-дай, -дей тұлғасының адьективтенуі арқылы жасалған туынды
сөздерді сын есім сөзжасамында синтетика-семантикалық тәсілдің (конверсия)
нәтижесі ретінде, ал жаңа сөз жасамайтын, яғни салыстыру мәнін үстейтін
формажасамдық қызметін морфология саласында қарастыру қажет» [184, 47 б.].
Ғалымның аталған жұрнақты сөзжасам емес, морфология саласында қарастыру
керектігін ұсынуы оның көпфункционалдық ерекшелігін тани білгендігінен деп
білеміз. Көпфункционалдық тіл бірліктерінің қай кезеңде де актив қабатта
болғанын және грамматикалық формалардың көнелігін түсіндіреді. Тілдік
деректер тілдің тарихи қабаты саналатын көне түркі тілі кезеңінде де аталған
қосымшаның басты қызметі – грамматикалық «мөлшер» ұғымын білдіру
болғанын нақтылай түседі (132-беттегі 4-кестеге қараңыз).
-Ча, -че (-ша, -ше) қосымшасы арқылы бір зат пен екінші заттың көлемін,
мөлшерін ұқсату, қимыл-қозғалыс шамасын салыстыру семантикасы беріледі.
Бұл туралы О.Сапашев былай дейді: «
-ча, -че тұлғасы арқылы жасалған үстеулер
көне жазбалар тілінде қимылдың әртүрлі белгілерін, яғни
ұқсату, өлшем, қимылдың шегі т.б. қасиеттерін білдіретін толықтауыш болады» [185, 87 б.].
Әрине, бұл пікір
-ча, -че аффиксінің семантикалық қызметі жайлы
тұжырымымызды нақтылай түседі, алайда үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі
пысықтауыш, сондықтан мұнда да етістікке толықтауыш емес, мөлшер
пысықтауыш болады. Зерттеуші «Сөйлем мүшелері» атты оқу құралында
-ча, - че формалы үстеу сөздердің мөлшер пысықтауыш болатынан да айтады [186, 89
б.]. Ескерткіштерде аталған қосымшалардың жалғануымен жасалған мынадай
сөздер, тіркестер кездеседі:
қаның субча йүгүрті (КТү., 24)
// қаның судай ақты ;
сүңүкүң тағча йүгүрті (КТү., 24)
// сүйегің таудай жатты т.б.
-Ча, -че аффиксі
-тег аффиксіндей
салыстыру, ұқсату семантикасын
білдіргенімен, сөздерге жалғанғанда туындайтын ұқсату семантикасында
өзгешелік бар. Ғ.Айдаров бұл аффикстің қазақ тіліндегі баламасын (аудармасын)
-дай, -дей деп береді. Бұл
-ча, -че аффиксінің семантикасын жалпылама толық
бергенімен, форманың дәлме-дәл баламасы бола алмайтыны анық. Аталмыш
формаға
-дай, -дей емес,
-ша, -ше сәйкес келеді.
Бірақ қазіргі қазақ тілінде
қаның суша ақты деп қолданылғанымен,
сүйегің тауша жатты деп қолданылмайды.
Біздіңше, бұл өзгешеліктер аталмыш қосымшаның қазіргі қазақ тілінде жоқ
грамматикалық функциясын аңғартатын тәрізді.
66
Жоғарыда мөлшерлік семантиканың сан есімдер арқылы берілуін баяндаған
тұста да
-ча, -че аффиксін Ғ.Айдаров
-дай, -дей деп бергенін айтқанбыз. Яғни
елігче ер тіркесімі
елудей ер деп беріледі. Бұның тікелей баламасы
елуше ер болғанымен, мұндай формажасам тәсілі, сөзформа қазіргі қазақ тілінде жоқ
екенін айтып өттік. Олай болса, көне түркі тіліндегі
-ча, -че қосымшасының
қазіргі қазақ тіліндегі
-ша, -ше қосымшасына сәйкес келмейтін лексика-
грамматикалық ерекшелігі болғаны анықтала түседі.
А.Жаңабекова «Қазақ тіліндегі функционалды қосымшалар» атты еңбегінде
-ша, -ше қосымшасының түркологиядағы және қазіргі қазақ тіл біліміндегі
зерттелу тарихына тоқтала келіп, бұған қатысты айтылған әрұдай
тұжырымдарды мынадай үш топқа бөледі: «