Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.
Тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі 1918ж. кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады.
Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Итальядағы фашистер лидері Бенито Муссолини 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын.
Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынайы саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды.
КСРО-дағы тоталитарлық саяси жүйенің негізін қалаушылыр Владимир Ильич Ленин және Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович болды Владимир Ильич Ленин (нағыз тегі Ульянов; 1870 ж. сәуірдің 22 - 1924 ж. қаңтардың 21) — көрнекті ресейлік төңкерісшілі, Ресей КСРО орнатушысы, Кеңестік Үкіметін басқарушысы (1917 ж. қарашаның 8 бастап РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1922 желтоқсанның 30 бастап КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы).
Сталин (1878-1953жж.) КСРО)— кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері, 1922 жылдан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бас хатшысы, Кеңестік Үкіметінің басқарушысы (1941 жылдан бастап КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, 1946 жылдан бастап КСРО министрлер кеңесінің төрағасы), Кеңес Одағы Генералиссимусы (1945).
Бенито Муссолини (1883-1945) Италияныңфашизмік диктаторы (1922 – 43). Саяси қызметін 1912 – 14 ж. Италия Социалистік партиясының орталық органы “Аванти” газетінің редакторы болудан бастады.
1919 ж. фашистік партияның негізін құрып, оның басшысы (дуче) болды. 1922 ж. “Римге жорық” ұйымдастырып, үкімет билігін тартып алды, 1926 жылдан фашистік диктатура орнатуға кірісті.
1935 ж.Эфиопияның әскери жасағы
Муссолиниді партизандар тұтқындап, Солтүстік Италияны Азат етудің ұлттық комитеті әскери трибуналы өлім жазасына кесті. Милан,1945ж
Адольф Гитлер ( 1889 — 1945) — үшінші рейх тоталитарлық диктатураның негізін қалаушы , ұлттық-социализмнің орталық тұлғасы, неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының көсемі 1921-1945), Германия рейхсканцлері (1933-1945), Гермния фюрері (1934—1945) Екінші дүниежүзілік соғыстаГермания қарулы күштерінің бас қолбасшысы (1941 жылдың19 желтоқсанынан).
3. Авторитаризм(термин латынның «auctoritas» - билік, ықпал деген сөздерінен құралған, саясаттануда бір адамның, топтың, партияның, институттың билікке монополиясын сипаттайды). Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим мысалға келтірсек болады.