Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы және шектеуші.
Шектеуші ақша-несие саясаты
Ынталандырушы ақша-несие саясаты
Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру және ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат.
Шектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға және ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.
Үй тапсырмасы
Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1.Коммерциялық банктің жиынтық резервтері 220 млн.теңгені құрайды. Депозиттер 950 млн.теңгеге тең. Осы депозиттерді міндетті резервтеудің нормасы 20%-ға тең. Егер банк қарыз беру үшін өзінің барлық артық резервтерін қолданса, онда ақша ұсынысы қалай өзгереді?
2. Міндетті резервтер нормасы 20%-ға тең. Коммерциялық банк депозиттер сомасының 5%-н артық резервтер ретінде сақтайды. Ал депозиттер сомасы 10 000 мың теңгеге тең. Мұндай жағдайда банк несие беру үшін максималды түрде қанша соманы қолдана алады?
3. Орталық банк коммерциялық банктен 100 млн.теңгеге мемлекеттік облигацияларын сатып алды деп ұйғарайық. Егер коммерциялық банк 10%-дық міндетті резервтер нормасы жағдайында өзінің несиелік мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алса, онда ақша ұсыныс қандай шамаға өзгереді?