
ақырған аюдың күші мен ізінен қайтпас жолбарыстың айбатына теңестіріліп, 
сипатталып тұр. Ал ешкімге бас имес өрлігі жалына құрық тимеген шу асаудың 
тарпаң мінезімен, беріктігі қарағай, қайың сынды қатты ағаштардың беріктік 
дәрежесімен салыстырылады. Кейбір дерексіз заттық ұғымдардың астарында 
нақты іс-әрекеттердің шоғыры жатады. Мысалы, 
батырлық
десек, батырлыққа 
тән барлық іс-әрекеттер аталған ұғымда жинақталады. Өйткені аталған ұғымдар 
қимыл-әрекет негізінде туады. Әрі санада сол әрекеттердің нәтижесі ретінде 
жинақталып, біртұтас семантикалық шоғырға айналады.
Мөлшерлік ұғымдардың шындық болмысқа қатынасына қарай теңеулі 
мөлшерліктер 
дәлдеулі теңеулі
(реальный) және 
әсірелеулі теңеу мөлшерліктер
(нереальный) болып екі топқа бөлінеді. 
Дәлдеулі теңеулер
тілінің көркемдік 
қуаты жоғары, салыстырылатын шамалар мәні жағынан тең шамалы болады. Ал 
әсірелеулі теңеулерде салыстырылатын шамаларда теңдік өмір сүрмейді, бір-


147 
бірінен айырмашылық жер мен көктей болады. Мұнда шама, мөлшер 
семантикасы не ұлғайтылған әсірелікке, не кішірейтілген әсірелікке құрылады. 
Бірақ, соған қарамастан, мөлшерлік теңеулерде қандай да бір лексика-
грамматикалық қателік байқалмайды. Өйткені мұндай теңеулердің түп мақсаты, 
арқалаған тілдік жүгі – нақты мөлшер мәнін білдіру емес, образды, экспрессиялы 
мөлшерлік шаманы бейнелеу, әрі мөлшерлік ұғымдардан эстетикалық сұлулық, 
тіл көркіне қайталанбас ажар тудыру. Жыраулар поэзиясында мұндай теңеулер 
көптеп кездеседі. Мысалы: 
1.
 Жоны
бір жалпақ 
жотадай,
Мойны
бір жалпақ 
бұқадай,
Балуаннан нөкер барлатып, 
Күреске салар ма екенбіз?! 
(
Ақтамберді жырау, Күлдір-күлдір кісінетіп, 63 б.);
2. Беглерім мінсе шұбарын, 
Жұлындай қылып жаратып
!
 
(
Ақтамберді жырау, Күлдір-күлдір кісінетіп, 63 б.)
 
Немесе:
Жазыда 
көп-ақ жортқан
екенбіз, 
Арғымақтың 
талдай мойнын
талдырып 
(Доспамбет, Айнала бұлақ басы тең);
 
3. 
Хандар шыққан төбедей

Қабырғадан бүтін шыққан сүбедей

Аударылмас қара кемедей

Қандыауызға сырлап салған жебедей 
(Шалкиіз жырау, Ер Шобан).
Бұл үзінділерде салыстыру нысаны етілген шамалар бір-бірінен тым алшақ 
және оларды теңестірудің өзі шындыққа жанасымсыз. Мұнда нөкердің жоны 
(арқасы) жотадай болуы – тіпті ақылға сыймайтын, шындыққа жанаспайтын 
фантастика. Ал екінші үзіндідегі арғымақ атты қанша жаратса да, артық ет пен 
майдан арылып, жіңішке жұлындай болуы мүмкін емес. Бұл да – шындыққа 
жанаспайтын мөлшерлік теңеу. Арғымақтың мойны талдай болуы да мүмкін 
емес. Толғаулардағы теңеуге негіз болған – заттардың сыртқы пішіні. Мұнда 
көркемдік бояуын тым қоюлатып, эстетикалық әсерін күшейткен. Осының өзі 
белгілі семантикалық сұраныс үшін таңдалып, контекске сай жасалып отыр. 
Оның шындыққа жанасымды жері де бар. Жоғарыдағы мысалда заттардың тек 
сыртқы тұлғасы ғана салыстырылмаған. Сондай-ақ қимыл-қозғалыстағы, мінез-
құлқындағы жекелеген ұқсастықтар да салыстырылған. Яғни батыр 
психологиясына тән басты-басты ұғымдарды сипаттау үшін де қолданылған. 
Мұнан біз көркем сөз табиғаты мен оқырманның эстетикалық талғамы қашан да 
дәлдік шамадан гөрі әсірелі шамаларды ұнататынын аңғарамыз. 
Теңеудің материалы – қашан да заттар. Сондықтан барлық теңеу түрлерінде, 
түрлі белгілеріне қарай, не заттардың (деректі-дерексіз) заттық тұлғасы, не 
олардың қимыл-қозғалысы өзара салыстырылады. Осыған қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет