Байланысты: Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан бастап Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Үшелік қаған өзінің иелігіндегі тайпаларын екі ордаға бөлген. Қағанаттың үл- кен ордасы Суяб қаласында, кіші ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында болды.
Түргештер туралы алғашқы деректер “Күлтегін” ескерткішін- де және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VІ ғасырда Шу, Іле, Талас өзендерінің аймағын мекендеді. Ал, Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.
Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Қағанатта Үшелік қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырады. 706 жылы билік үшін сары түргеш және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас (Тараз) қаласына көшірді. Сұлу қағанның (715- 738 жж.) тұсында түргештер қайта күшейеді. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысатынына әрі ылғи да жеңіске же- туіне қарсы арабтар оған “мүйізді қаған”, “сүзеген” деп ат қой- ған. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғы- судан сескенген. 754 жылы қағанатта талас-тартыс шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржола әлсіреді. 756 жылы Түргеш қаған- дығын қарлұқ тайпасының көсемдері құлатып, билікті өз қол- дарына алды.
Түргештер көшпелі мал шаруашылығымен, жартылай оты- рықшы егін салумен және сауда, қолөнермен айналысты. Түр- геш қағандығының кезінде сауданың дамығандығы байқалады. Оған басты себеп-қағанат жерінің Жібек жолы бойында орна- ласуы еді. Екіншіден, сауда ісінің қайнаған орталығы Суяб, Ба- ласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар да әсер етті. Қазба жұмысы кезінде Тараз қаласынан “Түргеш қағанатының тең- гесі” немесе “түріктің көк ханының теңгесі” деген соғды жазуы- мен жазылған теңгелер табылған. Бұл теңгелер 704-766 жылдар арасында Таразда соғылған.
Қағандықтың халықаралық саудаға араласуы экономикалық және мәдени дамудың дұрыс бағыт алғандығын көрсетеді. Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр-хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
“Худуд әл-алам” қолжазбасында: “қарлұқтар тұрған аймақ – халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар” деп жазылған.
Қарлұқтарда аталарының зиратының басына тастан жасалған балбалдарды қою кең тараған. Түрік жазбаларында “Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деген жазу табылды. 7-8 ғасырлардан құлпытас орнату дәстүрі дами бастады. Орхон-Енисей, Талас-Шу өзендері бойынан табылған түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары – “Күлтегін” мен “Тоныкөк” жазбалары. Бұл ескерткіштер Қарлұқ қағанатының кезінде түрік жазуының жаңа түрде дами бастағанын көрсетеді.