Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#7933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
САПАНОВА А. М. 
 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚҦРАМДЫҚ-ҚҦРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ 
(қазақ жҽне қырғыз тілдерінің материалдары бойынша) 
 
Тҥркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40 - жылдардан кейін 
жарық кҿрді. Тҥркі фразеологиясын (ҽзірбайжан, башқҧрт, қазақ, қырғыз, татар, 
ҿзбек, т. б.) зерттеуде алғашқы атсалысқан қазақ ғалымы І.Кеңесбаев болатын. 
Бҧл  саладағы  ғылыми  еңбектердің  тіл  –  тілдегі  фразеологизмдердің 
тҧлғалық,  мағыналық  жақтарының  кҥрделілігіне  қарай,  зерттеу  ҽдістерінің 
бағыт  -  бағдары  ҽр  алуан.  Елуінші  жылдардан  кейін  тҥркітануда 
фразеологизмдердің  тіл  білімінде  жеке  пҽн  ретінде  қалыптасу  жолында 
кҿптеген мҽселелерді ғылыми тҧрғыда шешуде ҥлкен ҿзгерістер басталды. Бҧл 
ретте баспа  бетіне жарияланған  жалпы  фразеологизм  туралы  еңбектерге  шолу 
жасасақ,  тҥркітануда  айтарлықтай  нҽтижелер  бар  екені  байқалады. 
Алғашқы  кезеңде  ҽр  ҧлттың  ҿз  тіліндегі  тҧрақты  сҿз  тіркестерінің  негізін 
айқындау,  саралау  бағыты  тҧрады.  Тілші  ғалымдардың  ҽр  жылдары  жарық 
кҿрген  зерттеулері  осының  айғағы.  Қазақ  фразеологиясының  кҿш  бастауынан 
кейін - ақ (І. Кеңесбаев), ҧйғыр тіліндегі тҧрақты сҿз тіркестері – Ч. Сайфуллин; 

91 
 
ҽзірбайжан фразеологиясы – А. Байрамов; ҿзбек фразеологиясының мҽселелері 
– Ш. Рахматуллаев; тҥрік тіліндегі идиомалар – А. Долганов, тҥркімен тіліндегі 
идиомалар  –  К.  Бабаев,  қырғыз  тіліндегі  идиомалар  –  Ж.  Османова,  қҧмық 
тіліндегі  фразеологизмдер  туралы  –  К.  Дойбова,  қарашай  –  балқар  тіліндегі 
фразеология – З. Жарашуева, башқҧрт тіліндегі фразеологизмдер – З. Ураксин, 
чуваш  тіліндегі  фразеологизмдер  –  М.  Черновтардың  т.  б.  зерттеуімен  жарық 
кҿрді. 
Тіл білімінің фразеология саласын жеке пҽн ретінде қалыптастыруда, оның 
зерттеу  нысаналарын  айқындап,  тілдегі  орны  мен  табиғатын  айқындауда 
теориялық  тҧжырымдар  жасап,  қомақты  еңбектер  жазған  ғалымдардың, 
тҥркітанушы  мамандардың,  сонымен  қатар  қазақ  тіл  білімінде  іргелі 
еңбектерімен  ғылым  кҿкжиегінен  орын  алған  фразеологиятанушыларды  атап 
ҿтсек: тілдік жҥйе, қҧрылымдық тҧрғыдан қарастырған І. Кеңесбаев, Ҽ. Қайдар, 
фразеологизмдердің сыртқы жҽне ішкі қҧрылымындағы дыбыстық, мағыналық, 
семантикалық,  ҽуезділік ҥйлесімін  т.б. архитектоникасын  талдап  ашып  беруде 
С.Сҽтенова,  фразеологиялық  бірліктердің  тілдік  нормасын  жҽне  одан  уҽжді, 
уҽжсіз ауытқулардың тҥрлері мен типтерін айқындауда Н.Уҽли т. б. еңбектерін 
айтуға болады. Фразеологизмдерді қҧрылымдық тҧрғыдан зерттеу кезінде оның 
қҧрамындағы  сҿздердің  мағынасын  ашу,  этимологиялық  талдау  жасау, 
варианттарын  кҿрсету,  синонимдік  қатарын  анықтау  тҽрізді  мҽселелерді 
Г.Смағҧлова,  лексика-фразеологиялық  жҥйедегі  бірліктерді  Ж.Манкеева  жҽне 
т.  б.  ғалымдар  зерттеу  жҧмыстарын  жаза  отырып,  тіл  ғылымына  ҿзіндік 
жаңалықтар  енгіздіФразеологиялық  орамдар  тілдік  единица  ретінде  лексика  – 
семантикалық  жағынан  сан  қырлы.  Бҧл  мҽселелерді  теориялық  жағынан 
дамыту  толық  шешімін  тапты  деу  қиын.  Керісінше  жан  -  жақты  тҥбегейлі 
зерттеу  мен  тҥрлі  ой  -  пікірлердің  арасалмағы  тіл  -  тілдегі  тҧрақты 
фразеологиялық  тҧлғалардың  ҽлі  де  болса,  ғалымдар  назарынан  тыс  қалған 
жақтары  бар  екендігін  кҿрсетеді.  ФТ-  лар  қҧрамын,  оның  семантикалық  – 
тақырыптық  аясын  ғылыми  тҥрде  тҧжырымдау  С.  Муратов,  Ҽ.  Қайдаров  т.  б. 
еңбектеріне негіз болды. 

92 
 
Бҥгінгі таңда тіл білімі саласында лингвистикалық зерттеулердің мақсаты 
мен  міндеттері  жаңа  қырдан  кҿрінуде.  Атап  айтқанда,  тілдің  мҽні  оны  тек 
лингвистикалық  тҧрғыдан  емес,  адамның  ой-санасымен,  ҧлттық  материалды 
жҽне  рухани  қазынасымен,  менталитетімен  біртҧтас  бірлікте  қарастырылуда. 
Бҧл  ретте  академик  Ҽ.Қайдаров:  «Кез-келген  этностың  (бҥгінгі  ҧлыстың, 
халықтың не ҧлттың) тілінде оның басынан ҿткен бҥкіл ҿмірінің ҿрнегі жатыр. 
Халықтың,  яғни  этностың  шын  мҽніндегі  болмысы  мен  дҥниетанымы  оның 
тілінде  ғана  сақталады.  Ҽрбір  дҽуірде  ҿмірде  қажет  болған  қҧрал-сайманның, 
қару-жарақтың,  киер  киім  мен  ішер  тамақтың,  тҧрмыстық  заттар  мен  салт-
санаға,  ҽдет-ғҧрып,  наным-сенімге,  ойын-кҥлкі,  той-томалаққа  байланысты 
ҧғымдардың  аты-жҿні,  сыр-сипаты  т.б.  тек  тіл  фактілері  ретінде  ғана,  яғни 
тілдегі  сҿздер  мен  сҿз  тіркестері,  фразеологизмдер  мен  мақал-мҽтелдер,  аңыз-
ертегілер  арқылы  ғана  бізге  жетуі  мҥмкін»  деп  пайымдаған  [1  б.  21].  Тіл  – 
тіршіліктің    айнасы  десек,  осы  тілде,  ҽсіресе  фразеологизмдерде  халықтың 
бҥкіл салт-санасы, тҧрмыс-тіршілігі, тарихы тҧнып тҧрады. Фразеологизмдерді 
зерттеу  арқылы  бҥкіл  бір  халықтың  ҿткенін  зерттеп  шығуға,  тануға  болады. 
Халқымыздың  сан  ғасырлық  ҿмір  тарихын,  қиын  да  кҥрделі  тағдыры,  аса  бай 
мҽдени  мҧралары  тҧтастай  фразеологиялық  қордан  кҿрініс  тапқан.  Академик 
Ҽ.Т.Қайдаров:  ―Устойчивые  выражения  в  казахском  языке,  как  и  в  других 
тюркских языках, многообразны по содержанию и структуре и большинство из 
них  уходят  своими  корнями  в  далекое  прошлое  народа,  отражая  ее  историю, 
верования,  взгляды,  мировоззрения  и  т.д.  Устойчивые  выражения  – 
многовекого развития содержательности, в самой краткой, лаконичной форме, 
доходчиво, емкообразно и эмоционально выражают довольно сложные понятия 
и  представления  об  окружающей  нас  действительности‖ 

деп, 
фразеологизмдердің танымдық қасиетін дҽл тауып кҿрсетеді. Тҥркі тілдеріндегі 
ас,  тағам,  жан-жануарлар  атауларына  қатысты  мақал-мҽтелдер  тақырыптық, 
мазмҧндық  жағынан  ғана  емес,  қҧрамдық-қҧрылымдық  жағынан  ҧқсас  болып 
келеді. Мҧндай атауларға қатысты тҥркі фразеологизмдердің компоненттерінің 

93 
 
байланысу  сипаты,  қҧрамындағы  таған  сандары,  тіпті  мағыналық  деңгейі 
жағынан да ҧқсастықтары ҿте кҿп. 
Қазақ  тіл  білімінде  фразеологизмдер  тҧрақты  тіркес,  фразеологиялық 
бірлік,  фразеологиялық  тіркес,  фразеологиялық  орам,  фразеологиялық  тҧлға, 
фраза  сияқты  атаулармен  аталып  жҥр.  Фразеологизмдерді  зерттеу  барысында 
тҧрақты  тіркестерді  тар  жҽне  кең  мағынасында  тҥсіну  деген  ғылыми  ҧғым 
қалыптасқанын  байқадық.  Осыған  байланысты  белгілі  ғалым  Н.  Уҽли  де  ҿз 
кҿзқарасын  білдіреді:  «Кейбір  зерттеушілер,  фразеологизмдерді  тар 
мағынасында  тҥсінушілер,  фразеологиялық  единицаға  тек  фразеологиялық 
тҥйдек пен фразеологиялық шоғырды ғана жатқызады. Фразеологизмдерді кең 
мағынасында  тҥсінушілер,  осы  аталған  ҥш  типке  қоса,  фразеологиялық 
тізбектерді  де  (мақал,  мҽтел,  номинатив  атаулар,  кҥрделі  терминдер) 
фразеология  қҧбылысына  жатқызады»  [1,110].  Ал    Ҽ.  Болғанбаев  пен  Ғ. 
Қалиев фразеологизмдерді тар жҽне кең мағынада тҿмендегіше топтастырады: 
тар  мағынада  –  фразеологиялық  тҧтастықтар  (идиомалар,  фразеологиялық 
тҥйдектер), 
фразеологиялық 
бірліктер, 
фразеологиялық 
тіркестер, 
фразеологиялық  сҿйлемшелер;  кең  мағынада  –  қос  сҿздер,  қосар  тіркестер 
(параллель  фразеологизмдер),  коммуникативтік  тіркестер,  номинативтік 
тіркестер, мақал-мҽтелдер, қанатты сҿздер, жаңылтпаштар, жҧмбақтар, кҿркем 
мҽтін  ҥзінділері,  фольклорлық  тҧрақты  сҿз  ҥлгілері,  сҽлемдесу  жоралғылары 
[2]. 
 Қазақ 
тіл  білімінде  фразеологизмдерді  фразеологиялық  бірлік, 
фразеологизм, фразеологиялық тіркес, тҧрақты тіркес, фразеологиялық оралым, 
фразеологиялық  тҧлға,  фраза  т.б.  деп  синоним  ретінде  қолданып  жҥр. 
Фразеологизмдерді  кең  мағынада  тҥсінуді  жақтаушылардың  пікірін  қолдай 
отырып,  Мҽшһҥр Жҥсіп шығармаларындағы қолданылуы тиянақты, мағынасы 
тҧтас,  дайын  қалпында  жҧмсалатын  тілдік  бірліктер  фразеологизмдердің 
стильдік қызметі ерекше. 
Осы  тҧрғыдан профессор  Б.  Қасым:  «Фразалардың  қҧрамы  тҧрақты,  олар 
тілдің  бҧрыннан  қалыптасқан  даяр  бірліктері  болып  табылады.  Кҥрделі 

94 
 
лексемалар  сарымай,  шашбау  т.  б.  деген  кҥрделі  атауларды  ешқандай  сҿзбен, 
синониммен  айырбастай  алмаймыз.  Фразалық  тіркес  пен  кҥрделі  атау 
қҧрамындағы сыңарлардың мағыналық тҧтастық белгісі жағынан ҧқсас келеді. 
Фразалық  тіркес  бҧрыннан  бар  атаулардың  (сҿздердің)  –  эмоционалды-
экспрессивті  бояуы  қалың  синонимі  болып,  образдылық  қасиеті  басым  келеді 
де,  ал  кҥрделі  атау  ҿзі  білдіретін  ҧғымның  бірден-бір  атауы»,-дейді.  Ғалым 
фразалық  тіркестер  мен  кҥрделі  атаулардың  ҿзіндік  айырмашылықтарын 
кҿрсете  отырып,  кҥрделі  тілдік  қҧбылыстардың  бірі  –  фразеологиялық 
тіркестер  екенін,  олардың  бҿлектҧлғалануы;  қҧрылымындағы  сҿз  ретінің 
тҧрақтылығы;  сыңарларының  тіркесімділік  тҧрақтылығы  сыртқы  белгілері 
болып табылатынын айтады [3]. 
Ал  ғалым  Р.  Авакова:  «Лексема  атауыштық  мҽнде  жҧмсалса,  фразема 
бейнелеуіштік-атауыштық  мағынада  жҧмсалады,  сҿз  –  белгілейді,  фразема  – 
бейнелейді;  лексема  –  кҿбіне  халықтың  дҥниетанымының  жемісі  болса, 
фразема  –  адамзаттың  ойлау  қабілеті  мҥмкіндігінің,  психологиясының,  тҥрлі 
табиғи  қабілеттері  мен  қасиеттерінің  жемісі;  сҿз  –  бҥтін  бітімді 
(цельнооформленный)  болса,  фразема  –  бҿлек  бітімді  (раздельно-
оформленный);  сҿздің  барлық  жағдайда  ауыс,  бейнелі  мағынада  жҧмсалуы 
шарт емес, ол фразема ҥшін қажетті шарт; сҿз тҥбір мағынаны, фразема туынды 
мағынаны  білдіреді;  сҿз  ҿзінің  референттік  мағынасын  сақтаса,  фразема 
қҧрамындағы  сҿздер  ҿздерінің  ішкі  референттік  қасиетін  сақтай  алмайды; 
лексемада лексикалық, фраземада фразеологиялық мағына болады» [4]. 
Фразеологизмдер кешенді белгілерінің негізінде басқа тілдік бірліктерден 
ажыратылатын оралымдар болып табылады. Олар тҧтасқан кҥйінде даяр тҧрған 
оралым 
ретінде 
қолданылады, 
олардың 
орын 
тҽртібі 
тҧрақты. 
Фразеологизмдердің  компоненттері  бастапқы  мағынасынан  айырылып  қалады 
да, шоғырлана тҥйдектелген тіркес біртҧтас мағынаны білдіреді. 
Жалпы  фразеологизмдердің  шыққан  тегі  сҿз  тіркестері  мен  сҿйлемдер 
болғанына  ешкім  дау  тудырмайды.  Фразеологизмдердің  мағынасы  туынды, 

95 
 
астарлы,  даму  барысында  семантикалық  ҿзгерістерге  тҥсіп  қалыптасқан, 
сонымен қатар олар экспрессивтік қызмет атқарады. 
«Тҥркі  мақал-мҽтелдерінің  сҿздік  қҧрамы  кҿбінесе  ортақ  сҿздерден 
тҧрады,  бҧл  ғасырлар  бойы  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болған  тҥркі 
тілдерінің  куҽсі»  -  деп  кҿрсетеді  А.Нҧрмаханов  [2  б.  76].  Бҧл  пікір 
фразеологиздердің  табиғатына  да  қатысты  сияқты  расында  да  кҿптеген 
фразеологизмдердегі  кездесетін  тағам,  жан-жануарлар  атаулары  тҥркі 
тілдерінің негізгі сҿздік қорына жатады.  
Мақалада  аталмыш  тақырыптық    топқа  қатысты  фразеологизмдердің 
қҧрамдық-қҧрылымдық  табиғаты  туралы  айтылмақ.  Мысалдар  І.Кеңесбаевтың 
«Фраезологиялық  сҿздігі»  жҽне  «Кыргыз  тилинин  фразеологиялык  сҿздҥгҥ» 
(Ж.Осмонова, К.Конкобаев, Ш.Жапаров) атты еңбектерден келтірілді.  
Тҧрақты  тіркестер,  соның  ішінде  фразеологиялық  тіркестер  барлық 
тілдерге  тҽн  универсалды  қҧбылыс.  Тҥркі  тілдері  фразеологиясы  бойынша 
жҥргізіліп  келе  жатқан  жан-жақты  зерттеулер  бҧл  қҧбылыстың  сан  алуан 
тҥрлерін,  тҧлғалық,  мағыналық  типтерін  анықтады.  Алайда  тҥркі  тілдеріндегі 
тағам,  жан-жануарлар  атауларына  қатысты  фразеологизмдер  арнайы  зерттеу 
нысанына  айнала  қойған  жоқ.  Аталмыш  лексика-семнтикалық  топқа  қатысты 
фразеологизмдердің  халықтың  есінде  сақталуы,  ҿзге  фразалық  тіркестер 
сияқты,  ҽуелі,  «олардың  белгілі  бір  ҧйқасқа,  ҥндестікке  қҧрылғандықтан, 
тҧлғасы жағынан жеңіл, кҿлемі шағын болып келуіне байланысты. Екіншіден, 
тілі  кҿркем,  мазмҧны  терең  жҽне  аз  ғана  сҿзбен  толық  бір  мағынаны  ҿз 
дҽрежесінде діл жеткізеді» [3, б.11].  
Фразеологизмдер  – екі, ҥш жҽне одан да кҿп дербес сҿздердің белгілі бір 
грамматикалық  заңдылық  бойынша  ҿзара  жымдаса  байланысып,  бір  кҥрделі 
мағынаға  ие  болған  тҧрақты  шоғыры  екендігі  рас.  Ал  осындай  дҽрежеге  жету 
ҥшін  олардың  басын  қосып,  ҧйымдастырып,  тҧрақтандырып  тҧрған  ҥш  тҥрлі 
факторлардың маңызы ерекше. Фразеологизмдердің табиғатына тҽн факторлар: 
1. тҧлғалық; 2. мағыналық; 3. дыбыстық факторлар. 

96 
 
Тҧлғалық фактор – фразеологиялық тіркестердің қҧрамы, қҧрылымы, оның 
компоненттерінің  саны,  орналасу  тҽртібі,  топтаса  жіктелуі,  морфологиялық 
кҿрсеткіші мен грамматикалық байланыс тҽсілі. Ал, мағыналық фактор (мағына 
ҥйлесімі)  –  тҧрақты  тіркес  қҧрамындағы  компоненттердің  ҿзара  мағыналық 
жағынан  ҥйлесімділік  табуы.  Дыбыстық  фактор  (дыбыс  ҥндестігі,  ҽуезділік)  – 
дыбыс пен дыбыс, буын мен буын, сҿз бен сҿз, тҥбір морфема (жалғау-жҧрнақ) 
арасындағы ҥндестіктің бірізділікпен қатал сақталуы. 
Тілдерара  фразеологизмдерді  зерттеуде  осы  аталған  ҥш  фактордың ҥшеуі 
де  маңызды  рҿл  атқарады.  Тілдерара  фразеологизмдерді  қҧрамдық-
қҧрылымдық  ҧқсастықтары  мен  ҿзгешеліктері,  компоненттерінің  байланысуы, 
мағыналық  ҥйлесімділігі,  қҧрамындағы  тағандары  мен  бҿлшектерінің  саны 
тҧрғысынан қарастырылуы қажет. 
Тҥркі 
тілдеріндегі 
тағам, 
жан-жануарлар 
атауларына 
қатысты 
фразеологизмдер тҧлғалық-қҧрамдық жағынан іштей екі ҥлкен топқа бҿлінеді: 
1.бір  тағанды  фразеологизмдер  жҽне  2.қос  тағанды  фразеологизмдер.      Бір 
тағанды  фразеологизмдердің  қҧрамдық  бҿлшектерінің  саны  ҽр  қилы  болып 
келеді.  Осыған  байланысты  бір  тағанды  фразеологизмдерді:  1.  екі  қҧрамдық 
бҿлшектен  тҧратын  бір  тағанды  фразеологизмдер;  2.  ҥш  қҧрамдық  бҿлшектен 
тҧратын  бір  тағанды  фразеологизмдер;  3.  тҿрт  қҧрамдық  бҿлшектен  тҧратын 
бір тағанды фразеологизмдер деп бҿлуге болады. 
Екі құрамдық бӛлшектен тұратын бір тағанды фразеологизмдер.  
Қазақ тілінде
Нандай илеу – қалай болса солай қорлау, билеп тҿстеу.  
Наны таусылу – кҿретін кҥні, тататын дҽмі таусылу, ҿлетін халіне жету. 
Сиыр мінез – мінезі теріс, томаға -тҧйық. 
Ат жақты – бет ҽлпеті сопақша келген.  
Қырғыз тілінде: 
Жаак басар.Анча-мынча ыразы болгудай, шам-шум этип ҿзҿк жалгагыдай 
бир аз тамак. 

97 
 
Балык  кӛз.Сорпонун  ҥстҥңкҥ  бетинен  кичинекей  тегерек-тегерек  болуп 
анда-санда кҿрҥнген майга карата айтылат. 
Ат жыгачтай. Ҿте арык, катыңкы. 
Ат арытуу. Абдан алыс жол жҥрҥҥ. Узак сапар тартуу.  
Ҥш құрамдық бӛлшектен тұратын бір тағанды фразеологизмдер. 
Қазақ тілінде: 
Нанын  тауып  жеу  –  жанын  бағу,  кҥнін  кҿру,  ҿз  тіршілігімен  жанын 
сақтау. 
Кеудесіне  нан  пісті.  «Буына  нан  піскендей  болып,  жігін  бӛлектеп 
Шалқан кеп тұра қалды»  
Ала тайдай бҥлдірді – іртікі салды. 
Ала қозыдай бӛлінді – жік – жік болды, ыдырады, басы бірікпеді. 
Қырғыз тілінде:  
Башына чай кайнатуу.  
Бӛйрӛктӛн  шыйрак  чыгаруу.  Жок  нерселерди  ойлоп  таап,  эч  негизсиз 
чыр чыгаруу.  
Жылкыңа ченеп ышкыр. Абалынды, чаманды байка.  
Ат жалын тартуу. Чоноюу, эр жетҥҥ, бойго жетҥҥ.  
Тӛрт құрамдық бӛлшектен тұратын бір тағанды фразеологизмдер.  
Қазақ тілінде: 
Бір тарының қауызына сыйғызу. 
Алақанға қуырған бидай басу. 
Қой аузынан шөп алмас - ҿте момын, тым жуас. 
Ақ тҥйенің қарны жарылды – молшылыққа, жақсылыққа кенелді. 
Қырғыз тілінде:  
Ар жагына айыл конуу. Курсагына бир нерсе барып, бир аз алымсынып, 
ток пейил тартып калуу. 
Ӛз табагын ӛзҥнӛ тартуу. Ҿзҥнҥн мамилесине жараша мамиле кылуу.  
Ӛлӛр ӛгҥз балтадан тайбайт. 
  Тӛӛгӛ минип, эчкиге жашынба. 

98 
 
Сонымен қатар тҥркі тілдерінде тағам, жан-жануарлар атауларына қатысты 
қос  тағанды  фразеологизмдер  де  ҧшырасады.  Ауызша  сҽл  кідіріспен 
айтылатын,  жазбаша  ҥтір  арқылы  ажыратылатын,  мағыналық,  қҧрамдық  жігі 
анық  байқалатын,  ҿзара  жарыса,  бірінен  соң  бірі,  қалыптасқан  тҽртібімен 
жалғаса қолданылатын симметриялы екі сыңардан, яғни екі қҧрамнан тҧратын 
қос тағанды фразеологиялық тіркестер тҥркі тілдерінде мол ҧшырасады.  
Тҧлғалық фактордың маңыздылығы осындай жіктелімге (бір тағанды, қос 
тағанды  фразалық  тіркестер)  алып  келді.  «Тҧлғалық  факторды  қос  тағанды 
фразеологиялық  тіркестерге  қатысты  айтқанда  «тҧлға  сҽйкестігі»  деуге  де 
болады.  Ҿйткені  бір  тіркестің  ішінен  екі  топ  қҧрайтын  қос  тағанның  ҿзі  бір 
сҿзден емес, кҿбіне кҿп бір-біріне сҽйкестеніп келетін бірнеше сҿзден тҧрады. 
Таған  арасындағы  бҧл  сҽйкестік:  а)  бір  сҿздің  екі  рет  қайталануы;  б)  ҽр  текті 
тҥбірге  бір  текті  жалғау-жҧрнақтың  жалғануы;  в)  тҧлғасы  ҿте  ҧқсас  немесе 
омоним  сҿздерді  қолдану  т.б.  толып  жатқан  тҽсілдер  арқылы  жҥзеге 
асырылады» [3, б.13]. 
Тҥркі тілдеріндегі тағам, жан-жануарлар атауларына қатысты қос тағанды 
фразеологизмдерді  қҧрамдық  бҿлшектерінің  саны  ҽр  қилы  болып  келуіне 
байланысты: 1. екі қҧрамдық бҿлшектен тҧратын қос тағанды фразеологизмдер; 
2.  ҥш  қҧрамдық  бҿлшектен  тҧратын  қос  тағанды  фразеологизмдер;  3.  тҿрт 
қҧрамдық бҿлшектен тҧратын қос тағанды фразеологизмдер деп бҿлуге болады. 
Екі құрамдық бӛлшектен тұратын қос тағанды фразеологизмдер.  
Қазақ тілінде
Жарылмаған қауын, шайқалмаған уыз. 
Айрандай аптап, кҥбідей кҥптеп. 
Бір биеден ала да, құла да туады.  
Ат – биеден, аруана – тҥйеден. 
Ербасы бар жерде, ер ӛлмейді, аңдыз бар жерде ат ӛлмейді.  
Қырғыз тілінде:  
Ач болсо- азык, ток болсо – казык. 
Азбас азык, тозбос тон.  

99 
 
Адам сҥйлӛшкӛнчӛ, жылқы кашынышканча. 
Ӛгҥз ӛлбӛсҥн, араба сынбасын.  
Андуз болса, ат ӛлмәс.  
Ҥш құрамдық бӛлшектен тұратын қос тағанды фразеологизмдер. 
Қазақ тілінде
Бір ұрты май, бір ұрты қан. 
Айран ұйытса - іріткен, тері илесе – шіріткен. 
Сиыр су ішкенде, бұзау мұз жалайды. 
 Жаман сиыр бұзаушыл, жаман қатын тӛркіншіл. 
Бидай арқасында бидайық су ішер. 
Қырғыз тілінде:  
Аш паш дегиче, кемпир наны жегиче. 
Арканды мал бассын, аолдынды бала бассын. 
Буңдай қатында сарфаж сувлур. 
Жаманга сый кӛрсетпе, 
Уйга суу кӛрсӛтпӛ. 
Тҥгҿнҿр уй тҥгҥн жейт, 
  Тҥгҥнҿн кийин ҿзҥн жейт (КРС, 776) –  
           Ҿлер сиыр тҥгін жейді, 
           Тҥгінен кейін ҿзін жейді. 
   Ҧйғырда: Жугач уйниң мҥңгҥзи ичидҽ (УйРС, 131) –  
    Жуас сиырдың мҥйізі ішінде.  
Қырғызда: Жаман инек музоочул, 
Жаман катын тҿркҥнчҥл (КТТС, 613) –  
Жаман сиыр бҧзаушыл, жаман қатын тҿркіншіл. 
Тӛрт құрамдық бӛлшектен тұратын қос тағанды фразеологизмдер.  
Қазақ тілінде
Кӛшкен елдің кӛмеші болса, ерулі елдің ерулігі бар. 
Тамақ табылса жеу керек, кебін табылса ӛлу керек.  
Ӛлеңді жерде ӛгіз семіреді, ӛлікті жерде молда семіреді. 

100 
 
Кәрі қойдың басы піскенше, тоқты қойдың басының арсасы шығады. 
Қырғыз тілінде:  
Тӛӛгӛ жантак керек болсо, мойнун созот. 
Тҥгӛнӛр уй тҥгҥн жейт, 
  Тҥгҥнӛн  кийин  ӛзҥн  жейт.    Біздің  жинаған  материалымыз  қырғыз 
тілінде тҿрт қҧрамдық бҿлшектен тҧратын қос тағанды фразеологимздердің аз 
кездесетінін кҿрсетті.  
Сонымен  кҿптеген  тҥркі  тілдерінде  мал  шаруашылығына  қатысты 
фразеологизмдер кҿптеп ҧшырасады жҽне де олардың семантикалық топтарын  
қырғыз  тілінің  материалдарына  сҥйене  отырып,  тҿмендегідей  кҿрсетуге 
болады:  ат, жылқыға қатысты - ат тезегин кургатпоо; ат жалына казан асуу; ат  
жалын тартуу; атка жеңил тайга чак; ат жабуу болуу; атка мингенде эле кҿчҥгҥ 
кыйшык эле; аттын кашкасындай; ат токур; ат ҥстҥнҿн; аттын кулагы менен тең 
ойноо; ат тери кайтпоо; ат салышуу; ат кара тил болгондо; ат соорусун салуу; ат 
майы; кырк жылкы;  жылкыңа карап ышкыр; тай чабым; бээ саам ж.б.);  
Қойға  қатысты    -  кой  ҥстҥнҿ  торгой  жумурткалоо;  кой  маарек  тартуу; 
козулуу кой; кой терисин жамынган; кҿк ала койдой союу ж.б. 
Тҥйеге  қатысты  -  тҿҿ  бастыга  алуу;  тҿҿ  кҿрдҥңбҥ  -  жок,  бээ  кҿрдҥңбҥ  - 
жок;  тҿҿ  кыядан  ҿтҥҥ;  тҿҿнҥн  куйругу  жерге  тийгенде;  тҿҿсҥ  ак  тууду;  тҿҿ 
чечкендей болуу; жылын тҿҿ кылуу; жылаңач тҿҿнҥ бучкакка чапкандай ж.б.);  
Сиырға  қатысты      -  уй  тҥгҥндҿй;  уйдун  бҿйрҿгҥндҿй;  уйга  килем 
жапкандай; уй мҥйҥз  тартуу ж.б. 
 Ешкіге қатысты - эчкинин жашындай  жаш калуу; кара теке сҥзҥҥ ж.б;  
ҿгізге қатысты  - ҿгҥз догун карматуу; ҿгҥз ҿлбҿсҥн, араба сынбасын ж.б.,  
Сонымен,  фразеологизмдер  –  ауызекі  тіл  арқылы  ҧрпақтан-ҧрпаққа  мҧра 
болып қалған тҧрақты сҿз тіркестері. Олар тілде  даяр тҧрған единица ретінде, 
тҧлғасын ҿзгертпей қолданысқа тҥседі. Фразеологизмдер мҽнерлі сҿйлеу, ойды 
ҽсерлі 
жеткізуде 
таптырмайтын 
тілдік 
ҽрі 
кҿркемдік 
қҧралдар. 
Фразеологизмдердің  қҧрамында  ҿткен  ҿмірді  бейнелейтін  сҿздер  мен  сҿз 
тіркестері  кҿптеп  кездеседі.  Бірақ  олардың  кҿбі  кҥнделікті  қарым-қатынаста 

101 
 
айтылса  да,  бҽрі  бірдей  бҥгінгі  ҧрпаққа  тҥсінікті  бола  бермеуі  де  мҥмкін. 
Олардың  арасында  қолданыс  аясы  тарылып,  о  бастағы  мағынасының 
кҥңгірттеніп, не мҥлдем ҧмыт болғандары да аз емес. Бҧлардың этнографиялық 
мазмҧнын, дҽстҥрлік қолданысын зерттеу – этнолингвистиканың ҥлесіне тиген 
міндет. 
Қорыта  келе,  қазақ,  қырғыз  халықтарының  дҽстҥрлі  мҽдениетінде  тағам, 
жан–жануарлар  атауларына  қатысты  фразеологизмдер  мол  демекшіміз.  Тҥркі 
халықтары  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болғандықтан  кҿптеген  тҧрақты  сҿз 
тіркестерінің  қҧрамындағы  тағам  атауларына  қатысты  сҿздер  ортақ  болып 
келеді. Бҥгінгі таңда адамның табиғатын тану тіл арқылы жҥзеге асуда, себебі 
тіл тек қатынас қҧралы ғана емес, ол адамды  танудың қҧралы. Тілде ҽлемнің 
концептуалды бейнесі қалыптасады. Тіл адамның ғаламды танудағы ең негізгі 
қҧралы.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет