Монетарлық саясат


Мұндай ұйымдар келесідей формаларда жұмыс істейді



бет2/4
Дата15.11.2022
өлшемі78,66 Kb.
#50318
1   2   3   4
Байланысты:
9 лек Макро каз

Мұндай ұйымдар келесідей формаларда жұмыс істейді:

  • 1) инвестициялық банктер – бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша операцияларды жүргізетін, капиталдарды тартатын, салаларды инвестициялауға өз капиталдарын пайдаланатын ұйымдар;
  • 2) жинақтаушы мекемелер – халықтың жинақтарын жинайтын және тұрғын-үй құрылысына инвестиция салу үшін ақша капиталын пайдаланатын ұйымдар;
  • 3) сақтандыру компаниялары – сақтандыру полистерін сату жолымен ақша қаражаттарын тартатын, өнеркәсіп, сауда және көлік салаларының ірі корпорацияларын қаржыландырумен айналысатын ұйымдар;
  • 4) зейнетақы қорлары – ұзақ мерзімдік міндеттемелерді эмиссиялау жолымен қаржыларды тартатын ұйымдар;
  • 5) инвестициялық компаниялар – акциялары бар ұсақ компаниялардың арасына өз акцияларын орналастыратын және қаржыларды экономиканың әртүрлі салаларындағы бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланатын ұйымдар.
  • Кез-келген елдің Орталық банкі макрокономикалық саясаттың негізгі құралы – ақша-несие саясатын жүргізуге жауапты.
  • Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналымы мен несие жүйесі саласындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономикалық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі. Ақша-несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді және арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады.

Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы және аралық мақсаттар болып бөлінеді.

Аралық мақсаттар:

Соңғы мақсаттар:

  • 1) ақша массасы;
  • 2) пайыздық қойылым;
  • 3) айырбас бағамы.
  • Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет