Монетарлық саясат


Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі



бет3/4
Дата15.11.2022
өлшемі78,66 Kb.
#50318
1   2   3   4

Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.

Ақша-несие саясатының жанама құралдары:

Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:

  • 1) міндетті резервтер нормасын өзгерту;
  • 2) есептік мөлшерлемені өзгерту;
  • 3) ашық нарықтағы операциялар.
  • Міндетті резервтер нормасын өзгерту – бұл ақша-несие жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің шамасына әсер ету әдісі.
  • Міндетті резервтер нормасын Орталық банк депозиттердің шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді. Оның шамасы біріншіден, салымдардың түрлеріне және екіншіден, банктердің көлеміне (шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шамасы жоғары) байланысты болады.

Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда жүргізіледі: жоғарылату формасында және төмендету формасында.

  • Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нәтижесінде міндетті резервтердің шамасы артады, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі қысқарады және соңында ақша ұсынысы төмендейді.
  • Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нәтижесінде керісінше, несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі артады және соңында ақша ұсынысы ұлғаяды.
  • Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктердің Орталық банкте пайызсыз салымдар түрінде сақтайтын депозиттерінің бір бөлігі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер өз қарамағында артық резервтерді де ұстай алады.
  • Артық резервтер – бұл күтпеген жағдайлардан сақтану үшін және өтімділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті резервтерден артылып қалған сомалар.
  • Есептік мөлшерлемені өзгерту (қайта қаржыландыру ставкасы) – бұл Орталық банктің коммерциялық банктерге қарызға беретін өз резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін өзгертуі. Орталық банк осы құралды пайдалану арқылы дисконттық саясатты іске асырады. Жоғарыдағы сияқты, бұл құрал да жоғарылату немесе төмендету нысанында жүзеге асырылады.
  • Есептік мөлшерлемені жоғарылату нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі өседі, орталық банктен қарыз алу шектеледі, соның салдарынан коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну бойынша белсенді операциялары қысқарады. Коммерциялық банктер қымбат несиені ала отырып, несие бойынша өздерінің пайыздық мөлшерлемелерін көтереді, соңында жалпы несие қымбаттайды.
  • Есептік мөлшерлемені төмендету керісінше, банктік несиелерді алуды жеңілдетеді, пайыздық қойылым төмендейді, несиелік операциялар кеңейеді, ақша ұсынысы артады.
  • Есептік мөлшерлеме, ереже бойынша, банкаралық нарықтың тағайындайтын пайыздық мөлшерлемелерінен төмен болып келеді.
  • Ашық нарықтағы операциялар – бұл Орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды (облигацияларды) сатып алуы мен сатуы. Орталық банк ашық нарықтағы операциялар арқылы экономикадағы ақша массасының шамасын реттеп отырады. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, коммерциялық банктердің резервтерін арттырады, олардың несиелік мүмкіндіктерін ұлғайтады, ақша ұсынысын кеңейтеді. Және керісінше, бағалы қағаздарды сата отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің резервтері мен несиелік мүмкіндіктерін қысқартады, ақша ұсынысын төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет