150
Кейбір теңеулердің жасалу құрылымы күрделі келеді. Мұнда бір сөзге
бірнеше грамматикалық бірліктер қатар үстелгенде, ол сөздің мағынасы
тереңдей, күрделілене түседі. Бұл өз кезегінде сол сөзге тән көркемдік тәсілдерді
ажыратуға қиындық тудырады. Жыраулар поэзиясында
-дай, -дей
тұлғалы
сөздер тәуелдік жалғауының бірінші жағындағы қатыстық сын есімдерді
анықтап келетін тіркестер бар. Мысалы:
Ойнай басқан
аяқтым,
От орнындай тұяқтым,
Қиғаш қамыс құлақтым,
Саптыаяқтай еріндім,
Сарымсақтай азулым,
Сауырысын кере
жараған,
Кекілін қыздай тараған,
Тостаған көзді торыны,
Топ тарқамай мін-сана
(Үмбетей жырай, Мінген атың айтамын).
Мұнда қатыстық сын есімдердің тәуелдеулі түрі сол түрдегі
нәрсенің
молдығын, барлығын білдірсе, екіншіден, сол нәрсенің тиесілі екенін білдіреді.
Міне, осы жерден екі түрлі көркемдік тәсілге ұқсастық туады. Бірі – теңеу,
екіншісі – метафора. Теңеу болатыны екі заттық нысан
-дай, -дей, -тай, -тей
жұрнағы арқылы салыстырылып тұр. Ал метафора болатыны, сол затқа тән
қасиет оның басты белгісі ретінде екінші атауы сияқтанып келеді. Яғни
синекдохаға ұқсайды. Мұндай грамматикалық формадағы теңеулерді
Қ.Өмірәлиев «жаңа тұрпаттағы метафора» деп атайды [29, 236 б.]. Әдетте
теңеулер көбіне бұл синтаксистік қатынасқа керісінше келеді. Яғни
сарымсақтай еріндім емес, еріні сарымсақтай
формасында келеді.
Және бұл
құрылымда ауыспалы мағына жоқ, тек образды мағына бар. Бірақ біз бұл
құрылымды бір затты бөгде бір затқа теңемей, керісінше, бір бүтін заттың
(тұлпардың)
ішкі
құрылымдарын
(мүше)
басқа
заттарға
теңей
анықтайтындықтан теңеу тобына жатқызамыз. Мұнда тұлпардың
ерні
мен
саптаяқ
, от
орны
мен
тұяқ
,
сарымсақ
пен
азу
тіс көлемі, пішіні, ауданы жағынан
өзара салыстырылған. Сондықтан бұл да «мөлшер» ұғымын образды түрде
берудің бір тәсіліне жатады.
Қорыта
келгенде, поэтикалық мәтіндерде теңеу арқылы берілген түрлі
«мөлшерлік» ұғымдар көптеп кездеседі. Мөлшерлік теңеулер екі нысан ұқсас
белгілері негізінде салыстырылады немесе теңеледі де, заттар мен
құбылыстардың мөлшерлік мәні туралы бейнелі ұғым жасайды. Теңеулер кез
келген нысан жайлы суретті форманы көз алдымызға әкеліп, санада олар туралы
дәл, нақты, әсерлі, бейнелі «мөлшерлік» ұғым қалыптастырады. Тілдің бұл
көркемдеуіш құралын да жыраулар поэзиясы барынша терең сезінген. Теңеу
тәсілі XV
–
XVIII ғасырлардағы жыраулар
поэзиясында сөзге қарымды қуат,
алапат ажар бітіретін, образ жасап, экспрессия тудырудың ең өткір тәсіліне
айналған. Тұтас теңеу тәсілінің өзі «мөлшер» ұғымының меншікті тәсіліне
айналған.