Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


 Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы теңеулер



Pdf көрінісі
бет116/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

2. Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы теңеулер 
 
Заттар мен құбылыстардың санын, сынын, сапасын, мөлшерін, түрлі ішкі-
сыртқы қасиеттері мен белгілерін, сан-алуан ұғым мен мағынаны тіл бірліктері 
арқылы трансформациялаудың түрлі көркемдік тәсілдері барын айттық. 
Солардың бірі – теңеу. Теңеу – заттар мен құбылыстардың түрлі белгілерін анық, 
дәл, нақты, бейнелі формада жеткізетін тілдік тәсіл ретінде белгілі. Теңеу, шын 
мәнінде – салыстыру. Мұнда екі құбылыс, екі түрлі қимыл, екі зат, екі объекті 
түрлі ішкі-сыртқы белгілеріне қарай өзара салыстырылады. Соның нәтижесінде 
нәрсенің күңгірт белгісі анық белгіге, белгісіз зат, белгілі затқа, қарабайыр ұғым 
ажарлы ұғымға айналады. Жыраулар поэтикасында мөлшер семантикасы теңеу 
тәсілі арқылы да беріледі. Теңеудің синтетикалық та, аналитикалық та түрі бар. 
Жыраулар поэзиясында оның ең жиі қолданылатыны – 
-дай, -дей, - тай, -тей 
формасы. Бұл жұрнақтарды көпшілік ғалымдар сын есім жұрнағы деп таниды. 
Шын мәнінде, бұл – ешқандай сөз табына басы бүтін меншіктеуге келмейтін, 
тілде сан түрлі семантикалық қызметі бар функционалды жұрнақ. Сол көптеген 
мағыналардың бірі – мөлшер семантикасы. Теңеу тәсілі қарапайым сөйлеу тілі 
мен көркем тілде де кездеседі. Бірақ екеуінде, тілді жұмсаудың мақсатына қарай, 
ұқсамайтын айырым белгілері бар. 
Поэтикалық теңеулерде 
эстетика басты 
орында тұрса, қарапайым сөйлеу тілінде 
нақты ұғым
басты орында.
Жыраулар поэзиясында кездесетін 
мөлшер семантикалы теңеулер 
шамаларды салыстыра бейнелеудің өзіндік тәсілдері мен формаларына қарай 
түрліше топтарға бөлінеді. Ең әуелі, 
мөлшерлік семантикалы теңеулер
құрамына 
қарай 
жалаң теңеулер
және 
ұлғайған теңеулер
болып келеді. Жалаң теңеулерде 
мөлшер семантикасы нақты грамматикалық формалармен берілсе, ұлғайған 
теңеуде
 
бүтін бір зат пен құбылыс біртұтас ұғымға айналып, оған әлденеше 
сөздердің жұмсалуымен суретті шама түзіледі. Мысалы:
Ноғайлардың байлары болар
 сазандай, 
Сәлдесі болар
 қазандай 
(
Бұқар жырау, Он екі айда жаз келер, 99 б.).
Мұнда ешқандай күрделі құрылым жоқ, байды сазанға, сәлдені қазанға 
теңеген дағдылы, қарапайым теңеудің үлгісі ғана бар. Мұндай теңеулер көбіне 
заттардың сыртқы пішініне негізделеді де, нақты бір ғана ұғымды білдіреді. 
Айталық, 
сазандай
теңеуі «семіз», 
қазандай
теңеуі «үлкен» ұғымын білдіреді. 
Мұнда осы ұғымдарды беретін нақты лексикалық бірліктерді қолданғаннан гөрі, 
оны ұқсас, шамалас ұғымдармен салыстырып, теңеп көрсетсе, әрі әсерлі, әрі 
бейнелі болып, эстетикалық қуаты да, тіл қуаты да күштірек болып шығады. 
Көркем тілде теңеудің өзі сол үшін керек. Ал мына теңеулерге назар аударайық: 
 
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай 
Бөгенбай! 
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай 
Бөгенбай! 
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей
Бөгенбай! 
Жалаң қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған,
Білегі жуан бүркіттің


145 
Тегеурініндей
Бөгенбай! 
(Үмбетей жырау, Бөгембай өліміне, 76 б.). 
Толғауда бірнеше ұлғайған теңеулер қатар берілген де, батыр Бөгенбейдың 
өзгеден бөлек біткен тау тұлғасы мен алып күші, елден ерек батырлығы 
сипатталған. Нақтырақ айтсақ, Бөгенбайың батыр бейнесіне теңеліп отырған 
орда – 
көптік пен кеңдікті
қорғасын
– беріктік пен ауырлықты, 
пәйке 
– ірілік пен 
даралықты, 
тегеурін 
– батырлық пен күш-қуатты білдіреді. Бұлар өзінен бұрын 
түрлі анықтауыш құрылымдардың тіркесіп келуі арқылы күрделі құрамды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет