Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері


Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)



бет8/13
Дата01.11.2023
өлшемі88,09 Kb.
#121352
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org

Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)
“Қимақ” деген атау орта ғасырлардағы араб, парсы автор- ларының жазба деректерінде жиі кездесіп отырды. ХІ ғасырда Махмуд Қашқари “Диуани лұғат-ат түрік” деген еңбегінде қимақ елін “имақ” деп атаған. Қимақтар VІІ ғасырдың басында Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген. Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар дейді. VIII ғасырдың екінші жартысынан ХІ ғасырдың басына дейін қимақтар Қазақстан жеріне қоныстана бастаған.
Сонымен ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылған. Қағанат Қазақстанның солтүстік- шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттың орталығы Ертіс өзенінің бойында Имақия қаласы болды. Қимақ тайпа- ларының басшысы “Шад-тұтұқ” деп аталған. Шонжарларға “ұлы қаған”, “кіші қаған” немесе “Ябғу шад” деген лауазымдар берілген. Қағанаттың қарапайым халқы негізінен мал өсірумен айналысқан. Махмуд Қашқаридің жазуына қарағанда қимақ қағанатында малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарды “жа-тақтар” деп атаған.
Қимақ мемлекетінде билік мұрагерлікпен атадан балаға ауысып отырады. Қаған мемлекеттің жоғарғы билеушісі әрі әскери қолбасшысы болып есептеледі. Қимақ елінің ұйтқысы 12 тайпадан құралады.Қимақтар арасында қолөнер дамыды. Жүн- нен мата тоқып, киім тікті, тері иледі. Темірден, қоладан қару- жарақ жасады. Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді. Араб географы Әл-Идриси қимақ елінің карта- сын сызған. Олардың 16 қаласы, ол қалаларда сауда базарлары болғанын айтады. Қимақ тайпасы да басқа түрік тілдес тайпалар сияқты о дүниедегі өмірге сеніп, ата-баба аруағына сиынған. Оларда көкке (аспанға), Тәңірге табыну белгілері де сақталған. Х ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Кейбір жеке топтар отқа, суға, күн мен жұлдыздарға, тауға табынған. Діннің біршама тараған түрі шаманизм яғни бақсы- балгерлік екен, кейбір топтары Христиан тектес Манихейлік дінді ұстаған. Сөйтіп, ІХ-ХІ ғасырларда Қимақ мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекет болған.
ХІ ғасырдың аяғында Қимақ мемлекеті ыдырап, үкімет билігі бұрын қимақтарға тәуелді болған Қыпшақ тайпасының қолына көшті. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталып кетті.
Х ғасырдың аяғы немесе ХІ ғасырдың басындағы Қимақ мемлекетінің құлауы Ұлы далаға көшпелі тайпалардың жаппай қоныс аударуымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет