Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#7933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  
 
 
 
 

69 
 
ӘЛІМХАН А. Ә. 
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҾҢІРІНДЕГІ КЕЙБІР 
ТОПОНИМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ 
 
Географиялық  атаулар  тілдің  сҿздік  қорының  қҧрамына  енетін  арнайы 
лексика  ретінде  тілдің  дамуымен  тығыз  бірлікте  қарастырылады.  Аймақтық 
топонимияда  ежелгі  атаулар  қабатын  қҧраушы  топонимдер  қазақ  тілінің  даму 
дҽуірлерінің  алғашқы  кезеңін,  яғни,  алтай  дҽуірін,  тіпті  одан  да  ежелгі  орал-
алтай, ностратикалық кезеңдерді қамтиды. 
Алтай  дҽуірінде  негізі  бір  ата  тілден  шыққан  тҥркі  жҽне  монғол,  тҧңғыс-
маньчжур  тілдері  бір-бірінен  ажырай  бастаған.  Алтай  дҽуіріндегі  тіл 
қҧрылысын  тек  салыстырмалы-тарихи  ҽдіс  негізінде  ғана  қалпына  келтіріп 
(реконструкция),  анықтауға  болады  [1,  8-9].  Алтай  дҽуіріндегі  топонимдердің 
мағынасы  мҥлде  тҥсініксіз,  ал  морфологиялық  тҧлғалары  кҿнелік  тҥрлерін 
сақтаған [2, 77]. 
Ежелгі атаулар деп тапқан біраз топонимдердің этимологиясына тоқталып 
ҿтейік: 
Алтай  –  ороним.  Бҧл  атаудың  шығу  тҿркіні  кҥні  бҥгінге  дейін  даулы, 
шешімін  таппаған  мҽселелердің  бірі.  Топонимнің  тҥп  -  тҿркіні  туралы 
В.Ф.Барашков  тҥркі  тілдеріндегі  «ала  тау»  тіркесінен  [3,  100]  шығуы  мҥмкін 
деген жорамал айтады. 
Тҥрколог  ғалым  В.В.Радлов  атаудың  тҿркінін  тҥркі-монғол  тіл  бірлестігі 
тҧстас,  «заңғар  тау»  мҽндес  сҿздерден  тапса,  профессор  Т.Жанҧзақов:  «  «Ал» 
сыңары  кҿне  тҥркі  тілдерінде  «қызыл»,  «алтын»  мағынасындағы  лексикалық 
бірлік, дербес  сҿз болған.  Атаудың  екінші  сыңарындағы  «тай»  сҿзі  кҿне  тҥркі 
тіліндегі  тағ  (тау)  сҿзінің  кейінгі  кезеңдерде  дауыссыз  «ғ»  дыбысының 
жартылай  дауысты  «й»  дыбысына  алмасуынан  туған.  Демек,  Алтай  -  «қызыл, 
қызғылт», яғни «алтын тау» «[4, 45-46], деп тҥсіндіреді.  

70 
 
Алтай атауы шамамен сақтар дҽуірінде пайда болуы мҥмкін деуге болады. 
Сақтар  қазақ,  қырғыз,  ҿзбек,  қарақалпақ,  тҽжік  сондай-ақ  Ауғанстанның, 
Иранның,  Ҥндістанның  жҽне  Қытайдың  кейбір  халықтарының  этногенезі 
болып табылады. Қазіргі Жетісу жері сол заманда Сақ патшаларының орталығы 
болған  кҿрінеді.  Ҿйткені,  бҧл  ҿңірлерде  басқа  жерлерге  қарағанда  қорғандар 
кҿп кездеседі [5, 19-20].  
Біздіңше,  Алтай  сҿзінің  «алтын  тау»  мағынасындағы  этимологиясы 
шындыққа жанасымды. 
Арғанаты  –  Тарбағатай  ауданындағы  тау  сілемдерінің  аты.  Жақсы 
Арғанаты  жҽне  Жаман  Арғанаты  деп  аталатын  екі  бҿліктен  тҧрады.  Атаудың 
тҿркіні  кҥні  бҥгінге  дейін  шешімін  таппай,  талас  тудыруда.  Ғалым 
Ҽ.Ҽбдірахманов: «Атаудың тҥбірі «арғана» кҿне алтай заманында «арқар», «тау 
ешкі»  ҧғымын  білдіріп,  кейін  монғол  тілінде  арғал  ал  тҥркі  тілдерінде  арқар 
тҥріне кҿшсе керек. Ал  -ты жҧрнағы туынды сын есім жасайтын кҿне жҧрнақ 
[6, 64] дейді.  
Топонимист  Е.Қойшыбаев:  «…монғол  тілі  негізіндегі  аргар,  аргалын 
тҧлғаларына    тҥркі  тілі  негізіндегі  –  ты  (тҧ  //  ту  //  тау)  морфемасының 
фонетикалық  қиысуынан  қалыптасқан  «арқар  тау»  мағынасындағы  атау»»[7, 
50] деп береді. 
Ал,  ономаст  Т.  Жанҧзақов  тау  аты  оның  табиғи  қҧбылысына,  кҿрік-
кескініне  де  байланысты  аталуы  жиі  кездесетінін  ескере  келе:  «Атаудың 
«арған» сыңарының тҥп-тҿркіні – «арқа». Мысалы: тува, хакас тілдерінде: арға 
– «тау орманы», «тайга», кҿлбей созылған қыр, қырат, жота, алтай тілінде арқа 
–  «тау  етегі»,  «орманның  терістік  жағы»,  ноғай,  қҧмықша  арқа  –  «қорған», 
«шың»,  «таудың  ҧшар  басы»,  «тау  тізбегі»,  «таулар»,  башқҧрт  тілінде  арқа  – 
«тау жалы», «биіктік», эвенкі тілінде аркан – «арқа», «иін». 
Бҧл 
дҽлелдерге 
сҥйенгенімізде, 
«Арғанаты» 
атауының 
бірінші 
сыңарындағы  арған  (арқа)  сҿзін  «тау  қыраттары,  сілемі,  тізбегі»  деген 
мағыналы сҿз деп білеміз, ал екінші қҧрамдағы ат тҧлғасын кҿне тҥркі  - алтай 

71 
 
дҽуіріне тҽн кҿптік жалғау кҿрсеткіші деудің реті бар. Ал, атау соңындағы «ы» 
– кейінгі кезеңдерде қосылған қосымша. [4, 31-32]. 
Атаудың этимологиясы туралы айтылған пікірлерді таразылай келе, ғалым 
Т.Жанҧзақов пікірін қҧптап отырмыз.  
Доланқара  –  Кҥршім  ауданындағы  ороним.  Атаудың  шығу  тҿркінін 
ғалымдар    «жеті  тау»,  «кҿп  тау»,  мағынасынан  шығарып,  «бірінші  бҿлімі 
монғолдың  долоон  –  «жеті»  деген  сҿзі.  Екінші  бҿлімі  берісі  тҥркі-монғол 
тілдерінде, арысы ностратикалық тілдерде кездесетін қара // гора // қар // кер // 
қыры  (  тау)  формасындағы  сҿздермен  тҥбірлес….  Бҧл  форма  «тау,  тас,  шың» 
мағынасында семит – хамит, картвель, ҥнді – еуропа, урал, дравид жҽне алтай 
семья  тілдерінде  кездесетіндіктен,  қара  сҿзінің  тҿркіні  тым  тереңде,  кҿне 
замандарда жатыр»[2, 78 - 79] дейді.  
Ҽрине, Доланқара атауы «кҿп тау» мағынасын беретін сҿздерден де шығуы 
мҥмкін.  Дегенмен,  Доланқара  атауының  тҿркіні  туралы  мынадай  болжамды 
ҧсынғымыз келеді. Атау «далалы жерде орналасқан тау», «жазық жердегі тау» 
немесе «жалаң тау» мҽндес болуы мҥмкін. Ҿйткені, долан // дола // дала // тала 
сҿздері кҿптеген тілдерде дала жазық жер мҽнінде қолданылады. Мысалы: кҿне 
тҥркі  тілінде  tala  –  «дала»,  азербайжан  тілінде  тала,  -  «ашық  жер»  (поляна), 
«жазық», «квартал», «таулы елді мекеннің бҿлігі»; балқар тілінде тала – «ашық 
жер»  (поляна),  «ашық  жазықтық»;  ҿзбек  тілінде  дала  –  «егістік»,  «қала 
сыртындағы  ҥй»,  «саяжай»;  қарақалпақ  жҽне  қазақ  тілдерінде  дала  –  «дала», 
«ашық жазық жер», қырғыз тілінде талаа – «дала», «ашық жер»,; алтай тілінде 
дьалан – «егіс», «жазық» (долина); тала – «маң» (сторона); якут тілінде талай – 
«егіс»,  «дала»,  «жар»  (обрыв);  қҧмық  тілінде  тала  –  «ашық  жер»,  «жазық», 
«квартал»; башқҧрт тілінде дала – «дала», «далалық» мҽндерінде қолданылады. 
Бҧдан  басқа:  халха  –  монғол  тілдерінде  тал  –  «дала»,  «жазық»,  «маң»,  «жер» 
(место),  бурят  тілінде  тала  –  «дала»,  «егістік»,  «жазық»,  «ашық  мекен» 
(открытая  местность),  маньчжур  тілінде  тала  –  «жазық»,  «егістік»,  «дала»; 
эвенкі тілінде талама – «жазық», «жазық жер» (ровное место)…. Сонымен бірге 
дала,  далан  сҿздері  монғол  тілінде  –  «тау,  майда,  жҧмсақ  бедерлі  биіктік, 

72 
 
жоталар тізбегі» мағынасында қолданылады. [8, 169 -170]. Ал орыс тілінде дол 
–  «тҿмен  жазық  жер»;  украинша  дол  –  «жазықтық»  (долина),  «тҿмен  жер», 
болгар тілінде дол – «жазықтық», «жыра», «ҿзен»; серб – хорват тілдерінде до, 
дол  –  «жазықтық»; грек  тілінде  долос  –  «ҥңгір»,  «дҿңгелек  бітімді қҧрылым», 
қазіргі швед тілінде dal жҽне немісше  tal – «жазықтық» т.б. [8, 184 - 185] екенін 
ескерсек атаудың қҧрамындағы алғашқы компонент – «жазықтық» мҽндес ҿте 
ежелгі сҿз екеніне кҿзіміз жетеді. 
Осы  тҧрғыдан  келгенде,  ҿте  кҿне  «долан»  компонентінің  ностратикалық 
тілдерде кездесетін қара // гора // қар // кер // қыр (тау) компонентімен тіркесіп 
келуі  хронологиялық  тҧрғыда  да  бір-бірімен  сҽйкес  келеді.  Қазақстан 
территориясында  кездесіп  отыратын  Доланқара  оронимдерінің  жазық  жерде 
орналасқан, ҿзіндік бедері жағынан – жазық, тегіс келетін тау жоталары екенін 
ескерсек, атаудың семантикасының объектінің сипатын беретінін танимыз. 
Ертіс  -  потамоним.  Ҧзындығы  –  4248  шақырым.  Қазақстан 
территориясында 1700 шақырым. Этимологиясы даулы кҿне атаудың бірі. 
Ертіс ҿзенінің атауы осы формада VIII ғасырдағы Кҥл-Тегін мен Тоныкҿк 
ескерткіштерінде  кездеседі.  Кҥл-Тегін  ескерткішінде  тҥркілер,  Алтай  тауына 
кҿтеріліп, Ертіс арқылы ҿтіп, тҥргеш тайпасын жеңгендері баяндалады [2, 31]. 
ХІ ғасырдағы М. Қашқаридың еңбегінде: ―Ertiш – Иемек даласындағы бір 
ҿзеннің  аты.  Бірнеше  тармақтық  бҧл  дария  сол  жердегі  бір  кҿлге  қҧяды.  Бҧл 
дарияны «Ертіс суы» дейді. Бҧл судан ҿтерде «Кім тез ҿтеді?» деген мағынада 
қолданылған «Ertiш – Ертіс» сҿзінен алынған [9, 127] деп беріледі. 
М.  Қашқаридың  берген  тҥсінігін  Ҽ.  Нҧрмағамбетҧлы  қолдап,  «хакас 
тіліндегі «иртіс» дыбыс қҧрамындағы тҧлға да қазақ тіліндегі «ҿту, кесіп ҿту» 
мағынасын  меншіктенеді.  Ҿзен  атауына  негіз  болуға  осы  сҿз  жарайды  деп 
санаймыз. Ҿйткені, …ҿзен талай ойды, қырды кесіп ҿтеді» дейді [10, 16]. 
Ертіс ҿзені атауының шығу тҿркінін топонимист ғалым Ҽ. Ҽбдірахманов: 
«Атаудың бірінші компоненті ир // ер тҥркі сҿзі: мағынасы қазақша иір, орысша 
«извилистый» дегенге келеді. Қазақша ир + ек, иір + ім, иір + іл + ген сияқты 
сҿздер осы тҥбірден ҿрбіген. Ал екінші тіс компоненті кет тілінде сес тҥрінде 

73 
 
келіп  «ҿзен»  деген  мағынаны  береді.  Екінші  сҿзбен  айтқанда  кет  тілінің 
сес(ҿзен)  ҿзі  тҥркі  тілдерінде  тіс  //  тіш  формасына  айналады»  деп  А.П. 
Дульзонның пікірін қуаттайды [2, 33]. 
Е.Қойшыбаев:  «тҥркі  тілдеріндегі  артыш  сҿзі  негізінде  қалыптасқан. 
Атаудың  қалыптасу  себебін  оның  арнасының  қилы    қилы  жолдар  арқылы 
ҿтуінен деседі. Мҽселен, ҽуелде жазық даламен аққан Ертіс аға келе Алтайдың 
Нарын жҽне Қалба жоталары биіктерінен оңай асады. Сондықтан оны «артыш» 
немесе «асқыш» аталатын жҿні бардай» – деп тҥсіндіреді [7, 98]. 
Ертіс атауының тҿркіні жҿнінде зерттеушілер арасында «кҿне  орал-алтай, 
тҥрік-монғол тіл бірлестігі кезіне тҽн Арцис // Эрцис деген атаудың тіліміздің 
дыбыстық  заңына  сҽйкестене  бейімделген  тҥрі.  Берер  мағынасы  «ҿзен  -  ҿзен 
немесе арынды, тасқынды ҿзен» болуы мҥмкін» деген пікір айтушылар бар [4, 
74 - 77]. Олардың тҥсіндіруінше, атаудың қҧрамындағы ар // ер // ир жҽне ас // 
ес  //  аш  //  ҿс  //  ҿз  форманттары  ҥнді  –  еуропа,  орал  алтай  тілдеріндегі 
синкретикалық  тҥбір  сҿздер.  Ар  //  ер  формантын  қазақ  тіліндегі  –  арна,  арық, 
арын, якут тіліндегі – арын (арал) сҿздерімен, башқҧрт тіліндегі Ар, Ариылғы – 
гидронимдерімен  т.т.  мысалдармен  дҽлелдесе,  ас  //  ес  //  аш  //  ҿс  //  ҿз 
форманттарын қазақ тіліндегі - ҿзен, ҿзек, монғол тіліндегі усан (су), башқҧрт 
тіліндегі ҥзен (ҿзен, алқап), якут тіліндегі ерюс (ҿзен) сҿздерімен дҽлелденген. 
В.Н.  Попова,  Е.М.  Поспелов,  А.К.  Матвеевтер  атаудың  компоненттері  ҥнді  – 
еуропа тілдеріне тҽн деп пайымдаған [4, 76]. 
Біздің ойымызша, «Ертіс – кҿне орал-алтай тіл бірлестігі кезеңіндегі «ҿзен 
–  ҿзен»  немесе  «арынды  ҿзен»  мағынасын  беретін  атау»  деген  жорамал 
ақиқатқа жақын. Сол себепті, осы пікірді қостаймыз. 
Қалба – Ертіс ҿзенінің сол жағында орналасқан тау жҽне тау жоталарының 
атауы. Оронимнің шығу тҿркінін Е. Қойшыбаев монғол тілінің хлбоо – «ҧштас, 
дҽнекер  болу»  ҧғымын  беретін,  Алтай  мен  Тарбағатайды  ҧштастырып, 
жалғаушы тау мҽнімен байланыстырады [7, 144]. 

74 
 
Ҽ.Ҽбдірахманов  атаудың  тауда  ҿсетін  қалба  –  «жабайы  сарымсақ» 
ҿсімдігіне  байланысты  қойылып,  кейіннен  мағынасы  ҧмытылып,  тау  атында 
ғана сақталып қалуы мҥмкін екендігін жазады [4, 113]. 
Э.М.Мурзаев  атаудың  угро-фин  тілдеріндегі  калва  –  «тау  жоталары», 
―орман арасындағы биік жер, тҿбе» сҿзімен ҧқсастырады [8; 245]. 
К.Ф.Гриценко  колбо  //  колба  сҿздерінің  қатысуымен  жасалған 
топонимдердің  Якутия,  эвенкілер  территориясында,  Кемеров  жҽне  Краснояр 
ҿлкелерінде кездесетін жҽне олардың кҿне қҧрылымға жататынын айтады [11, 
153-159]. 
Атаудың  этимологиясын  ашумен  шҧғылданған  ғалымдардың  біразының 
пікірі  оның  мҽн-мағынасын,  аталу  уҽжін  басқаша  тҥсіндіреді:  «Біріншіден, 
Қалба  кҿне  тҥркі  -  монғол  тілдеріне  тҽн  сҿзден  қойылса,  екіншіден,  оның  сол 
тілдерде тҥрлі морфологиялық қҧрылымда келіп, тҿркіндес, ҧқсас мағынаға ие 
екендігін  кҿреміз.  Біздің  тілімізде  қалбағай  –  «қалқиған,  делдиген»,  қалбай  – 
«қалқию,  жарбию»,  қалби  –  «қалқию,  жарбию»,  қалбаң  –  «елбең»,  «селпең» 
тҽрізді тҧлғаларда келіп, бір-бірімен ҧқсас, сҽйкес мағынаны білдіретін сҿздер 
бар  болса,  Таулы  Алтай  тілінде  де  калбак  –  «ложка»;  «висячий»; 
«мешковатый»; туваларша – «широкий, расширенный, плоский»; жазба монғол 
тілінде  хоlbagar  –  «широкий,  мешковатый»  деген  мағыналы  топонимдер  бар. 
Мҽселен,  Калбак-Кайа  (Калба-Кая)  –  «висячий  утес,  скала».  Калбак–Мош  – 
«широкий  кедр»;  Калбак–Таш  –  «плоский,  расширенный,  висячий  камень», 
«сопка».  Атау  биік  жота,  қыр,  қыраттарының  ҧзыннан-ҧзақ  созылып  жатуына 
байланысты қойылса керек» [4, 114]. 
Осы пікір, болжамдарды, деректерді салыстырып, салмақтай келе, ҿте кҿне 
дҽуірлерде пайда болған атаудың шығу тҿркіні туралы соңғы пікірге қосылып 
отырмыз. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

75 
 
1.
 
Болғанбайҧлы Ҽ., Қалиҧлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің  лексикологиясы 
мен фразеологиясы. Оқу қҧралы. – Алматы: Санат, 1997: 256 б. 
2.
 
Орталық  Қазақстанның  жер-су  аттары.  –  Алматы:  Ғылым,  1989.  – 
256 б. 
3.
 
Барашков  В.Ф.  Знакомые  с  детства  названия.-  М.:  Просвещение, 
1982.- 111 с. 
4.
 
Қазақтар:  Кҿпшілікке  арналған  анықтамалық.  9  т.-  Алматы: 
Қазақстанның даму институты, 1998.- Т.8.-480 б. 
5.
 
Аманжолов К., Рахметов Қ. Тҥркі халықтарының тарихы. – Алматы; 
Білім, - 1996. – 272 б. 
6.
 
Ҽбдірахманов Ҽ. Топонимика жҽне этимология. – Алматы: Ғылым, 
1975. - 207 – бет. 
7.
 
Қойшыбаев  Е.  Қазақстанның  жер-су  аттары  сҿздігі.  –  Алматы: 
Мектеп, 1985. – 256 б. 
8.
 
Мурзаев  Э.М.  Словарь  народных  географических  терминов.  –  М: 
Мысль, 1984. – 653 с. 
9.
 
Қашқари М. Тҥрік тілінің сҿздігі: (Диуани лҧғат – ит – тҥрік): І том. 
/Қазақ тіліне аударған, алғы сҿзі мен ғылыми тҥсініктерін жазған А. Егеубай. – 
Алматы: ХАНТ., 1997. – 590 бет. 
10.
 
Нҧрмағамбетҧлы  Ҽ.  Жер-судың  аты  –  тарихтың  хаты.  –  Алматы: 
Балауса, 1994. – 64 бет. 
11.
 
Гриценко 
К.Ф. 
Определение 
этнической 
принадлежности 
некоторых названий Якутии методом картографирования // Этнография имен. – 
М: Наука, 1971. –263 с. 
 
 
 
 
 
 

76 
 
ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ. 
 
АКЦЕНТТЕЛУДЕГІ ИНТОНАЦИЯ КОМПОНЕНТТЕРІ МЕН 
ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ  МАҢЫЗЫ 
 
Интонациялық  контурдың  қҧрылымын  қарастырғанда,  тіпті  кез  келген 
тілдің интонациясын сипаттағанда «сҿз екпіні» тҥсінігінен айналып ҿту мҥмкін 
емес.  Тонның  жоғарылауы  мен  тҿмендеуін  сҿздердің  біріндегі  буындағы 
екпінмен  байланыстыруға  болады.  Кейбір  зерттеушілердің  екпінді  интонация 
компоненттерінің  қҧрамында  қарастыруы  да  кездейсоқ  емес.  Сҿздегі 
буындардың  бірінің  белгіленуі  тҥрлі  фонетикалық  қҧралдарды  пайдалану 
арқылы іске асады. Дҽстҥр бойынша сҿз екпіні мен фразалық интонация тҥрлі 
тілдердің, сҿз бен фразаның деңгейіне байланысты.  
Ҽуен, қарқын, ҧзақтылық, кідіріс, ҥдемелілік, ҽуез -  интонацияның негізгі 
компоненттері  немесе  просодикалық  тҽсілдер  деп  аталады  [1].  Сҿйлеу  тілінде 
интонацияның  аталған  компоненттері  бірімен-бірі  тығыз  байланысты  болады. 
Бірақ  олар  сҿйлемнің  барлық  тҥрлерінде  ҽр  уақытта  бҽрі  бірдей  орын  алады 
жҽне  бҽрі  бірдей  тыңдаушыға  анық  естіледі  деп  айту  қиын.  Олар  ҿзара  тҥрлі 
қарым-қатынасқа тҥсіп, сҿйлемнің ҽр алуан тҥрлерін тҥзуші, оларды бір-бірінен 
ажыратушы қызмет атқарады. 
Интонацияның  компоненттері  тіл-тілдердің  бҽрінде  қолданылатын 
ҽмбебап  просодикалық  тҽсіл  болып  табылады.  Бҧл  компоненттер  негізінен 
тілдердің қай-қайсысында да сҿйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажыратуға 
қатысады.  Барлық  тілдердегі  синтагмалар  арасындағы  мағыналық  қарым-
қатынасты  білдірудің  ҽмбебап  ҽдісі  интонацияның  компоненттері  немесе 
просодикалық тҽсілдер яғни ҽуен, қарқын, кідіріс болып саналады. 
Интонацияның  ҽр  бір  қҧрамдас  компоненті  сҿйлеу  барысында  жеке-жеке 
емес,  тҧтасып,  бір-бірімен  бірігіп,  кейде  біреуі  басым  тҥсіп,  кейде  барлығы 
бірдей  деңгейден  кҿрініп  сҿйлемді  ҧйымдастырып,  безендіріп  тҧрады.  Ҽуен, 
ырғақ,  кідіріс,  қарқын  сияқты  танымдық  тҽсілдер  қолданыс  тілі 

77 
 
стилистикасының  барлық  саласында  ҿзінің  стильдік  бояуымен,  кҿркемдігімен 
ерекше  рҿл  атқарады.  Просодикалық  тҽсілдер  арқылы  кез  келген  сҿйлеу 
ҥрдісінде,  дискурста,  шығарма  тілінде,  мҽтінде,  тіл  дыбыстарында 
стилистикалық бояу анық байқалады.  
Сҿз  сҿйленістеріндегі  просодикалық  тҽсілдер  экспрессивтік  қызмет 
атқарады,  осы  сҿйлеудің  дыбыстық  жағы  барлық  сҿйлеу  мҽтіндерінде 
қабылдаушыға  алуан  тҥрлі  эмоционалды  ҽрі  экспрессивті  ҽсер  бере  алатынын 
жоққа шығаруға болмайды. Сҿйлеу тіліндегі синтаксистік сегменттер  – фраза, 
синтагма,  ырғақты  топтарды  бейнелеуде  жоғарыда  келтірілген  акустикалық 
ерекшеліктерден  басқа  оларға  тҽн  интонацияның  тональды  деңгейінің  де  мҽні 
кҿп.  Интонация  компоненттерінің  бірі  -  ҽуез.  Ҽуез  -  адамның  ҽртҥрлі  кҿңіл 
кҥйін,  эмоциясын  білдіретін  интонациялық  тҽсіл.  Ҽуез  арқылы  қуаныш  пен 
реніш,  ашу  мен  ирония,  кҿңілдену  мен  мейірлену,  сықақ  пен  мысқал  т.б. 
сезімдер  беріледі.  Ол  кҿбінесе  сҿйлемнің  эмоциялық  мазмҧнын  беруге 
қатысады.  Ҽуездің  лингвистикалық  функциясы  ҽлі  жете  зерттелмегендіктен 
оның барлық қызметі сараланбаған. 
Ҧзақтылық  интонацияның  уақытқа  байланысты  сипаты.  Сҿйлемнің  не 
сҿйлеу  тіліндегі  басқа  да  синтаксистік  сегменттердің  іске  асуы  ҥшін  олардың 
уақытпен  байланысты  болуы  ақиқат,  яғни  олардың  тілде  орын  алуы  жҽне 
тыңдаушының қҧлағына жетіп, оған тҥсінікті болуы ҥшін біршама уақыт қажет. 
Осы айтылу – тыңдау – тҥсіну ҥрдісіне керек уақытты интонацияға байланысты 
уақыт ҧзақтылығы дейді. 
Интонация туралы тҥрлі пікірлерді негізгі екі топқа жіктеуге болады. Бірі, 
интонацияны ҽуенмен астастырса, екіншісі,  интонацияны тҥрлі компоненттен 
тҧратын  кҥрделі  тҧтастық  деп  таниды.  Интонацияны  айтқанда  сҿйлеу  ҽуені, 
фразалық  екпін,  ҧзақтылық,  қарқын,  кідіріс,  ырғақты  тҥсінуге  болады.  Кез 
келген фонетикалық  қҧбылыс  тҽрізді интонацияны  тҿрт  қырынан қарастыруға 
болады: 
артикуляциялық 
(физиологиялық), 
перцептивті, 
акустикалық 
(физикалық), лингвистикалық (функционалды). Ҽрқайсысының арасында ҿзара 
тығыз байланыс бар, бірақ ол байланыс бір мақсатты, тура емес. 

78 
 
Сонымен, тҥрлі халықтардың сҿйлеу тілінде интонацияның компоненттері 
басқаша айтқанда просодикалық тҽсілдері ҽртҥрлі қатынасқа тҥседі. Ал қандай 
жағдайда жҽне қай тілде болса да аталған просодикалық тҽсілдердің  қайсысы 
қалай  қолданылуы  сол  тілдің  интонациясының  ерекшелігіне  байланысты 
келеді. 
Интонацияның  маңызды  да  белгілі  компоненттерінің-бірі  пауза  немесе 
кідіріс.  Сҿз  ағысында  болатын  ҥзілісті  пауза  дейді.  Кідіріс  мағынасына  қарай 
физиологиялық,  эмоциялық,  жағдаяттық,  логикалық  деген  тҥрлерге  бҿлінеді. 
Паузаның  лингвистикалық  функциясы  дегеніміз,  оның  бір  бҥтін  мҽтінді 
фразаларға, синтагма, ырғақты топ, сҿздерге бҿлу ғана болып қоймай, сонымен 
бірге  интонацияның  басқа  компоненттерімен  қосылып  сҿйлемдердің  тҥрлі 
мазмҧндық, эмоциялық т.б. қарым-қатынастарын анықтауға қатысуы деп айтуға 
болады.  Кҿптеген  тілдерге  бірдей  болып  келетін  интонацияның  қарама-
қарсылықты,  тҥсіндіру-анықтауды,  санамалауды,  логикалық  белгілеуді, 
қыстырмалылықты  кҿрсететін  просодикалық  тҽсілдердің  бар  екені  белгілі.  Ал 
олардың қолданылуында ҽр тілдің ҿзіне тҽн ерекшеліктері болуы мҥмкін.  
Кідіріс  акустикалық  жағынан  дыбысталудың  тоқтағанын,  физиология 
тарапынан  артикуляцияның  тыйылғанын  білдіреді.  Кідірістің  лингвистикалық 
қызметіне  бір  бҥтін  мҽтінді  фраза,  синтагма,  ырғақты  топ  (ритмикалық  топ 
қазақ  тіл  білімінде  Р.Сыздық,  Т.Сайрамбаевтың  беруінде  ырғақты  топ    деп 
аталды), сҿздерге бҿлуі жҽне осы бҿліктер арасындағы қатынас тҥрін кҿрсетуі, 
интонацияның  басқа  компоненттерімен  бірге  сҿйлеу  бірліктерінің  мазмҧндық, 
эмоциялық,  логикалық,  интеллектуалдық  қарым-қатынастарын  анықтауы 
жатады.  Кідіріс  сҿйлем  мҥшелерінің  ара  жігін  белгілеп,  сҿздердің 
функцияларын анықтауға да қызмет етеді.  
Сҿйлемдегі  кідірістің  орнына  байланысты  сҿздердің  ҿзара  қарым-
қатынасы  мен  функциясы  ҿзгеріп  отыратынын  Ҽ.Жҥнісбек  дҽлелдеген.  Бҧған 
қоса, ол ритмикалық топтар аралығындағы кідіріс ритмикалық топтар ішіндегі 
кідірістен  1,5  жҽне  2  есе  артық  болатынын  эксперимент  жҥзінде  кҿрсеткен. 
Кідіріс  мҿлшері  сҿйлеу  қарқынымен  тура  пропорционал  болады.  Фразалар 

79 
 
аралығындағы  кідірістер  синтагмалар  арасындағы  кідірістен  ҽлдеқайда 
кҿлемдірек болып келеді.  
Тҥрлі  сҿйлеу  типтерінің  ырғақты-интонациялық    қҧрылымын  кідіріс 
арқылы да тануға болады. Мҽтіндегі тҥрлі суперсегменттік тҽсілдер арасындағы 
тығыз  байланыс  кідірісті  суперсегменттік  фонетиканың  дербес  тҽсілі  ретінде 
жеке қарастырғанды артық етпейді. Ҽдетте кідіріс екі тҥрлі ҧғымды білдіреді: 
фразааралық шекте тонның ауысуы мен дыбысталуында біршама кідіріс бар.  
А.М.Фазылжанованың  зерттеуінде,  сҿз  ағымындағы  ҥзіліс  кідіріс  деп 
аталады.  Сондай-ақ,  белгілі  бір  тілдік,  яғни  мағыналық  маңызды  қызмет 
атқарып,  тыңдарманның  ақпаратты  дҧрыс  қабылдап  тҥсінуіне  кҿмектесетін 
уҽжді ҥзілістерді ғана кідіріс деп атаймыз [2].  
Кідірістің  мағыналық  маңызы  сҿз  бҿліктерінің  аражігін  ажырату 
қызметімен  қатар  сҿйлеушінің  кҿңіл-кҥйін,  тыңдарманға  деген  ниетін  білдіру 
функциясы  да  бар.  Егер  сҿз  ағымының  бір  тҧсында  ой  аяқталмай  жатып 
сҿйлеуші кідіріс жасаған болса, оның уҽжді жҽне уҽжсіз екі себебі болу мҥмкін. 
Уҽжсіз  себебі  сҿз  иесінің  дҧрыс  тыныстауымен,  демінің  жетпей  қалуымен, 
сыртқы  ҽсердің  салдарынан  сҿзін  тоқтатуымен  байланысты.  Ал  уҽжді  себебі 
кҿңіл  толғанысын  жеткізу  мақсатымен,  тыңдарманын  ойлануға  шақыруды 
діттеуімен  ерекше  сезімін  білдіру  ниетімен  байланысты.  Мҧндай  паузаларды 
сҿз иесі ҿзінің сҿзінің кез келген бҿлігіне қоя алады. Ҽдетте бҧлар ерекше назар 
аударылған  сҿз  бҿлігінен  кейін,  не  оның  алдында  болады.  Мҧндай  кідірісті 
эмоциялық  паузалар  дейміз.  Кейде  кідірістердің  орнына  ешқандай  тілдік 
мазмҧны  жоқ  «ммм»,  «ыыы»  тҽрізді  дыбыстар  айтылуы  мҥмкін.  Мҧндай 
кідірістер тіл ғылымында хезитациялық кідірістер деп аталып, сҿйлеушінің сҿз 
соңынан  ойланғанша  бос  уақытты  толтыру  мақсатында  айтқан  дыбыстарынан 
тҧрады,  кҿбінесе  бейресми,  тҧрмыстық  қатынастағы  кҿзбе-кҿз  тілдесуде  жиі 
кездеседі  де,  ал  ол  бҧқаралық  ақпарат  қҧралдары  арқылы  эфирге  шығып 
отырған диктор немесе журналистің ауызша сҿзінің сапасын тҿмендетеді. 
Ж.М.Кеншінбаеваның 
зерттеуінде 
кідірістің 
психологиялық, 
хезитациялық,  эмоциялық,  кҥшейткіш  кідіріс  деген  тҥрлері  беріледі  [3]. 

80 
 
Фонология  тҧрғысынан  алып  қарағанда  кідіріс  шегаралық  дабылды  белгінің 
бірі  болып  табылады.  Мҧнда  кідірістің  фраза  ажыратушы  грамматикалық 
сипаты  кҿрінеді.  Бҧл  суперсегменттік  тҽсіл  мағына  ажыратушы  қабілетке  ие 
фразаны  суперсегменттік  бірлік  ретінде  қарастырады.  Фраза  ырғақты  - 
интонациялық,  синтаксистік  жҽне  мағыналық  бірлік  болып  табылады. 
Фразаның  негізгі  фонетикалық  амалы  –  интонация.  Фраза  шегінде  кідіріспен 
аракідік бірге жҥретін тонның ауысуы тҽн.  
Интонациялық мҥшелену мҽселесінде ең кҥрделі жҽне даулысы мҥшелену 
қағидасы  болып  табылады.  Оған  ҽсер  етуші  факторлар  тҥрліше.  Фраза 
практикалық  жағынан  фонетикалық,  семантикалық,  синтаксистік,  тіпті 
лексикалық  талдау  негізінде  мҥшеленеді.  Интонациялық  мҥшеленуге  ҽсер 
ететін  фактор:  фонетикалық  фактор  кҥшті  позицияға  сай  келетін  дыбыс 
бҿлшегінің  ҧзақтығын  анықтауға  қажетті  фразаны  белгілеу.  Қҧрылымдық 
семантикалық  фактор:  мҧнда  фраза  сҿйлеу  қҧрылымына  талдау  жасаудың 
негізінде  яғни,  ондағы  тҧрлаулы  жҽне  тҧрлаусыз  мҥшелерді  анықтаудың 
негізінде анықталады.  
Ҽдетте  кідірістің  атқаратын  рҿлі  ҿте  қарапайым,  ол  фраза  мен  сҿйлемді 
бір-бірінен  бҿліп  тҧратын  шегаралық  белгі.  Олардың  сан  жағынан  да,  сапа 
жағынан да тҥрліше екендігі белгілі. 
Енді  кідірістің  тҥзілу  орны  мен  амалы  бойынша  жіктелуіне  тоқталамыз. 
Кідіріс 
термині 
екі 
тҥрлі 
ҧғымды 
тҥсініктің 
басын 
біріктіреді. 
Дыбысталғандағы  ҥзіліс  жҽне  интонациялық  мҥшелену  шегі.  Мҥшелену  шегі 
ретінде  ол  мҽтіннің  синтаксистік  қҧрылымын  кҿрсететін  грамматикалық 
қҧбылыс  болып  табылады.  Ол  тіл  жҥйесін  мҥшеленуде  тҥзіледі.  Мҧндай 
кідірістің  фонетикалық  кҿрінуі    тҥрліше.  Ол  дыбыстаудағы  екі  фраза  шегінде 
толық  ауыспалы  болып  тҥзіледі  жҽне  бір  уақытта  тонның  ауысуынан  жҽне 
дыбыстаудағы ҥзілістен кҿрінеді. Мҧндай кідірістер интонациялық мҥшеленуді 
шектейді,  оны  Г.Н.Иванова-Лукьянова  грамматикалық  кідіріс  деп  атап,  оның 
ҥзіліс арқылы дыбыстағанда туындайтын шынайы грамматикалық кідіріс жҽне 

81 
 
ҥзіліссіз  дыбыстағанда  туындайтын  шынайы  емес  грамматикалық  кідіріс  деп 
бҿледі [4].    
Кідіріс интонациялық мҥшелену шегін кҿрсететін грамматикалық қҧбылыс 
ретінде мҽтіннің синтаксистік қҧрылымын тҥзейді, мҧндай кідірістер кез келген 
мҽтінде  кҿрініс  табады.  Грамматикалық  кідірістің  орны  ҥш  тҥрлі  фактордың 
ҽсерінен 
туындаған: 
фонетикалық, 
синтаксистік, 
семантикалық. 
Грамматикалық кідірістер мҥшелену функциясын немесе дыбысталған мҽтінге 
ешқандай  стильдік,  эмоциялық  реңк  берместен,  синтаксистік  байланысты 
кҿрсетеді.  Бҧл  тҧжырым  грамматикалық  кідірістің  стилистикалық  қалыпты 
екендігін білдіреді. Ол барлық сҿйлеу типінің негізін қҧрайды. 
Сонымен,  кідіріс  тілдік  бірлік  ретінде  кҿп  функциялы  тҽсіл  болып 
табылады.  Кідіріс  фраза,  синтагма,  ҧзақтылық  шеңберінде  қарастырылады. 
Соңғы  кідіріс  ол  ҽдетте  ҧзақ  келеді.  Сҿздер  арасында  келетін  кідіріс  фраза 
ішінде бір синтагманы екінші синтагмадан ажырату ҥшін қолданылады.   
Ақпаратты  беруде  интонацияның  басқа  компоненттері  тҽрізді  қарқын 
маңызды  рҿл  атқарады.  Қарқынның  ҿзіне  тҽн  лингвистикалық  мҽні  бар.  
Қарқын – ҧзақтылық сияқты интонацияның уақытқа қатысты шамасы. Қарқын 
деп  белгілі  уақыт  аралығында  дыбысталған  буын  санын  айтуға  болады. 
Басқаша айтсақ, интонацияның қарқын шамасы сҿйлеу жылдамдығын білдіреді. 
Сҿйлеу жылдамдығының ҿзгеруі ауызша тілде ҿзіндік қызмет атқарады.  
Интонацияның  барлық  шамалары  сияқты  оның  ҥнемі  бірлесіп,  кҿрінетін 
шамасы  ҽуен  болып  табылады.  Олардың  бір-біріне  қатысы  параллель  тҥрде 
жҥзеге асады. Олай дейтініміз қарқынның баяулауы мен дауыс диапазонының 
кеңеюі,  қарқынның  жылдамдығы  мен  дауыс  диапазонының  тарылуы  кҿп 
жағдайда  қатар  байқалып  отырады.  Мҧндай  ҿзгерістер  арқылы  сҿз  ағымының 
мазмҧндық  жағынан  маңызды  бҿліктері  ерекшеленеді.  Егер  сҿйлем  бірнеше 
қҧрамдас  бҿліктерден  тҧрып,  оның  бір  бҿлігі  баяу  айтылса,  бҧл  дабыл 
тыңдарманға  сол  бҿліктегі  мазмҧнға  ерекше  назар  аудару  керектігінен  хабар 
жеткізеді.  Міне,  сондықтан  да,  сҿз  иесі  назар  аударту  мақсатында  керекті 
сҿздердің айтылу қарқынын баяулатып отырады. Сондай-ақ қарқынның ҿзгерісі 

82 
 
сҿздегі  тілдік  ақпаратпен  қоса,  сҿйлеушінің  ақпаратқа  қатынасын,  сҿйлеу 
кезіндегі  оның  эмоциясынан  хабар  бере  алады.  Баяу  қарқынмен  басталып, 
соңына  қарай  сҿйлеу  жылдамдығының  арта  тҥсетіндігі  кҿптеген  тілдер  ҥшін 
сҿйлеудің ортақ заңдылығы ретінде байқалған.  
А.Ж.Аманбаеваның  зерттеуінде  қарқын  былай  анықталған:  «Қарқын  -
сҿйлеу  кезіндегі  айтар  ойдың  маңызды  жҽне  маңызсыз  тҧстарын  ажыратуға 
септігін  тигізетін,  ҧзақтылық  сияқты  уақытқа  қатысты  шамасы.  Яғни  сҿз 
ағымында қарқын, сҿйлеу жылдамдығын білдіріп отырады. Ҽсіресе, қарқынның 
баяулауы  мен  жылдамдауы  дайындықсыз  сҿйлеу  кезінде  анық  байқалып  
отырады [5].  Эксперименттік зерттеуден кҿргендей, сҿйлеу кезінде мағынасы 
зор, маңызды тҧстары баяулау қарқынмен айтылады.  
Сҿйлеу  қарқыны  уақыт  бірлігіндегі  сҿз  жҽне  буын  санымен  анықталады. 
Қарқын  сипаттамасының  интонация  мен  кідірістен  айырмашылығы  оның  тек 
дыбысталған мҽтінге тҽн болуында, дегенмен де кейде ол жазба мҽтіндегі жанр 
мен стильге сҽйкес қарқынның шектелуіне байланысты. Қарқын немесе мҽтінде 
оқу жылдамдығы жеке, дара тілдік сипат тҽрізді қҧбылысқа байланысты. Мҽтін 
ырғағы,  кідіріс  жҽне  синтагмалық  мҥшелену  сипаты,  сҿзді  айту  жылдамдығы 
оқылған мҽтін қарқынына ҽсер етуі тілдік ережеге қатысты болады.  
Енді  қарқынға  ҽсер  ететін  суперсегменттік  фонетикалық  қҧбылыстарға 
тоқтала кетсек. Қҧбылыстар арасында қарқынға ҽсер  ететін уақыт бірлігінде ең 
алдымен  сҿзді  дыбыстау  жылдамдығын  анықтау  қажет.  Қарқын  кҿрсеткішін 
анықтау  ҥшін  қарқынды  санау  қажет.  Ол  тек  дыбыстау  уақытын  есептейді. 
Сонымен  сҿйлеушінің  кідіріске  жіберген  уақытын  есептемей,  сҿзді  дыбыстау 
жылдамдығын есептеуге болады. Қарқынның кідіріс пен кідіріссіз кҿрсеткішін 
салыстырғанда сҿзді дыбыстау жылдамдығы туралы болжам жасауға болады.  
Сҿзді  тез  дыбыстап  айту  дағдысы  қарқынды  тҥрлендіруге  мҥмкіндік 
береді.  Ҽртістер,  журналистер  хабардың  жанрына  байланысты  кҽсіби 
диалогтарында  қарқынды  тез  ҿзгерту  қабілеттеріне  ие.  Мысалы  тҥсініктеме 
немесе  репортаж  жанрында кейде  сҿзбен  сҿйлемдерді  анық  айтуды  сақтаумен 
қатар  ҿте  жоғары  жылдамдықпен  айтуды  талап  етеді.  Басқа  жағдайда  мҽтін 

83 
 
жанры  сҿзді  дыбыстау  жылдамдығын  баяулатуды  талап    етеді.  Ең  қарапайым 
кең  таралған  тҽсіл  сҿзді  дыбыстағанда  баяу  дыбыстау  болып  табылады. 
Осындай  тҽсілмен  дыбысталған  сҿздер  ерекшеленеді  жҽне  қосалқы  эмоцияға 
немесе мағынаға ие болады. Қарқын мҿлшері кідірістің сипатына байланысты. 
Қарқын  дыбыстың  ҧзақтығына,  логикалық  екпінге  де  ҽсер  етеді.  Егер 
мҽтінде  логикалық  екпін  кҿп  болса,  оның  қарқыны  баяу  болады.  Мҽтінге 
логикалық екпін экспрессиялық бояу  береді де қарқын баяулайды. Қарқынның 
негізгі  белгісі  –  маңызды  мағынаны  қосалқыдан  бҿліп  кҿрсету,  сҿйлемдегі 
маңызды  ой  баяу  қарқынмен  дыбысталады.  Қарқынның  кҿмегімен  адам  ҿз 
кҿңіл  -  кҥйін    білдіреді.  Қарқын  ашуланғанда,  қуанғанда,  сергек  болғанда 
жылдамдайды,  ал  ойланғанда,  шаршағанда,  селсоқ  кҥйде  баяулайды. 
Л.К.Цеплитистің  айтуынша,  қарқынның  ҿзгеруін  қабылдау  қарқынның 
мҿлшерін нақты білмеуге байланысты.   
Адамдар  ҿзгеріске  тҥсетін  қарқынды  қабылдауға  бейім  келеді,  бір 
сарындағы    қарқын  қабылдауға  келмейді.  Сондықтан,  қарқынның  ҿзгеріске 
тҥсуі функционалды маңызды болып келеді. Басқа суперсегменттік тҽсілдермен 
салыстырғанда қарқын  - мҽтін қҧраудағы ҿнімді тҽсілдердің бірі. Дегенмен де 
ол  басқа  тҽсілдермен  бірлесе  отырып  мҽтіннің  ырғақты-интонациялық 
қҧрылымын тҥзейді. 
Қарқынды  ҿлшеу  мен  бағалау  екі  жағдайда  болады:  қабылдау  жҽне 
уақытты ҿлшеу негізінде. Қарқынды нақты анықтауда ҥш сипат белгілі: орташа 
(қалыпты),  жылдам  жҽне  баяу.  Қарқын  қалыпты  немесе  қарапайым  жҽне 
ҿзгергіш,  кҥрделі  келеді.  Сҿйлеу  қарқыны  тақырыпқа,  тілдік  бірліктердің 
санына, уақытқа (уақыт қысқа болғанда қарқын жылдам болады), ҧзақтылыққа 
байланысты. Сҿздің басталуы мен аяқталуы қарқынды баяулатқаннан білінеді. 
Қарқынның  негізгі  белгісі  –  маңызды  мағынаны  қосалқыдан  бҿліп  кҿрсету, 
сҿйлемдегі маңызды ой баяу қарқынмен дыбысталады. 
Бір тілді басқа бір тілден ажыратуда жетекші рҿл атқарушы сол тілге ғана 
тҽн  ҿзіндік  ҽуені  болады.  Оның  сҿз  барысында  атқаратын  қызметі  сан  алуан. 
Ол,  ең  алдымен,  сҿз  ағымын  бҿлшектеп  жіктеуге  де,  олардың  басын  қоcып 

84 
 
біріктіруге  де  қатысса,  оған  қоса,  айтылған  сҿздің  коммуникативтік  тҥрін 
ажыратып,  лексикалық  жҽне  грамматикалық  тҽсілдермен  сабақтасу  арқылы 
оның  мағынасын  білдіреді,  сондай-ақ,  сҿз  тізбектерін  синтагма  деңгейінде 
мҥшелеп, логикалық жҽне эмоциялық мазмҧн жеткізуде орын алады.  
Лингвистикалық  тҥсіндірме  сҿздікте:  «Ҽуен  –  дыбыс  ҽуені,  дыбыс 
дірілінің  тҥрлерімен  байланысты.  Сҿйлеу  тілінде  ҽуен  ҧғымы  ең  алдымен 
дауыстыларға  қатысты  мҽселемен  байланысты.  Ҽуен  термині  француз  тілінен 
алынған,  фонетикада  -  дыбыстың  жиілігіне  байланысты  болатын  дыбыстың 
реңі,  музыкада  ҽуен  дыбыстың  сапасын  тон  биіктігін  белгілейді»  деген 
анықтама  берілген  [6].  Осы  сҿздікте:  «Сҿйлеу  ҽуені  –  интонацияның  негізгі 
бҿлігі.  Сҿйлеу  ҽуені  негізгі  тон  жиілігінің  ҿзгеруіне  байланысты  болады. 
Сҿйлеу ҽуенінің кҿмегімен сҿйлемнің ҽр тҥрлі (сҧрақ, ҽңгіме, бҧйрық, лептілік, 
импликация)  тҥрлері  жасалады.  Сонымен  қатар,  сҿйлеу  ҽуені  белгілі  бір 
эмоцияны  да  білдіреді:  мысқыл,  ҽжуа,  астарлы  т.б.  Сҿйлеу  ҽуені 
лингвистикалық талдау жасағанда бірнеше мелодикалық диапазон  (тондардың 
жоғары жҽне тҿменгі жиілігінің ауытқуы), интервал (музыкалық терминдермен 
берілетін  тондар  жиілігінің  арақатынасы),  деңгейлер  негізгі  тон  жиілігінің 
жылжу  бағыты  (жоғарғы,  тҿменгі,  бір  қалыпты)  алынады»  делінген  [6].
 
Тҥркі 
тілдері  оның  ішінде  қазақ  тілінде  ҽуен:  1)  сҿз  ағымындағы  синтагмаларды 
ажырату,  яғни  сҿз  ағымын  мағынасы  жағынан  қандай  да  бір  ақпарат  бҿлігін 
жеткізетін  топтарға  жіктеу;  2)  коммуникативтік  мақсатын  ажырату;  3) 
сҿйлемнің  аяқталған,  аяқталмағандығын  белгілеу;  4)  синтагмалар  арасындағы 
қатынастың тҥрлерін анықтайды [1]. 
Сҿз  барысында  тілдің  ҽуені  жеке  бастың  ҿзіндік  сҿйлеу  ерекшеліктеріне 
сай  ҽр  кезде  ҽр  алуан  ҿзгеруі  мҥмкін  болса  да,  бҧл  қҧбылыс  сол  тілдің 
эволюциялық  дамуына  қатысты  қалыптасқан  ҧлттық  заңдылықтардан  тыс 
ҿзгеше  ауытқи  алмайды.  Ҽйтпесе  сҿздің  негізгі  мазмҧны  сҿйлеушінің  алдын-
ала кҿздеген мақсатынан тайып, тыңдаушының қабылдамауы ықтимал.  
Ҽуен - интонацияның басты компоненті. Себебі, қай тілдің болса да, басқа 
тілдерден  айырмашылығын  білдіруде  ҽуеннің  рҿлі  ерекше  жҽне  ол  тілдің 

85 
 
бірден  –  бір  ҿзгешелік  белгісі  бола  алады.  Онсыз  ауызша  сҿздегі  ешбір 
тиянақты  ойды  білдіре  алмайды.  Ғылыми  анықтамаға  жҥгінетін  болсақ,  ҽуен 
деп  дауыс  толқындарының  тербеліс  жиілігін  айтамыз.  Жалпы  ҽуеннің 
сҿйлемдегі атқаратын қызметі ҽр алуан.  
Біріншіден,  сҿйлеу  тілінің  ағысын  бҿлшектерге  мҥшелеп  жіктейтін  де, 
олардың  басын  қосатын  да  ҽуен  жҽне  онымен  қоса  кідіріс.  Екіншіден, 
сҿйлемдердің  коммуникативтік  тҥрлерін  анықтауда,  яғни  олардың  айтылу 
мақсатына қарай (хабарлы, сҧраулы, бҧйрықты, лепті) бҿлінуінде ҥлкен қызмет 
атқарады.Ҥшіншіден,  грамматикалық  жҽне  лексикалық  тҽсілдермен  қосылып 
сҿйлемдердің  жалпы  мағынасын  беруге,  оның  стильдік  ерекшеліктерін 
анықтауға 
қатысады. 
Тҿртіншіден, 
сҿз 
тізбектерінің 
синтагмалық 
акценттелуімен  қосылып,  сҿйлемнің  логикалық  жҽне  эмоциялық  мазмҧнын 
жеткізуде маңызы зор. 
Акустикалық  жағынан  алғанда,  ҽуен  сипаты  ҽр    уақытта  ҿзгеріп  тҧратын 
негізгі  тон  жиілігіне  сҽйкес.  Сҿйлеу  тілінің  негізгі  тон  жиілігінің  сҿйлеу 
ҥрдісінде  ҧдайы  ҿзгеріп  тҧруы  оның  бір  ҿзгешелігі  болып  табылады.  Тілдегі 
негізгі тонның мазмҧны сҿйлеушінің дауысының не жоғары не тҿмен болуымен 
байланысты.  Интонацияның  тоналды  интервалы  болымды  жҽне  болымсыз 
болып екіге бҿлінеді. Егер де салыстырмалы ҿлшемнің біріншісінің интервалы 
оның  екіншісінің  интервалынан  кем  болса,  онда  тоналды  интервал  болымды 
боп  есептеледі.  Егер  керісінше  болса,  онда  –  болымсыз  болады.  Синтаксистік 
ең  маңызды  шағын  ҿлшемдер,  яғни  синтагмалар  жҽне  сҿйлемдер  ҿзіне  тҽн 
тоналды интервалдармен сипатталады. 
Тоналды  диапазон-негізгі  тон  жиілігінің  ең  ҥлкен  жҽне  ең  кішкентай 
мҿлшерінің арасындағы айырмашылығы арқылы белгіленеді. Олардың ҥш тҥрі 
бар:  кҿлемді,  кҿлемсіз,  орташа.  Эмоциялық  мағыналы  сҿйлемдердің  тоналды 
диапазоны кҿбінесе кҿлемді мҽндермен сипатталады. Бҧған лепті сҿйлемдердің 
тоналды  диапазоны  жатады.  Сҿйлеу  тіліндегі  синтаксистік  сегменттер-фраза, 
синтагма,  ырғақты  топтарды  бейнелеуде  жоғарыда  келтірілген  акустикалық 
ерекшеліктерден  басқа  оларға  тҽн  интонацияның  тональды  деңгейінің  де  мҽні 

86 
 
кҿп.  Мысалы,  бҧйрықты  сҿйлем  мен  кейбір  сҧраулы  сҿйлемдердің  тоналды 
деңгейі  жоғары  болып  келеді.  Сҿйлеу  тіліндегі  негізгі  тон  жиілігінің    жалпы 
кескіні  тҥрлі  бағытта  болуы  мҥмкін.  Олар  интонация  тілінде  кҿтеріңкі,  бҽсең, 
кҿтеріңкі-бҽсең, бҽсең-кҿтеріңкі жҽне бірсыдырғы қалыпта болады.  
Ҽуен  сҿйлем  қҧрамындағы  қандай  да  бір  мағыналық-грамматикалық 
қатынастар  негізінде  топтасып  тҧрған  бҿліктердің  бір-біріне  қатынасын 
білдіреді.  Қатынас  дегенде  синтаксистік  қатынасты,  яғни  анықтауыштық, 
толықтауыштық,  пысықтауыштық  немесе  болымдық,  болымсыздық  дегенді 
ойламау керек. Интонация жалпыланған қатынас тҥрлерін білдіреді, ол кҿбінесе 
мағынамен  байланысты  болады,  мысалы,  интонация  арқылы  сҿз  бҿліктері 
арасындағы  қарсылықты,  санамалау  сияқты  жалпы  мағыналар  беріледі.  Осы 
мағыналарды  жеткізуші  фонетикалық  сигналдардың  негізгісі  ҽуен  ҿзгерісі 
болып табылады. Мҽселен, екі сҿз бҿлігіндегі топтасқан сҿздердің мазмҧны бір-
біріне  қарама-қарсы  болатын  болса,  олардың  арасынан  ҽуен  сызығы  ҥзіліп, 
біріншісінің  соңындағы  ҽуен  нҥктесі  екіншісінің  бастапқы  нҥктесінен 
ҽлдеқайда жоғары болады. 
Интонация  компоненттерінің  бірі  –  ҥдемелілік.  Ҥдемелілік  басқа 
компоненттермен  бірігіп  барып  біршама  мазмҧнға  ие  болады.  Ҥдемелілік 
кҿбінесе  дыбыстардың  негізгі  тон  жиілігімен  қосылып,  сҿйлемдегі  сҿздердің 
акценттелуіне қатысады. Ҥдемелілікке ҽсер ететін фактор – дауысты дыбыстың 
синтаксистік  сегменттегі  орны.  Сҿйлемнің  ҽртҥрлі  синтагмаларындағы 
ҥдемелілікті  зерттеу  барысында  мынадай  жағдай  анықталады.  Мысалы, 
синтагманың  аяғындағы  дауыстылардың  ҥдемелілігі  оның  басындағы 
дауыстылардың ҥдемелілігімен салыстырғанда мол екені байқалады.  
Дауыстылар  неғҧрлым  синтагманың  аяғында  жақын  тҧрса,  оның 
ҥдемелілігі солғҧрлым азая тҥседі. Бҧл жағдай сҿйлемдегі ҥдемеліліктің жалпы 
контурының  ҽдетте  жоғарыдан  тҿмендейтінін  кҿрсетеді.  Егер  де  сол  жалпы 
контурдың  сызығында  акценттелген  сҿздер  болса,  олар  сонымен  байланысты 
кҥшейтеді.  Сондықтан  сҿздердің  акценттелуі  мен  ҥдемелілігінің  арасында 
тығыз байланыс бар.  

87 
 
Сҿйлемнің  ҥдемелілігінің  молаюы  жалпы  эмоциялық  бояуының 
қоюлануымен  тура  пропорциялы  болады.  Адамның  кҿңіліне  жағымды  ҽсер 
ететін,  кҿңілін  кҿтеретін  эмоция  ҽрқашан  интонацияның  ҥдемелілігінің  мол 
болуымен  сипатталады  да,  ал  кҿңілге  жағымсыз,  адамның  ҧнжырғасын 
тҥсіретін  эмоция  интонацияның  ҥдемелілігі  мен  жалпы  деңгейінің  тҿмен 
болуымен  сипатталады.  Ҽдетте  бҧйрықты  сҿйлем  мен  лепті  сҿйлемнің 
интонациясының ҥдемелілігі мен жалпы деңгейінің кҿтеріңкі болатыны белгілі. 
Ҽсіресе  біріншісіндегі  бҧйыру  актісі  неғҧрлым  кҥшті  болса  ҥдемелілігі 
соғҧрлым жоғары болады. 
Сонымен  сҿйлемдердің  немесе  қандай  да  бір  синтаксистік  сегменттердің 
интонациясының  динамикалық  контуры  сол  синтаксистік  конструкцияның 
мазмҧндық  салмағы  жҿнінде  де  хабар  бере  алатыны  анық.  Кҿптеген  тілдерге 
бірдей  болып  келетін  интонацияның  қарама  –  қарсылықты,    тҥсіндіру  – 
анықтауды, санамалауды, логикалық белгілеуді, қыстырмалылықты кҿрсететін 
просодикалық  тҽсілдерінің  бар  екені  белгілі.  Ал  олардың  қолданылуында  ҽр 
тілдің ҿзіне тҽн ерекшеліктері болуы мҥмкін.  
Интонацияның  эмоциялық  тҥрлерінің  ҽуені  де  тілдердің  кҿбінде  біркелкі 
не ҧқсас болып келеді. Бҧған мысал ретінде жағымды, жағымсыз, қуаныш пен 
ренішті білдіретін интонацияның ҽуенін алып қарауға болады. Ҽрине ҽр тілдегі 
просодикалық  тҽсілдердің  кҿрінісі  сол  тілдің  интонациясының  жалпы 
ерекшеліктеріне  байланысты.  Мысалы,  орыс  тілінің  интонациясының  ҽуеніне 
ҽсер ететін, оның ерекшелігін тҥзетін осы тілдегі сҿз екпіні екені белгілі.  
Дауыс  ҥдемелілігі  туралы  айтқанда,  ой  екпініне  тоқталмай  кету  мҥмкін 
емес,  себебі  қазақ  тіліндегі  ой  екпінінің  басты  кҿрсеткіші  ҥдемелілік  болып 
табылады, яғни сҿздегі ой екпіні тҥскен буын кҥшті дауыспен қатты айтылады. 
Осы  сигнал  тыңдаушыға  сҿз  арқылы  берілген  ақпараттың  маңыздылығы 
туралы хабарлайды.  
Ҥдемелілік  физикалық  шама  ретінде  дауыстың  кҥштілігін  сипаттайды. 
Шын мҽніндегі дауыстың ҥдемелілігі тек ҥдемеліліктің артуымен емес, сондай-
ақ ҽуеннің де ҥлкен кҿрсеткіштері арқылы жасалады. Ҽдетте ҥдемелілік ҽуенге 

88 
 
параллель  шама,  олай  дейтініміз  сҿз  ағымында  ҽуеннің  кҿтерілген  бҿлігінде 
дауыс қаттылығы да артып отырады да, керісінше ҽуен тҿмендеген жерде дауыс 
қаттылығы  да  кеміп  отырады.  Екпін  -  сҿз  бҿлігіндегі  бір  буынның  дауыс 
қҧралдары арқылы ерекшеленуі. Қазақ тілінде екпін тҧрақты тҥрде сҿздің, сҿз 
бҿлігінің  соңғы  немесе  соңғының  алдындағы  буындарға  тҥседі.  Дегенмен 
екпіннің  алғашқы  буынға  тҥсетін  тҧстары  да  болады.  Бҧл  мағына  ажырату 
мақсатымен  байланысты.  Екпін  тҥскен  буын  ҿзінің  айналасына  басқа 
буындарды  ҧйытып,  бастарын  біріктіріп  тҧрады.  Егер  қазақ  мҽтінінің  ауызша 
ҥлгісінің  ырғақты  топтары  мен  синтагмаларына  зер  салып  қарайтын  болсақ, 
олардың  мҥшеленуінде  ҿлең  жолдарының  бунаққа,  тармаққа,  шумаққа  белгілі 
бір  пропорцияның  болатыны  аңғарылады:  бунақтан  тармақ,  тармақтан  шумақ 
қҧралатыны  сияқты  бунақты  топтан  ырғақты  топ,  ырғақты  топтан  синтагма, 
синтагмадан фраза қҧралады. Осылай бір қалыпты қара сҿз ҿрнегімен айтылған 
сҿздің бойында  ерекше  мҽндермен  кҿрініп,  басқалырының  айтылу  сарынымен 
салыстырғанда ҿзіндік дауыс безендірілуі болатын сҿздер кездесіп жатады. Бҧл 
-  сол  сҿздегі  ақпаратқа  тыңдаушының  назарын  аударудың  тҽсілі.  Сҿз 
ағымындағы  мҧндай  сҿздерді  ой  екпіні  даралап  тҧрады.  Ой  екпінінің  басқа, 
жоғарыда  айтылған  екпіндерден  қызметі  ерекше.  Сҿз  ағымы  топтарының 
екпіндері: бунақты, ырғақты топ екпіндері, синтагмалық, фразалық екпіндер сҿз 
ағымындағы  дауыс  сазының  жалпы  ҿрнегін  жасайтын  бҿліктерді 
ҧйымдастырып тҧрса, ой екпіні сол ҿрнекте ерекше нақышқа ие болатын сҿзді 
ҧйымдастырып  тҧрады.  Ауызша  сҿзде  қаттырақ,  ҽуендірек,  баяуырақ,  тіпті 
кейде кідіріспен бҿлектеніп айтылған мҧндай сҿз ой желісін, сҿйлеушінің басқа 
кҿңілі  ауған    ақпаратын  білдіреді.  Осылай  айтылғанда  бҧл  буындар  сҿз 
ағымының  бір  тобын  қҧрайтынынан  ақпарат  беріліп,  тыңдаушыға  сҿйлемнің 
мағынасын  тҥсіну  ҥшін  қолайлы  жағдай  жасалады.  Бҧлай  болмаса,  яғни  сҿз 
ағымы бірліктерге дҧрыс мҥшеленбесе, ешбір буын екпінсіз берілсе, сҿйлемнің 
мазмҧны,  мақсаты  кҿмескіленеді.  Қазақ  тілінде  сҿйлемнің  соңғы  буынына 
тҥскен фразалық екпін мен сҿйлем соңындағы дауыстың бҽсеңдеуіндегі кідіріс 
бір сҿйлемнің ара жігін екіншісінен айырып тҧрады. Фразалық екпін сҿйлемнің 

89 
 
соңғы буындарына тҥседі. Бірақ оның сандық кҿрсеткіштері басқа екпіндерден 
кҥштірек  болады.  Осылай  ерекшелену  арқылы  фразалық  екпін  тҥскен  буын 
тыңдаушыға қандай да бір тиянақты ойдың аяқталғанынан белгі беріп тҧрады. 
Сондай-ақ,  сҿйлемнің  ҿн  бойынан  ғана  кҿрінетін  мҧндай  интонацияда 
сҿйлеушінің  кҿңіл-кҥйі  айтылған  ойы  жҽне  сыйластық,  салқын  сыпайылық, 
енжарлық,  мысқыл,  ризашылық,  қҧрмет,  кҥдік,  кҥмҽн,  сенімсіздік,  ҥгіт  т.б. 
сияқты тыңдаушыға қатысы байқала алады.  Сонымен, қазақ интонациясының 
негізгі компоненттрінің ҽрқайсысының қызметі белгілі болды. 
Акценттелуде  интонация  функцияларының  да  маңызы  зор.  «Функция» 
дегеніміздің  ҿзі  не,  оның  маңызы  қандай?  «Функция»  термині  туралы  1958 
жылы  Прага  тілтаным  мектебінің  ҿкілдері  Б.Гавранек  бастаған  тілтанушылар 
лингвистика  тҧрғысынан  ғылыми  тҥрде  алғаш  тҥсінік  берген.  Олардың 
пікірінше,  «функция»  тілдің  міндетін  атқарады.  Сондай-ақ,  ғалымдар 
функционалды  тілмен  функционалды  стильдің  айырмашылығын  кҿрсетеді. 
Функционалды стиль кез келген ойды жеткізуде нақты мақсатта сипатталады да 
ойды  жеткізу  функциясын  атқарады,  функционалды  тіл  тілдік  амалдардың 
нормалық  жалпы  міндеті  ретінде  анықталып  тілдің  функциясын  атқарады. 
«Функция»  латынның  «жетілдіру»  деген  сҿзінен  алынған,  тілдік  тҧрғыдан  ол 
белгілеу,  сипаттау,  талқылау,  ой-тҥрткі  болу  дегенді  білдіреді,  бҧл 
аталғандардың барлығы бір - бірін толықтырып тҧрады
 
[6]. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Базарбаева  З.М  Қазақ  тілі  интонациясының  негіздері.  –  Алматы; 
2002. – 202 б. 
2.
 
Фазылжанова  А.М.  Қазақ  тіліндегі  қос  қҧрамды  қҧрмалас 
сҿйлемдердің интонациясы: фил. ғыл. канд...дис. автореф.– Алматы; 2000. 
– 28 б. 
3.
 
Кеншінбаева  Ж.М.  Қазақ  тілінің  семантико-интонациялық 
мҥшеленуі: фил. ғыл. канд... дис.– Алматы; 2005. – 39 б. 

90 
 
4.
 
Иванова-Лукьянова Г.Н. Культура устной речи. – М.; 1998. – 27 с. 
5.
 
Аманбаева  А.Ж.  Интонациялық  бірліктердің  прагмалигвистикалық 
сипаты: фил.ғыл.канд...дис.автореф. – Алматы; 2006.-11 б. 
6.
 
Лингвистикалық тҥсіндірме сҿздік.  – қҧраст. Е. Абақан. – Алматы; 
1998.– 304 б. 
7.
 
Туркбенбаев  Н.  Сравнительная  фонетика  современного  русского  и 
казахского языков.– Алматы: Мектеп, 1980 
8.
 
Пешковский А.М. Интонация и грамматика. – М.; 1948. – 453с. 
9.
 
  Брызгунова  Е.А  Эмоционально-стилистические  различия  русской 
звучащей речи. – М.; 1984. – 18 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет