Моменттер теориясы


Статиканың негізгі теоремасы



бет3/3
Дата25.04.2023
өлшемі106,97 Kb.
#86779
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
lektsiya 2

1.4.2 Статиканың негізгі теоремасы

Денеге күштер жүйесі әсер етсін. Осы күштердің геометриялық қосындысы күштер жүйесінің бас векторы деп аталады:


(1.4.1)
Барлық күштердің О нүктесіне қатысты моменттерінің геометриялық қосындысы күштер жүйесінің бас моменті деп аталады:
. (1.4.2)
Теорема. Абсолют қатты денеге әсер ететін кез келген күштер жүйесін берілген О центрге келтіргенде жүйенің бас векторына тең және келтіру центріне түскен бір күшпен және моменті бас моментке тең бір қос күшпен алмастыруға болады.
Дәлелдеу. Қатты дененің нүктелеріне түскен кез келген күштер жүйесін қарастырайық (1.16 а сурет). Күштердің бәрін өзіне өзін параллель етіп бір О нүктесіне көшірейік. Сонда күшті параллель көшіру туралы теоремаға сәйкес әрбір көшірілген күшке бір қос күштен қосу керек (1.16 ә) сурет). Олардың моменттері берілген күштердің О нүктесіне қатысты моменттеріне тең болады, яғни


Алынған жинақталатын күштер жүйесін олардың геометриялық қосындысына тең бір күшпен алмастырамыз:



қос күштер жүйесін олардың геометриялық қосындысына тең бір қос күшпен алмастыруға болады:
.
Сонымен, нәтижесінде бір күш пен моменті бір қос күш алдық.
1.4.3 Тепе-теңдік шарттары. Вариньон теоремасы
Теорема. Кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін оның бас векторының және кез келген центрге қатысты бас моментінің нөлге тең болуы қажет және жеткілікті (дәлелдеусіз):
, . (1.4.3)
Вариньон теоремасы. Егер берілген күштер жүйесінің тең әсерлі күші бар болса, онда тең әсерлі күштің кез келген О центріне қатысты моменті жүйедегі күштердің сол центрге қатысты моменттерінің қосындысына тең.
Негізгі әдебиет 2 [I-тарау,2-бөлім,§§1,2, 3-бөлім,§§1-8, 4-бөлім,§1-2,24- 27,30-41,45 беттер], 3[I-тарау,§§8-13, 31-41-беттер]
Қосымша әдебиет 7 [1-том,§2.1-2.3, ,§3.1-3.4, 28-49-беттер]
Бақылау сұрақтары:

  1. Күштің нүктеге қатысты моменті.

  2. Күш иіні.

  3. Қос күш.

  4. Қос күш туралы теоремалар.

  5. Қос күштердің тепе-теңдік шарттары.

  6. Күшті өзіне параллель көшіру туралы лемма.

  7. Статиканың негізгі теоремасы.

  8. Күштер тепе-теңдігінің геометриялық шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет