Монография 63. 5 Ә58 354980 ӘмЛрова Б.Ә. Этностық 7009. 601 т


 Сурет  - Қазак үлттык ойын  элементтерін  енгізе отырып жүргізген



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата24.03.2017
өлшемі11,15 Mb.
#10119
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

18 Сурет  - Қазак үлттык ойын  элементтерін  енгізе отырып жүргізген 
элеуметтік-психологиялық  гренингке дейінгі жәие тренингтен  кейінгі 
жаңсак  нанымдардың корінуінің нәтиже корсеткішгері
216

«Тренингтің коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға эсері бар 
ма?», - осыны анықтау.
Бұл  көрсеткіштерден  коммуникативті және ұйымдастырушылық 
қабілетгің темен,  орта жэне  жогары  деңгейлердің тренинг  мазмұнына 
байланысты өзгеріске ұшырағанын байқаймыз.
М.Люшердің  қатынастардың  тұстік  тестін  өткізу  нэтижелерін 
қорытындылай  келе, өткізілген тренинггерден  кейін сыналушылардың 
өздеріне,  шешелеріне,  экелеріне,  группаластарына  қатынастары 
өзгерді  және  бұл  өзгерістер  қазак ұлттык  ойын  элементтері  енгізілген 
элеуметтік-психологиялық тренингте жоғары екенін  көреміз.
«Коммуникативті 
жэне 
ұйымдастырушылық 
қабілетті 
анықтайтын эдістеме» нэгижесінде мынандай қорытындыға келдік.
Қазақ  ұлтгық  ойындары  енгізіліп  өткізілген  тренингтан  кейін 
сыналушылардың  40%-да  коммуникативті  жэне  ұйымдастырушылык 
қабілеттері  өте  жогары  деңгейге  көтерілсе,  коммуникативті  дағды 
жэне 
шеберліктер 
тренингінен 
кейін 
коммуникативті 
жэне 
ұйымдастырушылық  қабілеттері  өте  жоғары  деңгейге  көтерілген 
сыналушылар  31,8%-ын  құрайды.  Бұл  жерден  қойылған  болжамның 
орындалғанын  көреміз.  Әрі  қарайғы  нэтижелерді  талдау  барысында 
Спирменнің рангтік корреляция  коэффицентін  пайдалану нэтижесінде 
қарым-қатынастың  біліктілігін  дамытуға  арнап  өткізілген  тренингтің 
әсері  бар  дей  апамыз.  Екі  тренингтің  де  рангтік  корреляция 
коэффиценті  1-ге  жакын,  ягни  0,92-ге  тең.  Ал,  рангтер  айырмасы 
бойынша  қазақ  ұлттық  ойын  элементтері  енгізілген  элеуметтік- 
психологиялык тренингтің нэтижесі жоғары, яғни бұл бойынша  157-ге 
тең  болса,  дайын  тренинғтік  бағдарлама  бойынша  148-ге  тең. 
Сыналушылар 
өздерінің 
коммуникативті 
қабілетгіліктерін 
субъективті  бағалауда мынандай керсеткіштерге кездестік.
Бірінші  топ,  яғни  қазақ  ұлттық  ойыны  енгізіле  отырып 
жүргізген  тренингтен  бұрын  сыналушылардың  50%-ы  өздерін 
адамдармен  қарым-қатынас  жасауға  бейім  екенін,  тез  тіл  табысуға 
болатынын,  ашық,  қоршаған  ортаға бейімделу  оңай  екенін  айтады,  ал 
қалған  50%-ы  тез  тіл  табысып  кете  алмайтынын,  өз  ойын  ортаға 
салуга  қорқатынын,  бірінші  болып  барып  қарым-қатынас  жасау  қиын 
екенін  айтып  өтті.  Тренингтен  соң  сыналушылардың  60%-ы  өздерін 
қарым-қатынасқа  бейім  екенін,  өте  ашық  жэне  көңілді  екенін  айтты. 
40%-ы қарым-қатынаста онша тез тіл табыса алмайтынын айтты.
Екінші  топ,  коммуникативті  дағды  жэне  шеберліктер  тренингін 
өткізбес  бұрын  сыналушылардың  54%-ы  адамдармен  тез  тіл 
табысқыш  екенін,  кейбір  адамдармен  оны  танымай-ақ  эңгімелесе 
беретінін  айтты,  ал  қалған  45%-ы  қарым-қатынасқа  өздерін  бейімсіз
217

деп  айта  алмаймыз  деді.  Тренингтен  соң  сыналушылардың  59%-ы 
кезкелген  адаммен  тез,  жеңіл  карым-катынаска түсе  алатынын  айтты, 
40%-ы  олардың  баска  адамдармен  карым-қатынас  жасауы  көңіл- 
күйлеріне  де  байланысты  екенін  айтты  жэне  сонымен  қатар  карым- 
катынас  деңгейлерін  орташа  деп  есептейді.  Таныс  емес  ортада  сәл 
кысылу жагдайы болатынын, бірден үйреніп кету  киын екенін айтгы.
Сыналушылардың  коммуникативті  кабілеттерін  субъективті 
багалау  нэтижелерін  корытындьшай  келе,  казак  үлттык  ойындары 
енгізіле  отырып  жүргізген  тренингтен  кейін  сыналушылардың  60%-ы 
карым-катынаска бейім  екенін  айтты,  ягни өздерінің карым-катынаска 
бейімділіктерін  субъективті  багалауы  10%-га  өскенін  көреміз.  Ал, 
коммуникативті  шеберліктер  жэне  дагдылар  тренингінен  кейін 
сыналушьшардың  59%-ы  қарым-катынасқа  бейім  екенін  айтты,  ягни 
өздерінің  қарым-қатынасқа  бейімділіктерін  субъективті  багалауы  5%- 
га өскен.
Бүдан  да  болжамның  орындалганын  кереміз,  ягни  ойын 
элементтерін 
енгізе 
отырып 
өткізгенде 
форманың 
тиімділігі 
жогарырак болды.
Қазақ  үлтгық  ойын  элементтері  енгізіле  отырып  жүргізілген 
әлеуметтік-психологиялык 
тренинггің 
тиімділігін 
аныктау 
максатында  қолданылган  әдістемелерден  алынган  нэтижелердің 
көмегі  арқылы  казақ  үлтының  студенттер  жэне  окушылар  өкілдерінің 
коммуникативті  іскерліктерін,  жеке  адамдық  қасиеттерін  дамытудагы 
элеуметтік-психологиялық  тренингтің  үлттык  ойын  элементгерін 
енгізе  отырып  өткізгендегі  формасының  тиімділігі  жогарырак 
болгандыгын көреміз, ягни болжам орындапды.
Жогарьщагы  пайымдауларымыздан  төмендегідей  қорытындыга 
келуге  болды:  Қазактардың  құндылық  багдары  оның  түрмыс-салт 
ерекшеліктеріне,  ягни 
бала  тэрбиесі 
мен  окыту  білім  беру 
процестеріне тікелей әсер етеді.
Жас  өсіп  келе  жатқан  қогамның  мүшесі  -  бапа  санасындагы 
қүндылыктар жүйесін отбасынан, ата-анадан,  мектептен жэне басқа да 
элеуметтік институттар аркьшы меңгереді.
Қүндьшықтар  көрсеткіші  дегеніміз  не?  -  деген  сүраққа  педагог- 
галымдар:  Н.С.  Әлқожаева  мен  Н.Ә.  Түйебақова -  «Қарапайым  тілмен 
айтқанда,  езінің  ішкі,  тек  кана  өзіңізге  тән  басшылыққа  алатын 
сеніміңіз.  Қүндылықтар  көрсеткіші  -  бүл  біздің  мынау  дүрыс,  мынау 
бұрыс, 
мынау 
қарапайымдылық, 
мынау 
катыгездік, 
деген 
сенімдеріміздің 
қалыптасқан 
жүйесі», 
-дейді 
[223,116]. 
Бүл 
пайымдаулар  ешбір  дәлелдеусіз  турмыстық  багдарлаудан  туындаган 
тұжырымдар.
218

Халық еміріндегі  ұлттық өзіндік  сананың қалыптасуымен тығыз 
байланысты  факторлар:  салт-дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар.  Осылардың 
халықтың  тұрмыстық  катынасында  колданылуы  барысында  әсер  ету 
механизмдері  анық көрінеді.
Халыктың  салт-дэстүрлері  арқылы  оларга  тэн  мінез,  танымдық 
жэне  психикалық  қалыптық  ерекшеліктерін  көруге  болады.  Ендеше, 
бұлар  эр  ұптгың  өзіне  тэн  ұлттық-психологиялық  ерекшеліктерін 
қүрайды.  Оны сол ұлтгың ұлтгық өнерлері:  би өнерінен, қол  өнерінен, 
ою-өрнектерінен, 
зергерлік 
әшекейлерінен, 
сонымен 
қатар 
шаруашьшықгарынан, 
тұрмыс-салтынан, 
қарым-қатынас
ерекшеліктерінен  аңғаруға  болады.  Міне,  осы  айтылғандардың 
барлыгы  ұлттык  сана-сезім  негізі  этностык  жаңсақ  нанымдарды  ұпт 
өкілі бітісінде қалыптастырады.
Халықтық  рухани  үйлесімділіктегі  сүлулықты  дұрыс  түсінуінін 
психологиялық  маңызы  да,  міне,  осында  болса  керек.  Яғни,  ертегі 
сұлулықгы  адамгершілік  үғымымен  дұрыс  кабылдауға,  айналадағы 
ортаны  эстетикалык  жэне  моральдық  тұрғыда  багалай  білуге 
тэрбиелеумен  бірге,  «Адамның  сүлулығы  -   ісінде»  деп  ескертуді  де 
ұмытпайды.  Ертегілерде  суреттелген  туған  жер  байлығы,  табигат 
сұлулығы  мен  ғажайып  көріністері,  адамдардың  үлгі  істері,  ақыл- 
парасатыб  ертедегі  батырлардың  өз  халқының  бақыты  үшін  күресі, 
киген  киімі,  мінез-құлқы  пайдаланған  қару-жарағы,  мінген  аты, 
музыкалық  аспаптардың  әуендері  балагтарға  жақсы  жэне  жаманды 
айыра білуге,  сұлулыкты  сезініп түсінуіне,  вмірді  ерте танып  білудегі 
жаңсақ нанымдарды  калыптастыруға түрткі болады.
Үлтгық  ойындар  -  адамның  тарихи  өмірімен  тығыз  байланыста 
жэне  үнемі  даму,  жаңару  үстінде  болады.  Сондықган  да  ойын  адам 
өмірінде  маңызды  орын  алады.  Ғалымдарымыз  көрсеткендей, 
ойындар,  оның  ішінде,  казақтың  үлттық  ойындары  адамды  түлға 
ретінде  қалыптастыруда  ұлкен  маңызды  құрал  екендігі  байқапды. 
Себебі  ұлттық  ойындарды 
тренинг  мазмұнына  енгізіп,  белгілі
мақсатта  жүргізудің  өте  нәтижелілігін  зерттеулеріміз  нақтьшы 
көрсетті.  Бүл  қолданыс  үлттық  сана-сезім  компоненті  -  жаңсак 
нанымдардың 
қалыптасу 
генезисін 
анықтауға 
үйымдастыру
теориясының (Курдюмов) ұтымды нэтиже беретіндігін аңғартты.
Ал,  біздің  зертгеулеріміз  ұлттық  тұлғаның  қалыптасуындағы 
мэдени-әлеуметтік 
құндьшыктардың 
рөлін, 
ондағы 
жаңсак 
нанымдардың  пайда  болуы  ұлттық  мінездің  негізгі  сапалары  - 
Конақжайлық, 
қайырымдылық, 
қамқорлық, 
бір-біріне 
деген
сүйіспеншілік,  ата-анаға, 
туған-туысқа 
деген 
көзқарастардың
қалыптасуындағы  рөлін  нақтылы  көрсетгі.  Үлттык  құндылыктардағы
219

ертегі,  мақал-мэтелдер,  жұмбақтар  мен  өлеңдердін,  ойындардың 
негізгі  факторлар екендігін анықтады.

ТҮЛҒ АНЫЦ 
ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІНДЕ
ӘЛЕУМ ЕТТЕН УІНДЕ 
ЭТНОСТЫ Қ 
Ж АҢСАҚ
Н АНЫ М ДАРДЫ Ң КӨРІНУ ДИНАМ ИКАСЫ
4.1 
Оқыту 
-  
түлғаны ң 
таны мды к 
іс-әрекетін 
ұйымдастыруш ы  процесс
Этностык  жаңсақ  нанымдардың  тұлға  санасында  қалыптасуы 
және 
танымдық 
іс-әрекетте 
өзгеруі 
оку-тәрбие 
процесіндегі 
әлеуметтену  жолында  да  жүзеге  асады.  Себебі  оку-тэрбие  процесі  - 
адамның  этностық  қасиеттерінің  қапыптасуына  негіз  болатын  бірден- 
бір фактор.
Бұл  тарауда  оқытудың  ұлттық  бағытта  болу  негіздері  ашылып, 
окудағы  әлеуметтену  процесіндегі  нәтижеліліктің  окушының  ішкі 
жэне сыртқы түрткілеріне байланыстылығы талданады.  Бұл талдаулар 
да  баланың  мектепке  дейінгі  кезеңінен  студенттік  есею  кезеңіне 
дейінгі  танымдық  қалыптасуы  жэне  үлттық танымының  даму,  жетілу 
деңгейі  көрсетіледі.  Сонымен  қатар,  эр  кезеңдегі  танымдық  іс- 
эрекетіндегі  этностык  жаңсақ  нанымдардың  көрінуі  мен  даму 
динамикасы зерттеліп, анықталады.
Қазақстан  Республикасының  2015  жьшға  дейінгі  білім  беруді 
дамытудың  түжырымдамасындағы  негізгі  мақсат: 
«қоғам 
мен
түлғаның  қажеттілігін  қанағатгандыратын  және  дүниежүзілік  білім 
беру  кеңістігінде  сабақтасатын,  көпдеңгейлі  үзіліссіз  білім  берудің 
ұлттық 
моделін 
қалыптастыратын 
білім 
берудің 
дамыту 
стратегиясының  моделін  анықтау»  деп  керсеткен  [224,6].  Ал,  ҚР- 
ндағы  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында,  көпдеңгейлі  білім  берудің  үлттык 
жүйесін  қалыптастыруды  көрсеткен  [225,35].  Осыған  орай  балашақ 
үлт өкілін қапыптастыру  үлесі  білім беру жүйелеріне  негізделмек. Сол 
себепті  жас  ұрпақгың  білім  беру  орындарында  ұлттық  әлеуметтену 
процестері оқыту мен тэрбиелеу  мазмұндарында жүзеге асады.
Окыту  процесі  өз  құрылымына  мақсат,  міндет,  мазмұн,  әдіс, 
тэсіл,  қүрал,  оқытудың  ұйымдастыру  формасы,  оқу  іс-эрекетін 
белсендіру  эдістері  жэне  тиімді  бақылау  жұмыстары  үғымдарын 
негізгі  компонент  ете  отырып,  көптеген  ғылымдардың  оның  ішінде 
психология  мен дидактиканың зертгеу объектісі  болып отыр.
2 2 0

«Оқыту  -   шәкірт  пен  ұстаздың  өзара  бірлесіп,  ынтымактасып 
жасайтын  ортак  іс-әрекеті.  Окыту  -   мұғалімнің  тэлім-тәрбие  берудегі 
басты эрекеті  болса, оку - шэкірттің дүниені танып-білуге багытталған 
өзіндік әрекеті.
...  оқу  -   еңбек  эрекетін  орындауға  қажетті  білім,  дағды, 
икемділіктер жүйесін  игеру процесі», - дейді Қ.Жарықбаев  [226,110].
Дидактиканың  негізгі  қарайтын  мәселелері:  оқьггу  процесінің 
зандылығын  ашу,  білімнің  мазмұнын  анықтау,  оқытудың  барынша 
тиімді  эдістері  мен  ұйымдастыру  түрлерін  жасап  шығару  болып 
табылады.  Оқыту  процесі  эрқашанда  мұғалімнің  басшылығымен 
өтеді.  Соның  негізінде білім  алу,  іскерлік  пен  дағдылану  процестері  - 
окушынын  ез  кызметі.  Оку  барысында  адамдар  белгілі  практикалык 
жэне  теориялык  білімдермен  қамтамасыз  етіледі.  Осындай  оку  іс- 
эрекетінде  екі  жақты  қызмет  көзге  түсіп,  негізгі  іс-эрекет  нәтижесін 
көрсетуге қозғаушы күш бола алады.
Мұғалімнің  қызметі  оқудың  ішкі  механизмдерін  білуіне,  оқу 
процесінің  барысында  өздері 
қабылдап 
алған  барлық  білім, 
түсініктерін  оқушылардың  сана-сезімдеріне  қандай  эрекет  әсер 
ететінін түсінуіне негізделген кезде гана тиімді болуы мүмкін.
Кейінгі  жылдары  ғылым  мен  техниканың  өсіп-жетілуіне 
байланысты,  онымен  қатар  дидактикаға  «ұлттық  педагогика»  ұғымы 
енуіне  байланысты  оқу  процесінің  теориясы  үдемелі  қарқынмен 
жасапуда.  Оқушылардың  сыртқы  эрекетіне,  өзін  көрсете  білуіне 
негізделген  таным 
процестерінің  барысын  сипаттау, 
олардың 
дүниетанымдағы  ұлтгык  реңінің  болуын  сипаттау  туралы  көптеген 
байкаулар мен тэжірибелік зерттеулер жинақталуда.
Жалпы  оқыту  -  оқу  процестерін  талдауға  осы  көзқарастар  арқау 
бола  алады.  Оны  өз  қолына  алып  карастырган  казіргі  заманымыздың 
белгілі  дидакты  Ч.Куписевич  [227].  Ол  окыту  процесінің  жаңа 
моделін  топтастырып,  оған  көптеген  оқыту  теорияларын  енгізген.  Ең 
бірінші  дидактикалық  жүйеге  мүгапімнің  атқарушы  -  негізгі  рөлін, 
оқушының  жанама  рөлін  көрсеткен.  Оның  негізін  салушы  Иоганн 
Гербарт  (1776-1841),  белгілі  неміс  педагогы  жэне  философы.  Ол 
А.Белл,  Я.Коменский,  И.Песталоцци  георияларына  сүйене  отырып, 
оқытудың тэрбиелеушілік теориясын ашқан [228,9].
Окушының  негізгі  білім  алуы,  оқу  нәтижесі  мұғалімнің 
қызметіне 
байланысты. 
Себебі 
оқытушы 
оқьггу 
процесін 
ұйымдастыруда 
оқушылардың 
өзіндік 
бағыттылыгын, 
ішкі 
түрткісінен  туындайтын  қызыгушылығын  ескеріп  отырады.  Сонымен 
катар,  оқытушы  өзара  әрекетте окушылармен дүрыс  қарым-қатынаста 
болуы  қажет.  Бұл  жөнінде  қазақ психологы  М.  Мұқанов  былай  деген:
221

«Күнделікті  тәжірибеде  педагогтык  шеберлік  дегеннің  өзі  эр  түрлі 
магынада  айтылады.  Мысалы,  кейбір  мүғалім  өз  пәнін  жетік  білсе, 
жүрт  осыны  да  шеберлік  дейді.  Бүл  -   шеберлікке  жататын 
болғанымен,  «педагогтык  шеберлік»  деген  үғымның  негізгі  белгісі 
емес.  Педагог  мамандығына  сай  шеберліктің  негізгі  белгісі  -   мүғалім 
өзінің  жүмысындағы  қолданатын  сөздерін  окушыларға  түгелдей 
жеткізе  алуы  болып  есептелінеді.  Сондықтан  педагог  мамандыгына 
сай  шеберлік,  негізінен,  жүмыс  үстінде  оқушылармен  дүрыс  қарым- 
қатынас жасай алудағы ептілік»  [229,190].
Қазіргі  заманымыздың  білікті  психолог-ғалымы  С.Жақыпов 
көрсеткен  оқыту 
процесінің  үшінші 
бағыты 
алгашқы 
екеуін 
жинактаумен жүзеге асады.  Осыдан  оқу  процесі  мен  окыту  процесінің 
органикалық үйлесуі пайда болады  [230,20].
Ұрпак тәрбиесі  -   келешек  қоғам  мүрагерлерін  тәрбиелеу  ісі.  Ол 
мемлекеттік  маңызы  зор,  аса  жауапты  іс-әрекет.  Дені  сау,  сезімі 
сергек,  ақыл-ойы  жетілген  жан-жақты  абзал  азамат  өсіру  ісі 
халқымыздың  ғасырлар  бойы  аңсаған  арманы  болып  отыр.  Бүл  арман 
болашак  үлттық  үрпақты  тәрбиелеп,  үлттық  өзіндік  санасын 
қалыптастыруда 
халыктық 
қүндылықтар 
мен 
әдет-ғүрыптарды 
олардың  бойына  жаңа,  заман  талабының  сүраныстарына  сай 
марапатгау, 
сіңіру 
қажет. 
В.Г. 
Белинский 
салт-дэстүрлердің 
өміршендігі  женінде  былай  деген:  «Әдет-ғүрып  замандар  бойынан 
өтеді.  Өз  дәуірінде  ардақталып,  ата-бабадан  әулетке  мүра  болып 
ауысып,  рудан-руға, үрпақтан-үрпаққа жетеді.  Олар халықтың сыртқы 
бейнесі  болып  табьшады.  онсыз  халық  бет-әлпетсіз  бейне,  болымсыз 
тас  мүсін  тэрізді»  [231].  Мектеп  оку-тэрбие  істеріндегі  осы 
инкультурациялық трансмиссия  процесін де (М.Херсковиц)  мектептің 
психологиялық  қызмет  ету  бөлімі  қадағалауы  керек.  Себебі,  тәрбие  - 
тэн,  рух,  жан  тазалығын  реттейтін  күрал,  ал  қапыптастыру  -   осының 
ретгелу заңдылықтарын анықтайтын_механизм.
Яғни 
оқу-тәрбие 
процесінің 
мазмүны 
этномэдени 
қүндылықтарга  негізделуі  керек.  Ол  дегеніміз,  біріншіден,  мектеп 
пэндерінің  мазмүны,  мектеп  оқу-тэрбие  жүмысының  мазмүны, 
мектептегі  қарым-қатынасты  реттеу  жэне  баскару  мазмүны  жэне 
мектеп  ережелері 
мен  дэстүрлік  іс-эрекет, 
шаралар  мазмүны 
үлт т ы қ-мәдени-т арихи-элеумет т ік 
сабактастыққа 
негізделуі 
керек.  Мэселен,  математика,  химия,  биология,  еңбек  т.б.  сабақтар 
мазмүнына  үлтгық-тарихи-элеуметгік  қүндылықтар  элементгерін 
еңгізе  отырып,  үлттық  түлганы  қалыптасгыру.  Сабақ  мазмүнына 
казақтың  айран  үйыту,  қүрт-ірімшік дайындау,  тері  илеу  жэне  киіз үй 
қүру 
элементтерін 
енгізіп, 
баланың  үлттық  өзіндік  санасын
2 2 2

қалыптастыруға  болады.  Егер  де  оқу-тәрбие  беру  процестерінің 
мазмұны  осы  айтылған  ретте  ұйымдастырылатын  болса,  келешек 
ұрпактың  ұлттық  тұлға  болуы  жэне  оның  бойында  патриоттық, 
интернационалдық  мінез  бітістерін 
қалыптастыратын  этностық 
жаңсақ нанымдары да болмақ.
Осы  ойды  халқымыздың  ұлы  жазушысы,  ойшылы  қаламгер 
М.Омарханұлы  еңбектерінен  көруге  болады:  «...  тэрбиелік  халықтык 
жағдайлар,  ортаның  өзгеруімен 
қатарласа,  ілесе  адамның  ез 
психикасы мұмкіндігінше басқа сапаға ауысып, өзгере береді... ұлттық 
ерекшелікті  ұдайы  бір  қалыпта тұратын,  айнымайтын  күй деп  қарауға 
болмайды.  Оның  көп  жайларын  ұдайы  қозгалыс,  өзгерісте  болатын 
диалектикалық  прогресс  деп  тануымыз  керек  жэне  осы  тұрғьща 
болашаққа  із  қалдыру  қажет»,  -  деген  ойынан,  ұлттық  психология 
қоғамдық-элеуметтік  прогресс  барысында  өзгеріске  ұшырап,  жана 
мазмұнға көшіп отыратындығын байқаймыз [232].
Жас  ұрпақты  ұлт  өкілі  етіп  оқыту  және  тәрбиелеу  негізі  - 
олардың  бойында  ізгілік  пен  адамгершілікті  қалыптастыру.  Бұл 
қасиеттер 
оның 
қайырымдылығымен, 
адалдығымен, 
камқоршылығымен,  инабаттьшығымен  жэне ізеттілігімен  аныкталады. 
Бұл  касиеттер  жас  ұрпақтың  санасында  жамандық,  зұлымдық, 
арамдық,  эділетсіздік,  жаукештілік,  қастық  т.с.с.  теріс  жаңсақ 
нанымдардың  пайда  болуына  жол  бермейді.  Ғалымдар  Қ.Жарықбаев 
пен  С.Қалиевтер  өздерінің  «Қазақ тэлім-тэрбиесі»  атгы  еңбектерінде: 
«Адам 
баласы 
қоғамда 
өзінің 
адамгершілік 
қасиеттерімен, 
кайырымдылығымен,  адалдығымен,  эділеттілігімен  ардақталады. 
...Адамгершілік  қасиеттің өзекті  мэселесі - қайырымдылық, достық»,  - 
деп көрсеткен  [233].
Тәрбие  жұмысында  окушыны  эр  түрлі  пайдалы  әдеттерге 
жатгықтьфу  айрықша  орын  алады.  Тэрбиенің  нэтижелі  болуы 
тэлімгердің  оқушыны  өз  қызметінде  қаншалықты  икемдей  алуына 
байланысты.  Оку  іс-әрекетінің  эр  кезеңі  ұлттық  реңге  негізделген 
бағытта  болуы,  оның  бала  қызығушылығымен  сэйкес  келуі  жұмыс 
нәтижелілігін  қамтамасыз ету  шарты.  Себебі  қандай эрекет болмасын, 
оқушының  эдет-дағдысына айналатындай  жұмыстар  жүргізілуі  керек. 
Ұлт  болашағы  бүгінгі  оқушыларымыздың  білім  мен  біліктілігіне, 
санасы  мен  тәрбиелілігіне  байланысты.  Әр  пэнді  оқыту  кезінде 
сабақты  қазак  халқының  тұрмысы,  әдет-ғұрпы,  дэстүрлерімен  шебер 
ұштастьфып,  шэкірт  бойына  ұлттық  мақтаныш,  ұлттық  патриотизм 
сезімін  қалыптастыратындай  жаңсак  нанымдар  пайда  болатын  ішкі 
түрткілердің  тууына  жағдай  жасау  қажет.  Себебі  бұл  оқу-тәрбие
223

процесінде  эртүрлі  ұлттык  шаралар  негізінде  этникалык  элеуметтену 
процесінен өтеді.
Осы  мәселелерді  кезінде  белгілі  гальш-педагог,  публицист 
М.Жұмабаев та  өзінің  «Педагогика»  кітабында тәрбие саласын  төртке 
бөліп:  «дене,  жан,  акыл,  сүлулуық  пен  эдет-гұрып  тэрбиесі»  деп, 
«Баланы  тэрбиелеушінің  дэл  өзіндей  қылып  шыгару  емес,  келешек 
заманына лайық қылып шыгару», -деп бөлген  [143].
Ұлт  өкілінің  бірден-бір  белгісі  -   оның  ұлттык  санас-сезімінің 
қалыптасуы.  Ұлтгық  сана-сезім  адамның  тұлга  ретіндегі  «дайын» 
субъектілік  аныкталуы.  Ендеше,  сол  ұлттық  сана-сезімді  қандай 
компоненттер  құрайды,  олар  калай  көрінеді  жэне  адам  өміріндегі 
жагдайларга  байланысты  қандай  өзгерістерге  ұшырайды  деген 
сұрақтарга жауап  табуымыз  керек.  Сонда гана оқу  процесінде ұлттық 
міне-құлық  қасиетгерін  бала  бойында  қалыптастыруга  мұмкіндік 
аламыз.  Осы  айтқанымызды  Л.С.  Выготскийдің  «баланың  мэдени 
дамуы  екі  рет,  екі  тұргыда  көрінеді:  әуелі  -  элеуметгік,  сонан  кейін  -  
психологиялық, 
алдымен 
адамдар 
арасында 
интерпсихикалық 
категория 
ретінде, 
содан 
кейін 
баланың 
ішкі, 
өзіндік, 
интрапсихикалық  категория  ретінде  жүзеге  асады»,  -  дегенімен 
дәлелдей аламыз  [234,101].  Себебі мектеп бала ушін негізгі әлеуметтік 
ортасы. 
Ал, 
бастауыш 
мектеп 
баланың 
«түлга» 
ретінде 
қалыптасуының негізі ұйымдастырушы «қалып».
Оқу  процесінде  ұлттық  сана-сезімнің  ішкі  компононтгері 
«ұлттық  таптаурындар»,  «үлттық  багыт»,  «тұлгапық  багдар»  жэне 
«этностық  жаңсақ  нанымдардың»  пайда  болуын,  керінуін  жэне 
өзгеруі  немесе  тұрақтылыгы  бастауыш  сыныптың  өзінде-ақ  жаксы 
көзге түсетіндігі біздің зерттеулерімізде аныкталды.
Осьшардың  ішіндегі  ең  негізгі  ұлтгық  өзіндік  сананың  іргетасы
-   этностық  жаңсақ  нанымдар.  Сол  себептен  ұлтгық  сана-сезімді 
қалыптастыруды  да,  даму  деңгейін  анықтауды  да  осы  индивидтік 
компоненттен бастауымыз керек.
Ж.Наурызбай  педагогика  гылымдарының  докторы,  профессор 
өз  кітабында (1995):  «Қай халык үшін де ұлы  мұрат -  ана тілі  мен төл 
мәдениетін  сақтау  жэне  болашаққа  аманаттау  міндеті  -  ең  алдымен 
білім  беру  саласымен  байланысты»,  -  дейді  [236].  Ендеше,  Қазақстан 
сияқты  көп  ұлтгы  мемлекеттің  білім  беру  саласы,  оқыту  қызметі  осы 
істерді жүзеге асырушы  педагогтердің алдына үлкен талап қояды.
Осыган  орай  мектептегі  оқу-тэрбие  жұмыстарын  бүгінгі  таңда 
ұйымдастыру  жолдары  Жұмагали  Наурызбайдың  «Этномәдени 
кеңістіктегі білім беру» тұжырымдамасы, психология жэне педагогика 
гылымдарының 
докторы, 
профессор 
Құбыгұл 
Жарықбаевтың
224

«Студенттерге  этнопсихологиялык  білім  беру»  тұжырымдамасы, 
психология 
гылымдарының 
докторы, 
профессор 
Сатыбадцы 
Жакыповтың  «Оқыту  процесін  басқарудагы  жаппы  магыналық  қор 
құру» тұжырымдамалар негіз болады.
Ұлттык 
тұлганың 
сана-сезімінің 
қалыптасуына 
нақтылы 
факторлар,  әлеуметгену  институттары,  онтогенетикалық  дамуы  әсер 
етеді  дейміз.  Ендеше,  тұлғаның  этноәлеуметтену  процесінде  онын 
негізгі 
ұлттық 
болмысының 
ілкі 
көрінісі, 
оның 
тұпғалық 
бағытгылыгын  белгілеуші  феномен  этностық  жаңсақ  нанымдар  дей 
аламыз.  Себебі  тұлга  өзінің  әлеуметтік  ортасында  элеуметгене 
отырып танымдық  процестер  арқылы тұлғалық  қалыптасу  барысында 
көптеген  ұлттық  қасиеттерді,  белгілерді  өз  бойына дарытып,  сіңіреді. 
Соган  байланысты  өз  халқы,  елі-жұрты,  отаны  жайлы  түсініктері 
толығып, аңғарылмаған түсініктері болса езгеріске ұшырайды.
Жоғарыдағы  тұжырымдамалардың  негізінде  үлттыц-мәдени- 
тарихи-әлеуметтік  сабактастықтағы  ұлттық  тұлғаның  этностық 
жаңсақ  нанымдарының  қапыптасу  жүйесінің  моделін  төмендегідей 
көрсетуге болады:
19 С урет  -  Ү л т ты к  т ү л ган ы ң  этноэлеуметтену  процесіндегі этн осты к 
ж аң сак н ан ы м дарды ң   кал ы п тасу  моделі
Бұл  суретте  ұлттық  тұлганың  оку-тэрбие  жүйесіндегі  этностық 
әлеуметтену 
процесінің 
барысында 
үлтгық 
өзіндік 
сананың
225

компоненті  ретінде  этностык  жаңсак  нанымдардың  калыптасуын 
көруге болады.
Ю.К.  Бабанский  көрсеткен:  «Оқу  мен  оқыту  бірлігі-  оқыту 
процесінің 
зандылығы 
болып 
табылады» 
деген 
тұжырым, 
дидактиканың  саналылық,  белсенділік,  өзбетіншілік  принциптерінен 
туындайды  [235,9].  Мұндағы  айтыпып  отырған  «оқу»  мен  «оқыту» 
ұгымдары 
оқушы 
мен 
оқыгушыньщ 
қызметі 
тұргысынан 
түсіндіріледі.  Біз  қарастырып  отырған 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет