Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет113/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   181
«Сунус 
(қарыс – ұзындық өлшемі).
 
Арабша – ал-фитр (пядь 
фитр – мера длины, равная 18 см); (указательный палец). АбуХ. – 
шанус
(түрікше 
сере
болып аударылған). Түрікше: 
сере
(расстояние между большим пальцем и 
мизинцем – как мера). Қазақша – 
сере
(сере қарыс қазысы бар). Арабша 
аудармасына қарағанда, бас бармақ пен сұқ саусақтың ұшына дейінгі аралықты 
көрсететін ұзындық өлшем тәрізді» [190, 61 б.]. Демек, 
сере 
сөзі – берітінге дейін 
қолданыста болған ұзындық өлшемі. Қардың қалыңдығы адамның дене мүшесі 
(қолдың қары) арқылы өлшенетіні – заңды құбылыс.
Қайталауыш мөлшер эпитеттерде
анықтауыш сөз екі рет қайталанғанда 
акцент мөлшерлік ұғымға түседі де, үш рет қайталанғанда зат есім басыңқыға 
түседі. Яғни алғашқысында 
мөлшерді анықтау
мән басым болса, соңғысында 
қаратпа мәнді
болып, эпитетті номинативтендіретін тәрізді. Мұндай 
эпитеттерде анықтауыш компоненттердің екі немесе үш рет қайталануы – жай 
кездейсоқтық емес, белгілі тілдік қажеттілік пен заңдылықтан туған мақсатты 
қолданыс, тілдің қасаң емес, қатаң қағидасы. Бұл бір жағы, сол уақытта 
қайталауыш эпитеттердің өлең ырғағын тудыру, жыраудың айтылатын мәселеге 
көңіл аударту мақсатын жүзеге асырудағы тілдік тактика, яғни қаратпа мәнді. 
Сонымен қатар автордың эмоциясының білдірілу жолы, экспрессия ретіндегі 
қызметтері де бар. Бұл қайталауыш құрылымдар функционалды-семантикалық 
ерекшелігіне қарай интегративтік сипатта болады. Осындай ұйымдасқан 
семантикалық шоғырлар бірбүтін көркем тілдік құрылымға айналған. 
Сондықтан мұндай құрылымдардағы мөлшер семантикасының басқалармен 
салыстырғандағы қатынастық үлесін нақты болжаудың өзі қиын.
Анықтауыш компоненттер үш реттен артық қайталанғанда немесе екі 
қайталауды үш қайталауға, үш қайталауды екі қайталауға ауыстырғанда 
мөлшер 
эпитеттер
барлық поэтикалық ажарынан айырылып, тіпті, өлең ағысы, ырғағы 
арнадан тайып, өлең синтаксисі бұзылады. Нәтижесінде мағынасыз, ажарсыз 
сөздер тізбегіне айналады. Бұл мысалда көрсетілген 
қос-қос орда, қос орда


141 
эпитетінен де көрінеді

Мұны екі қайталаулы тұлғаға да, үш қайталаулы тұлғаға 
да ауыстыруға келмейді, әйтпегенде өзінің бастапқы мөлшерлік мағынасынан да, 
эстетикалық ажарынан да айырылады. Тұтас өлең ырғағынан шығып, қалыбы 
бөтен сөздер жұмағына айналады. Мөлшерлік ұғымдардың осындай көркемдік 
өреде, айрықша тәсілдер, сұлу синтаксистік құрылымдар арқылы берілуі қазақы 
ойлау жүйесінің өресін, тіл айшықтарының ғаламат кескінін білдірсе керек.
Жыраулар поэзиясында 
мөлшер семантикалы анықтауыштар
шоғыры 
одан сайын түрлене, айшықтала түседі. Өлең ырғағы мен ой ағынының 
сұранысына сәйкес синтаксистік құрылымдар құбыла, күрделене түседі. 
Эпитеттердің ендігі бір шоғыры – 
еселеуіш мөлшер эпитет.
Бұл топқа 
алты 
құлаш ақ найза, (белгілі) биік көк сеңгір, (тарылды) байтақ кең жер, жасыл да 
байтақ ну 
т.б.
 
ұлғайған эпитеттерді жатқызуға болады. Мұнда зат есімдерге 
бірнеше анықтауыштар үсті-үстіне қабатталып, еселеніп келеді. Яғни, тіркес 
құрамындағы 
алты құлаш, қаудыр құлақ, биік, байтақ, жасыл 
сөздері 
ақ, шал, 
көк, кең,
байтақ 
анықтауыштарға еселеніп тұр. Мұнда 
алты құлаш – 
ұзын әрі 
өткірлікті,
қаудыр құлақ – 
әлсіз әрі кәрілікті
биік –
қашықтықты, 
байтақ
– 
кеңдікті білдіретін мөлшерлік ұғымдар. Сонымен қатар, бұл еселеуіш 
анықтауыштар экспрессивтік те қызмет атқарады. Р.Сыздық: «Біздің 
байқауымызша, авторы мәлім, ауызша тараған қазақ поэзиясы тілінде – ХV–
XVIII ғасырлардағы ақын-жырауларда образға алынған сөздерді тұрақты 
эпитеттермен беру көркемдеудің нормаға айналған ең бір ұтымды тәсілі болған», 
– дейді [211, 27 б.]. Мысалда берілген ұлғайған эпитеттердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет